Innovation

Төлем технологиялары: болашақ келіп те қалды

Төлем технологиялары: болашақ келіп те қалды

Бүгінде сарапшылар әлдебір Metaverse (айтпақшы, бұл туралы сіз не ойлайсыз?) өзінің валютасын пайдаланады және оның ақшасымен әлемнің кез келген басқа валютасы сияқты кез келген нәрсеге төлеу мүмкін болады деп шындап айтады. Сондай-ақ сарапшылар жақын арада біздің өмірімізде cash болмайды дегенге сенеді. Алыс болашақтағы нәрсе сияқты естіледі ме? Бірақ шындығында бұл күн алыс емес.

Болашақтың басталып кеткенін түсіну үшін қазіргі әлемдегі нәрселерге назар аударудың өзі жеткілікті. Технологиялардың ыңғайлы болғаны сонша, біз мұны өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде қабылдаймыз. Естеріңізде болса, күні кешеге дейін бухгалтериядан жалақы алу немесе поштада коммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін қолма-қол ақшамен қарапайым төлем операциясын жүргізу үшін талай рет кезекте тұрғанбыз.

Ал бүгін ше?

●       Тіпті базардағы фермерлік өнім сатушыға да телефон нөмірі арқылы ақша аударымын жасаймыз.

●       Үйде ыңғайлы пижамамен жүріп, бес минутта банктік шот аша саламыз.

●       Өз бизнесімізді бастаймыз және әдеттегі төлем терминалы ретінде ең арзан смартфонды пайдаланамыз.

●       Қай жерде жүрсек те, кез келген зат сатып алып, ақысын көптеген тәсілмен төлеуге мүмкіндігіміз бар.

Кешегі Sci-Fi технологиялары ертең-ақ (кейбіреулері бүгін де) өміріміздің бір бөлігіне айналады және төлем процестерін әлдеқайда қолайлы және ыңғайлы етеді.

Контактісіз төлемдер

Күні кеше ғана біз әмиянымызда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын төлеу үшін керек тиындардың бар болуын қадағалап жүрген едік. Бүгін контактісіз төлем технологияларының арқасында біз автобуспен жүру ақысын,  кафедегі шотты және тіпті үй маңындағы базардан алынған көкөніс ақысын қолайлы тәсілмен төлеп жүрміз. Технологияның кең таралғаны сонша, елімізде 10 транзакцияның 8-і контактісіз іске асырылады, ал смартфонды төлем терминалына айналдыратын Visa Tap To Phone шешімін енгізудің арқасында контактісіз төлем жасаудың бұдан да көп мүмкіндігі пайда болуда. Бүгінде Қазақстан – желіге қосылған орын саны жағынан, сондай-ақ телефонды терминал ретінде пайдалану арқылы жүргізілетін транзакциялардың саны жағынан да Visa Tap To Phone технологиясының дамуы бойынша әлемдік көшбасшы.

Ал ертең ше? Сарапшылардың болжамы бойынша, пластик карталар алдағы 10 жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін. Оның орнына виртуалды карталар мен басқа төлем түрлерін пайдаланатын боламыз. Қазірдің өзінде цифрлық картаны банк бөлімшесіне баруға уақыт жұмсамай-ақ телефондағы банктік қолданба арқылы шығаруға болады.

    

Биометрия

Кеше ғана, жалақы алған күні технологиялар мен өз жадымызға сенбей, картадағы бүкіл ақшаны шешіп алып қоятынбыз (банкомат алдында тұрып, құпиялы төрт цифрды есіңізге түсіруге тырысқан жағдай басыңыздан қанша рет өтті?). Ал бүгін біз құпиясөзді – Ежелгі Римде осыдан 2000 жыл бұрын ойлап табылған технологияны пайдаланудан биометрияға – активтерді, есептік жазбаларды және цифрлық қатысудың қалған бөлігін қорғаудың әлдеқайда жетілдірілген жүйесіне көштік. Банктер, төлем жүйелері биометриялық технологияларды белсенді түрде енгізуде – мысалы, Apple Pay әлде Google Pay цифрлық әмияныңыздағы арқылы төлем жасау үшін смартфон экранына бір рет қараудың өзі жеткілікті.

Ал ертең ше? Адамды саусағы арқылы ғана емес, алақаны, көзінің нұрлы қабығы және дауысы арқылы да сәйкестендіру мүмкін болады. Оған қоса, мінез-құлық биометриясы дамиды, өйткені мінез-құлық – адамды анықтап танудың ең көп қырлы тәсілі. Биометриялық технологиялар зерттеуінің арқасында аутентификация процесін неғұрлым сенімді, ыңғайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік туады. Бұл қашан болады? 2019 жылы Украинада алғаш рет әр түрлі бөлшек сауда желілеріне арналған FacePay24 деп аталатын биометриялық төлем технологиясы назарға ұсынылды, ол зат сатып алғанда ақысын қолма-қол ақшасыз, төлем картасынсыз және смартфонсыз – адам бетінің фотосуреті арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Бұл Visa мен ПриватБанк, Украинадағы ең ірі банктың ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Ал биылғы күзде Мәскеу метросының жолаушылары жол ақысын биометрия арқылы төлеу мүмкіндігіне ие болды, ол үшін турникеттегі камераға қарау жеткілікті. Және бұл жаңалықтың басы ғана.

