About Visa

Мерекеге аман-есен жету және Жаңа жылды қарсы алу: кедергісіз марафон

Бала кезіңізде желтоқсанның қандай болғаны есіңізде ме? Мерекенің басталғанын күту және үміттену кейде Жаңа жылдың өзінен де қызығырақ еді.

Жаңа жыл алдындағы жалпы дүрбелеңге тағы да берілмей, мерекелік көңіл-күйді сақтау, бірақ сонымен бірге бәріне үлгеру үшін не істеу керек? Төменде бірнеше қарапайым және тиімді лайфхак беріп отырмыз.

№1 лайфхак. Уақытқа және басқа да ресурсқа қатысты сіздегі шектеулерді түсіну мен қабылдаудың мәні бар. Бойыңызды еркін ұстаңыз. Жақсы жаңалығымыз бар – мереке бәрібір келеді! Тіпті марафон тізіміндегі кейбір нәрселерді орындамасаңыз да солай болады.

№2 лайфхак. Сыйлық таңдау – ғажап әрі қызықты іс. Ойланып көріңізші, сіз өзіңізге қымбат жандардың барлығын ойша тізімдеп, бәріне тура ойындағы нәрсені іздеп, сыйлықты ашқан сәтте олардың қуанып, бақытты болғанын елестетесіз. Мерекелік көңіл-күй дегеніміз осы!

Әрине, желтоқсанда сыйлық дайындау «Бәрін істеп үлгеру» деген «жаһандық» жоспардың бір бөлігі ғана. Бірақ бұл жерде сынақтан өткен стратегияны ұстану сізге көп көмектеседі. Біреу егжей-тегжей тізім жасайды, біреу дүкен аралауға уақыт жоғалтпау үшін Желідегі блогерлердің шолуын қарайды. Тағы бір жақсы амал – барлық процесті оңтайландыру. Мысалы, ең қарапайым міндет орындауды басқа біреуге тапсыруға болады – желтоқсандағы мереке қарсаңындағы қарбалас кезеңде болмағанда, қашан көмек сұрай аласыз? Бұған қоса, бүкіл қалада көлік кептеліп тұрған кезде сіз сауда орталықтарына барудың орнына жеткізу қызметін пайдалана аласыз. Оның үстіне, заманауи технологиялар кез келген төлемді қосымша жабдықсыз жасауға мүмкіндік береді. Visa Tap To Phone функциясының арқасында жеткізу сервисінің курьерлері бүгінде өз смартфондарын POS-терминал ретінде пайдаланады. Айтпақшы, Қазақстан – қосылған орындар саны жағынан да, операциялар саны жағынан да Visa Tap To Phone технологиясын дамыту бойынша әлемдік көшбасшы. Сондықтан, іске кірісіңіз! Ең бастысы, сыйлық дайындаймын деп шауып жүргенде өзіңізді ұмытпаңыз.

№3 лайфхак. Бұл тармақ бұрынғы дәстүрді – Жаңа жылды үйде қарсы алуды таңдаған, сондықтан мерекелік дастарханды ұйымдастырамын деп абдырап қалған адамдарға арналған.

Бәрі жиналып неше түрлі тағамға толы жаңа жылдық дастарханға отыратын (және ыстық тамақ әлі берілген жоқ!) кеш те жақындап қалды. Шыршада балауыз шам немесе түрлі-түсті шамдар жанып тұрар, ал теледидарда қартаймайтын Барбара Брыльска көрсетілер – Жаңа жылды мерекелік Жаңа жыл ететін нәрсені әркім өзі таңдайды. Бәрінің тамақ ішетіні, әңгіме-дүкен құратыны, күлетіні және өткен жылдағы ең маңызды нәрселерді есіне алатыны айдай анық. Бірақ мұның қарсаңында өте жауапты миссияны орындау керек – үстел әзірлеуді бүге-шігесін қалдырмай ойланып, әркімнің қалауын ескерген, ас мәзірінде баршаға ұнайтын дәстүрлі ас пен ерекше жаңа тағамдардың болуын қарастырған жөн. Мұның бәрін пісіріп үлгеру үшін не істеу керек?

