Қазақстанда Visa Everywhere Initiative – финтех-стартаптарға арналған жаһандық инновациялық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Visa Everywhere Initiative стартаптарға төлемдер мен коммерция саласындағы ең өзекті міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ақшалай жүлделер алып, өз компанияларын жаһандық деңгейде танымал етуге және әлемдегі ең сенімді брендтердің бірінен танылуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 19 сәуір 2023 ж. – Қазақстанда Visa Everywhere Initiative 2023 (VEI) – ашық инновациялардың жаһандық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, оның барысында стартаптар төлемдер мен коммерция саласындағы болашақтың міндеттерін шешуге арналған өздерінің озық өнімдерін ұсынады. Өтінімдерді қабылдау 14 мамырға дейін сайтында жалғасады.

Ақшалай жүлделермен қатар, VEI жеңімпаздарына Visa әріптестерінің банк, сауда, венчурлық және мемлекеттік салаларындағы кең көлемді желісіне қолжетімділік ұсынылады. Сондай-ақ жеңімпаздарға ең сенімді әрі құнды жаһандық брендтердің бірінен танылуға мүмкіндік беріледі.

Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (CEMEA) өңіріндегі іріктеу финалы 27 шілде күні тікелей эфирде TechCrunch сайтында – технологиялық сала мен стартаптардың экожүйесіне маманданатын жетекші онлайн-басылымда көрсетілетін болады. Конкурстың өңірлік кезеңінде жеңіске жеткен стартап 19 қыркүйек күні Сан-Франциско қаласында (АҚШ) TechCrunch Disrupt конференциясында өткізілетін жаһандық финалға қатысады.

Биылғы жылы конкурста CEMEA өңірінде алғаш рет қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару саласындағы марапат табысталатын болады – Fintechs Innovating in Risk Excellence, немесе FIIRE сыйлығы. Emirates NBD әріптестігімен бірлесе отырып, Visa арнайы номинация аясында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік және несиелік тәуекелдерді басқару сияқты салаларда жаһандық финтех-ойыншыларды іздестіреді. Visa және Emirates NBD өкілдерінің бірлескен бағалауынан кейін жеңімпаз жоба 25 000 АҚШ доллары көлемінде жүлдеге ие болып, өңірдің жетекші банкі – Emirates NBD банкімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Visa Everywhere Initiative байқауы – бұл финтех-компанияларға және кәсіпкерлерге төлемдер мен коммерция саласындағы ең жаңашыл әрі тиімді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін платформа, - деп атап өтті Кристина Дорош, Орталық Азия елдері мен Әзірбайжандағы Visa өңірлік менеджері. — Финтехтердің әлеуеті орасан зор: жоғары технологиялық инновациялық шешімдердің арқасында олар жұмыс істейтін нарықта кең әлеуметтік артықшылықтарды беруге қабілетті, әсіресе дәстүрлі түрде қаржылық қызметтермен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендерге қаржылық қызметтерді ұсыну туралы сөз қозғалған жағдайда. Біз Visa компаниясында цифрлық экономикаға қолжетімділік әділ және инклюзивті өсуге жәрдемдеседі деп, ал VEI байқауы бұл бағытта жетекші рөл атқаратын жаңашылдарды қолдаудың маңызды құралы болып табылады деп санаймыз».

2015 жылы VEI байқауы іске қосылған күннен бастап 100-ден аса елдің компаниялары 16 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде қаржыландыру алған, сондай-ақ бүкіл әлемнен 12 000-дай стартаптарды қамтитын комьюнити құрылды. Былтырғы жылы бес өңірден 4 000-нан аса стартаптар қатысқан байқау барысында 530 000-нан астам АҚШ доллары көлемінде жүлде қоры бөлінген болатын. VEI 2022 байқауының жеңімпазы ThriveAgric нигериялық компаниясы 100 000 АҚШ доллары көлеміндегі VEI Global басты жүлдесін, сондай-ақ 20 000 АҚШ доллары көлемінде Visa Direct арнайы жүлдесін алған еді.

