Innovation

Желтоқсандағы тежелу : Жаңа жыл қарсаңында қалай және не үшін демалу керек

Желтоқсанның соңғы аптасы – мерекенің жақындағаны анық сезіліп, жаппай қарбалас у-шуы басталып та кеткен кез.

Бәрі де шауып жүр, бәрі де қатты жұмыс істейді, бәрі абыржып, әдет бойынша соңғы сәтке дейін кейінге қалған барлық шаруаны істеп үлгеруге тырысады. Ал біз бұл жүйені бұзып, демалуға уақыт табуды ұсынамыз! Өйткені жаңа жылда да күш керек болады. Тіпті демалыста да.

Бірінші нұсқа. Отбасымен бірге демалу

Кез келген отбасылық демалыстың басты ережесі – барлығы да демалуы керек. Әлбетте, мұндағы ең үлкен қиындық – әрбір отбасы мүшесінің қажеттілігіне сәйкес келетін нұсқаны табу. Жылдың кез келген мезгілінде балалардың көпшілігі белсенді демалуды жөн көреді, ал қыс кезіндегі ойын-сауық әдетте жылына бір-ақ рет болатын қуаныш (егер қар жауса) және оны өткізіп алу өте өкінішті. Ересектердің қалауына келсек, ол әрине, айтарлықтай өзгеше және көптеген факторға байланысты. Бірақ алматылықтар мен қала қонақтарында демалыс күндері шынымен демалудың оңтайлы шешімін табуына мүмкіндік бар.

Алматыдан небәрі 40 минуттық жерде орналасқан курортта жайлылық пен табиғатта демалу мүмкіндігі үйлесім тапқан. Oi-Qaragai Mountain Resort тау курортында қаланың қарбаласын түгел ұмытып демалуыңыз және осы орайда ыңғайлылық пен жайлылық деңгейіне қоятын талапты төмендетпеуіңіз үшін, барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Белсенді тынығуды ұнататын адамдардың тау бөктерінде рахаттанып шаңғы тебуіне немесе ат мініп серуіндеуіне болады – Oi-Qaragai демалыс орнының өз ипподромы бар. Қызық оқиғаны іздеушілер үшін жай ғана жорық емес, шыңға, мысалы, Букреев шыңына көтерілу ұйымдастырылуы мүмкін. Балалар арқан саябағынан бастап бассейнге дейін – әр түрлі іс-әрекетті таңдап қуаныштары қойнына сыймайды. Тіпті әбден шаршаған соң жай ғана тыныштық іздейтін еңбекқор адам үшін де ағашқа қондырылған жайлы үйдің тыныштығында толыққанды демалуға және жақсылап ұйықтауға мүмкіндік бар.

Oi-Qaragai Mountain Resort курортында тұру ақысын Visa Platinum, Visa Signature немесе Visa Infinite сыйлықақылы карталарымен төлеңіз де 10% жеңілдік алыңыз.

Жеңілдік мына жағдайда беріледі:

●       бөлме ақысын қонақүйде картамен төлегенде;

●       бөлме ақысын Oi-Qaragai сайтында төлегенде;

●       бөлмені booking.com арқылы брондағанда және қонақүйде картамен төлегенде.

Екінші нұсқа. Достарыңызмен кездесіңіз

Бұл нұсқаның артықшылығы – топтағы адамдардың барлығына ортақ нәрсе бар. Сондықтан, ең оңай жолы – бәріне үйреншікті нұсқаны таңдау (оның үстіне, бұл жаңа нәрсені таңдауға және жоспарлауға жұмсалатын уақыт пен энергияны айтарлықтай үнемдейді). Барлығы бірге жиналып саяжайға бару, киноға бару және одан кейін өздеріне ұнайтын барда отырып фильмді талқылау, күннің батуын тамашалау үшін қала сыртына саяхат жасау, бәрі бірге үйге жиналып тамақ пісіріу және дастархан басында отырып сырлы сұхбат жүргізу – өзіңіз жақсы көретін адамдардың ортасында шынымен демалуға және қалпыңызға келуге көмектесетін  кез келген нәрсе қолайлы. Не де болса, биылғы жылдың соңғы жарысы әлі алда!

Қалада ұйымдастыруға болатын, жалқауларға арналған ең керемет нұсқалардың бірі – бранч. Ұзақ ұйықтап, содан кейін достарымен кездесіп, ас ішуді және түстен кейінгі жайбарақат әңгіме-дүкен құрып уақыт өткізуді ұнататындар үшін қолайлы. Біздің блогты оқыңыз – жақын арада сізге бранчқа жиналып уақыт өткізуге болатын алматылық кафелер мен мейрамханалардың ең қызықты ұсыныстары туралы айтып береміз.

Үшінші нұсқа. Өзіңізге уақыт бөліңіз

Ғалымдар кезекті бір зерттеуінде оңаша уақыт өткізу интроверттерге де, экстраверттерге де демалуға көмектесетінін анықтады. Осылай уақыт өткізудің ең кең тараған тәсілдері – кітап оқу, табиғатта болу және ешқандай нақты әрекет жасамай жалғыз болу (итальяндықтардың – dolce far niente – ештеңе істемеу рахаты дегені есіңізде ме?). Айтпақшы, желтоқсан айындағы жылдамдық мен жүктемені ескерсек, ештеңе істемеу – бұл шындығында өте пайдалы әрекет, бірақ сонымен бірге оңай да емес – ең болмағанда телефон қоңырауына немесе интернетке алаңдамауға тырысып көріңіз. Егер ол нәтиже бермесе, үй кітапханасын ақтаруға, бала кезіңізде қандай тағамды жақсы көргеніңізді еске түсіруге және оны пісіруге, ақыр аяғында ұйықтауға болады!

Өкінішке орай, демалудың және күш жинаудың әмбебап тәсілі жоқ, сондықтан өз әдісіңізді табу маңызды. Ең бастысы, өзіңізге уақыт табуды ұмытпау керек.

Tag: Payment technology