Ең маңызды міндеттердің бірі – қажетті азық-түлікті алдын ала сатып алу. Біздің таңдауымыз – онлайн сатып алу. Біріншіден, жұмыс орнынан шықпай-ақ бәрін сатып алуға болады. Айтпақшы, егер сізге қажет нәрселердің тізімін жасап үлгермесеңіз, таңдалған азық-түлік жеткізу сервисінің беттерін асықпай парақтап, не қажет болуы мүмкін екенін еске түсіруге болады. Екіншіден, барлық өнім тура есігіңізге дейін жеткізіледі және сізге тек мұның бәрін пісіріп-қуыру және дастарханға қою ғана қалады. Жалғыз нәрсе – желтоқсанда барлығы қауырт режимде жұмыс істейтінін ұмытпаңыз, сондықтан азық-түліктің жеткізілуіне қосымша бір күн, тіпті екі күн бөлу қажет.

Онлайн сатып алудың тағы бір артықшылығы – төлем процесінің қауіпсіздігі. Бұл жағынан сізге Verified by Visa сервисі көмектеседі – бұл тегін қызмет, ол іске қосылғаннан кейін интернет-дүкенге әр кірген сайын сізге қажетті қорғанысты қамтамасыз етеді.

№4 лайфхак. Желтоқсан марафонының мәресіне жетемін деп кепілдік беру үшін «дистанцияны» бірнеше бөлікке бөліп, мезгіл-мезгіл демалу керек. Егер қатты шаршап кетсеңіз, еш нәрсеге қарамай үзіліс жасау керек – қалай болғанда да, бұл жеңіске ұмтылатын шайқас емес, бар болғаны мерекеге дайындық!

Егер өзіңізге өзіңіз рұқсат етсеңіз, «шабысты» баяулату немесе тіпті мүлдем тоқтатуға болады. Күніне ең болмағанда бір рет көп міндет орындау қажеттігін ұмытуға (мүмкін, сіз көлік жүргізіп бара жатқанда да жұмыс бабындағы мәселелерді шешетін шығарсыз?), он бес минутқа тоқтап, мүлдем ештеңе жасамауға болады. Салонда маникюр мен педикюр жасап отырғанда көзіңізді жұмып, мызғып алған да тамаша.

Ең керемет нәрсе – толыққанды демалысқа бір күнді түгел бөлу. Сөйтіңіз де SPA-ға барыңыз. Royal Tulip элиталық қонақ үй кешенінде бір тәулік тұрып, spa аймағы мен welness кешенінде рахаттанып демалуға болады. Жанға жағымды қосымша  егжей-тегжей – бөлмеде тұру ақысын Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite карталарымен төлеген жағдайда 10% жеңілдік беріледі. Ал содан кейін мереке алдындағы қарбаласқа жаңа күшпен оралып, сыйлық сатып алып, сәнді киім үлгісін ойластырып, корпоративтік кешке қатысып, келесі жылды жоспарлай аласыз.

№5 лайфхак. Желтоқсан айында, ең бастысы, жаңа жылдық марафон мен мереке алдындағы қарбалас та, бәрін соңғы сәтте жасап үлгеруге талпыныс жасау да – мұның барлығы әрқашан таңдау екенін ұмытпау керек сияқты. Олай болса, Жаңа жыл алдындағы абыр-сабырдан рахат алуды да таңдауға болады!

Бұл өзіңізге арналған шағын сыйлық болуы мүмкін. Желтоқсанның әр күнінде өзіңізге қатты ұнайтын нәрсені міндетті түрде жасауға қалай қарайсыз?!  Мысалы, кенеттен өзіңізге ұнайтын  шарфқа оранып алып, еш мақсатсыз қаланы аралап, мерекелік безендіруді тамашалауға болады.

Жалпы, мерекені тойлауды ертерек бастауға ешкім тыйым салмайды! «О, шарап!» шарап мектебі тақырыптық кешкі астан бастап шарап казиносына дейін алуан түрлі мерекелік іс-шара өткізеді. Ұсыныстар мен кестені мектептің Instargam парақшасында қадағалаңыз. Ал «О, шарап!» мектебінің іс-шарасына қатысу ақысын Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite премиум карталарымен төлесеңіз, 10% жеңілдік беріледі.

Желтоқсан және 2021 жыл жақын арада аяқталады. Сіз бірдеңені үлгермей қалған сияқты болсаңыз да – дем шығарып, тынышталыңыз! Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Tag: No Tags Required