VEI кез-келген ауқымдағы және саладағы бизнестер үшін төлемдер мен коммерция саласындағы шешімдерді ұсына отырып, жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтетін өршіл инноватор-кәсіпкерлерді іздейді, оның ішінде:

Біз қандай жобаларды іздейміз

Цифрлық қызметтерді ұсыну құралдары және цифрлық эмитенттер

  • Блокчейн және криптовалюталар
  • Краудфандинг
  • Банкинг қызмет ретінде (BaaS)
  • BIN демеушілері
  • Эмитенттер/процессорлар
  • Бағдарламалық менеджерлер

Цифрлық эмиссия

  • Блокчейн және криптовалюталар
  • Несиелеудің баламалы нысандары
  • Жеке қаржыларды басқару
  • Ақшалай аударымдар
  • Цифрлық банкинг (необанктер)
  • Цифрлық әмияндар, P2P-төлемдер және аударымдар
  • Қызметкерлерге арналған бонустар
  • Несиелік берешек
  • Корпоративтік карталар (шығындарды басқару)

Қаржы саласындағы сатушыларға және/немесе тұтынушыларға арналған қосымша функциялар

  • Деректер және талдама
  • Идентификациялау, аутентификациялау және қауіпсіздік
  • Сақтандыру аясындағы технологиялар (InsurTech)
  • Бейілділік бағдарламалары
  • Сауда сервистері және инструменттері
  • Төлемдерді өңдеуге және өткізуге арналған инфрақұрылым
  • Бөлшек сауда
  • Басқалар

Шағын және орта бизнесті қалпына келтіру

  • Ақша қозғалысы (ақшалай төлемдер, ішкі аударымдар (Intra-account), P2P жеткізушісі және төлемдер)
  • Цифрлық төлемдерді қабылдауға дайындық (электрондық коммерция және смартфонның көмегімен төлемдерді қабылдау)
  • Тәуекелдерді басқару (ақшаны қайтару және т.б.)
  • Бренд-менеджмент (қауымдастықтарды басқару және т.б.)
  • Басқалар

2023 жылғы жаңа санаттар:

  • Экология және тұрақты даму аясындағы финтехтер
  • Тәуекелдерді басқару
  • Қалалық ұтқырлық

2023 жылғы өңірлік жүлделер

  • VEI CEMEA Regionals бірінші орны: 20 000 АҚШ доллары
  • VEI CEMEA Regionals көрермендер көзайымы жүлдесі: 10 000 АҚШ доллары
  • VEI CEMEA Regionals тәуекелдерді басқару саласындағы арнайы аталым жеңімпазы: 25 000 АҚШ доллары

Жаһандық финалдың марапаттары мен ақшалай жүлделері

  • VEI Global абсолютті жеңімпазы: 50 000 АҚШ доллары
  • VEI Global көрермендер көзайымы жүлдесі: 10 000 АҚШ доллары
  • VEI Global – Visa Direct: 10 000 АҚШ доллары
  • Сонымен қатар, барлық 5 финалист TechCrunch Disrupt конференциясында Expo Hall фирмалық павильонында өз компанияларын ұсына алады.

Абсолютті жеңімпаз да, Visa Direct аталымындағы жеңімпаз да көрермендер көзайымы жүлдесінен үміттене алады.

Қазақстанда қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 14 мамыр.

Visa Everywhere Initiative туралы толығырақ ақпарат біздің сайтымызда қолжетімді.


Visa туралы ақпарат

Visa (NYSE: V) – электрондық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың амандығына және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикадағы барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өркендеуіне көмектесіп, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/ru_KZ сайтында.

БАҚ үшін байланыс деректері:

Данил Павленко
Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі аға менеджері, Орталық Азия және Әзірбайжан
[email protected]

 

Дания Утеева
Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз қызметі
PBN Hill+Knowlton Strategies
Тел.: +7 778 555 4124
[email protected]