Заттар интернеті

Күні кеше ғана біз сатып алынуы керек нәрселердің тізімін блокнотқа жазып алып жүрдік, негізгі азық-түлікті сатып алуды балаларға тапсыратынбыз, ал бүгін интернет-дүкендердің қызметін пайдаланамыз, затты сатып алып, оның ақысын смартфон немесе ноутбук арқылы төлейміз және барлық қажетті заттарды белгілі бір уақытта пәтеріміздің есігіне дейін жеткізуге тапсырыс береміз.

Ал ертең ше? Тоңазытқышты қандай өнімдермен толтыру керегі туралы шешім қабылдауды жасанды интеллектіге сеніп тапсырамыз. Тоңазытқыш үйіңізде сүт таусылғанын түсініп, оған өз бетінше тапсырыс беріп, қаражатты есепшоттан алуға бастамашылық етеді. Ал арғы күні тоңазытқыш, кіржуғыш машина және микротолқынды пеш тек тапсырыс беріп қана қоймай, төлем жасау туралы ақпарат алмасатын болады.

Visa Direct

Күні кеше ғана туыстарымызға, оқу-білім қуып басқа қалаға немесе басқа елге кеткен студентке ақша аудару үшін пошталық аударымды пайдаланып жүрдік. 1998 жылы тұңғыш рет ақша онлайн режимінде аударылды, ал бүгінде Беларусь, Украина, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан – P2P ақша аударымдарының саны мен көлемі бойынша көшбасшы.  Оның үстіне, ақша аударуды және өмірімізді анағұрлым жайлы ететін технологиялар дәл бізде дамып келеді.

Ал ертең ше? Карта нөмірінің орнына телефон нөмірін пайдаланатын бастыдық болдық. Visa Direct технологиясының көмегімен тек қана ел ішінде емес, сонымен қатар дүние жүзі бойынша ақшаны тиімді, қауіпсіз және іркіліссіз жіберуге және алуға болады.

Токенизация

Күні кеше ғана жеке деректеріміздің жайылып кетуінен және қаражаттың ұрлануынан қорқып, интернет-транзакцияларға арналған қосымша немесе арнайы банктік картаны ашатынбыз. Бүгінгі таңда сатып алушыларға ыңғайлы болуын және онлайн-сервистер үшін төлем ақпаратын қауіпсіз пайдалану мен сақтауды Visa Token Service технологиясымен қамтамасыз етеді.  Токенизация – бұл, ең алдымен, қауіпсіздікке қатысты шара. Бұл технологияның көмегімен пайдаланушы дүкендерде, сайттар мен қолданбаларда зат сатып алу ақысын тез және ыңғайлы түрде төлей алады. Сондай-ақ, жеке деректерінің жайылып кетуіне алаңдамаса болады. Өйткені сатушыға банктік картаның нөмірі берілмейді, оның орнына картаға токен – транзакцияны аяқтау үшін пайдаланылатын цифрлардың бірегей комбинациясы тағайындалады.

Ал ертең ше? Жаһандық деңгейде алғанда онлайн төлемдер көлемі өткен жылдың сәуір айынан бастап апта сайын 20%-ға өсті, ал Қазақстанда соңғы 12 ай ішінде электронды коммерцияның өсуі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда көлемі бойынша 114% және транзакциялар саны бойынша 207%-ға артты. Нарық өсуде.

Бұл орайда Visa токенизация сервисін пайдалану төлем процесінің барлық қатысушылары үшін қолайлылық деңгейін арттырады. Банк картасының иесіне токенизация оның жеке деректерінің сақталуын және токенді басқару мүмкіндігін береді (картаның өзін қозғамастан). Бұл технологияны пайдаланудың сатушыға тигізетін пайдасы – ол тұтынушылардың адалдығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар төлем конверсиясын ұлғайтуға септеседі.     

Төлем жасау бізге неғұрлым оңай болуы үшін мамандар барған сайын күрделі технологияларды әзірлеуде. Инновациялардың беретін артықшылығын пайдалану оңай, ең бастысы – болып жатқан  оқиғалардан хабардар болу және ақпараттың ауқымды ағынында бағдар таба білу.

Болашақта бізді не күтіп тұрғаны туралы толық ақпаратты Visa сарапшыларынан білуге болады: үстіміздегі жылы Visa Informal Cashless Forum 2021 бірегей контенті барлық аудитория үшін қолжетімді болды – форум мүлде жаңа бейне-оқиға форматында өтті және оны осы жерден көруге болады.

Төлемдердің болашағын қалай елестетесіз? Енді қандай технологияларсыз өміріңізді жайлы елестете алмайсыз?

Tag: Payment technology