About Visa

Бәрі ойнайды: қыстың жылы кештеріне арналған 5 үстел ойыны

Төменде Жаңа жыл мерекесінің қарсаңындағы уақытты және көптен күткен қысқы демалыстағы кешті ажарлайтын қызықты ойындар топтамасын ұсынамыз.

Қыста достарыңызбен немесе отбасыңызбен жайлы үйде жиналып отыру өте тамаша – сыртта суық, қараңғы ерте түседі, ал үйде балауызшам жағып, дәмді кешкі ас әзірлеуге, ал содан кейін сүйікті үстел ойынын алып, жақсылап көңіл көтеруге болады. 

 

Uno

7 жастан асқан ойыншыларға арналған

Uno ойынын 2-10 ойыншы ойнайды. Бұл ойынның ең маңызды артықшылығы – ережесі өте қарапайым (бұл ойынның стилі бойынша әр түрлі нұсқалары бар, бірақ барлығының мәні бірдей). Карта колодасынан әр ойыншыға жеті картадан таратылады. Содан кейін үстелге тағы бір карта қойылады, ойын сонымен басталады. Жүретін кезегі келгенде әр ойыншы суреті (әрқайсысының өз мағынасы бар) немесе түсі бойынша үстелдегі үстіңгі картаға сәйкес келетін картаны үстелге қоюға құқылы. Мұндағы мақсат – өзінің барлық  картасынан құтылу. Ал ойыншының қолында бір ғана карта қалғанда, міндетті түрде «Uno!» деп айқайлау керек. Егер ойыншы мұны істеуге үлгермесе және бұл сөзді оның орнына басқа біреу айқайласа, ол тағы да карта алуға тиіс болады.

Бұл ойынмен өтетін кеш міндетті түрде көңілді және қызықты болады.

«Имаджинариум»

12 жастан асқан ойыншыларға арналған

Бұл ойын – қиялыңызды дамытудың ең жақсы тәсілі, өйткені онда қораптан шыққан суреттерге ассоциация ойлап тауып, басқа қатысушылардың ойлап тапқан ассоциациялары бойынша олардың карталарын табу керек. Қорап сонымен қатар ұпай есептеу өрісі қызметін атқарады.

Жаңа жылға арнап «Имаджинариум» ойынының мерекелік нұсқасы шығарылды, сондықтан бұл ойын да жаңа жылдық дастарханың сәнін келтірері анық.

«Каркассон»

8 жастан асқан ойыншыларға арналған

Бұл ойын өте оңай болғанымен, одан әлем чемпионаты өткізіледі! Барлығы домино принципі бойынша құрылған (аздап басқатырғыш - паззл сияқты). Әр ойыншы жер шарларынан біртіндеп қала, өріс, жол, ғибадатхана сияқты нысандары бар ортағасырлық елдің картасын жасайды. Әр орналастырылған шаршыда жол немесе өріс жасалғаннан кейін оған өз боданыңызды қоюға болады. Егер объект жабылса немесе қала өз пішініне ие болса, ойыншы ұпай алады. Бұл жағдайда, мысалы, өз бодандарыңызды қарсыластың ғимараттарын аяқтау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастыруға немесе өрістерді біріктіруге болады. Ең бастысы – өз әрекетіңізбен ұпай жинау, оның жиынтығы ойынның соңында есептеледі.

Azul

8 жастан асқан ойыншыларға арналған

Біріншіден, бұл өте әдемі үстел ойыны. Барлық ойыншылар Эвора патша сарайының қабырғасын безендіруге қатысады. Екінші жағынан, бұл процесті терең ететін және ойлануды қажет ететін ақылды ойын. Ойыншылар кезек-кезегімен түрлі-түсті тақтайшаларды жинайды – ұсынылған жиынтықтардан бір түстен алады. Әр ойыншы түрлі-түсті тақтайшаларды орналастыру арқылы өрнек жасайды. Мақсат – патша сарайының қабырғасын безендіру тапсырысын қарсыластардан бұрын аяқтау.

Activity

12 жастан асқан ойыншыларға арналған

Бұл үстел ойыны – әлемдегі ең танымал party-game үлгілерінің бірі. Белгілі бір мағынада бұл өзара түсіністікті дамытуға арналған карта ойыны. Мұндағы мақсат – серіктестерге картада жазылған ұғымды мүмкіндігінше тезірек түсіндіру. Командалар карталарды құны бойынша таңдай отырып, өрісте бір-бірінен басып озуы керек. Бұл ойын қарым-қатынас жасау машығын дамытады – онда тиімді болу үшін тез, дәл және ұғыныңқы түсіндіруді үйрену керек.

Біз іріктеп ұсынған барлық бес ойынды Marwin және «Меломан» дүкендерінен, сондай-ақ marwin.kz сайтынан сатып алуға болады.


Сыйлықтарға сыйлық ретінде – 5% бонус!

Tag: About Visa