Innovation

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН VISA:

КОМПАНИЯ ШАҒЫН ЖӘНЕ МИКРО БИЗНЕСКЕ ПРОЦЕСТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ

Жаңа төлем шешімдері мен технологиялары кәсіпкерлерге пайдаланушылар базасын ұлғайтып, бизнесті онлайнға көшіруге мүмкіндік береді. Цифрлық сервистер дамыған сайын бизнес иелері сатушының қайтарым жасайтын ақшасының болмауынан сатып алушы ештеңе алмай кетіп қалады немесе кассада ұзақ есеп айырысу салдарынан ұзын-сонар кезекте тұрғысы келмейді деп алаңдамаса да болады.

Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдау үшін Visa-ның қандай шешімдері, технологиялары және бастамалары әзірленіп жатқаны туралы бізге Visa компаниясының вице-президенті және Орталық Азия мен Әзірбайжандағы аймақтық менеджері Кристина Дорош айтып берді.

 

- Visa шешімдері мен өнімдері ШОБ-ге қалай көмектеседі?

 

Біз бизнес үшін бірқатар қолайлы шешімдерді ұсынып отырмыз. Мысалы, 2020 жылы Қазақстан аймақта және Оңтүстік-Шығыс Еуропада Visa Tap to Phone алғашқы коммерциялық жобасы іске асырылған елдердің біріншісі болды.

Технология банктерге бизнеске банк карталарынан немесе басқа ақылды құрылғылардан төлем жасау туралы шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Ол үшін кәсіпкерге тек NFC чипі бар Andorid смартфоны ғана қажет. Мұндай төлемдер ыңғайлы әрі қауіпсіз жүзеге асырылады, және ең бастысы – небәрі бір-екі секунд уақытты алады. Осылайша, сервис тіпті кішігірім кәсіпорындардың өзін диджиталдауға көмектеседі.

Мысалға үй маңындағы өзіміз жақсы көретін көкөніс дүкенін алайық. Оның қожайынына өз банкінің Visa Tap to Phone-ге негізделген қосымшасын смартфонына орнатса болғаны. Осыдан соң сатып алушылар тауар үшін картаның, телефонның немесе сағаттың көмегімен есеп айырыса алады. Сатып алушы да разы, және POS-терминалдарды сатып алуға немесе жалға алуға ешқандай шығын да шықпайды. Бұған қоса, есеп жүргізу және айналымды бақылау оңайға түседі.

Қазір Visa Tap to Phone Өзбекстан мен Қырғызстандағы бизнесмендер үшін де қолжетімді.

Біздің тағы бір технологиямыз – Visa Token Service. Сервис клиенттің құпия деректерін бірегей цифрлық сәйкестендіргішке – токенге айналдыруға мүмкіндік береді. Онда картаның 16 саннан тұратын нөмірі де, CVV-код та болмайды, бұл интернет-дүкендерде немесе мобильді қосымшаларда төлем жасау кезіндегі қауіпсіздікті арттыра түседі.  Дәл осы картаны токендеу технологиясы банк карталарын «цифрлық әмияндарға» қосуға және смартфонмен, Apple Pay немесе Google Pay сияқты гаджеттермен төлеудің жаңа әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді.

2018 жылы Visa Apple Pay және Samsung Pay төлеу әдістерінің Қазақстанға жолын ашқан болатын. Осы екі технология да токендеуге негізделген. Ал 2021 жылы контакт жасамай төлеу әдістеріне Google Pay да қосылған болатын.

Елімізде жаңа контактісіз төлеу әдістерінің іске қосылуы ШОБ өкілдерінің жұмысына жағымды әсерін тигізді, өйткені енді пайдаланушылар банк картасын өзімен бірге алып жүрместен, дүкендерде тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырыса алады.

-  Сонымен кәсіпкерлер мен Visa контактісіз төлемдерді дамытып отыр ма?

Дәл солай. Біз Қазақстанда олардың барлық салаларға енгізілуінің қарқын алып отырғанын байқаймыз – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу транзакцияларының 10-нан 8-і контактісіз іске асуда. Ел тұрғындары бұлайша төлем жасаудың ыңғайлы екеніне көз жеткізген және ақылды гаджеттермен төлеу арқылы сатып алудың жаһандық трендін көптеп қолдауда.

Бұл тек смартфондарға ғана емес, сағаттарға, тіпті сақиналарға да қатысты екенін тағы бір айта кетейін. Мұндай сақина менің өзімде де бар, өйткені онымен кафеде және дүкендерде есеп айырысу өте ыңғайлы. Ол үшін ақылды төлем құрылғысын терминалға немесе Visa Tap to Phone бар смартфонға тақатсаңыз жеткілікті және төлем бір рет тигізу арқылы жасалады.

- Инновациялық шешімдерінен бөлек, Visa-ның ШОБ-ты қолдау бойынша #ӨзіңдікінҚолда сияқты жаһандық бастамалары да бар ғой. Бастама аясында қандай жетістіктерге қол жеткізілгенін толығырақ айтып беріңізші.

 

Пандемияның бас кезінде біз кәсіпкерлерді қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Сөйтіп, біз бүкіл әлемде кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау және тұтынушыларды жергілікті микро, шағын және орта бизнесті қолдауға ынталандыру үшін, #WhereYouShopMatters жаһандық бастамасын іске асыру жөнінде шешім қабылдадық.

Қазақстанда бастама аясында біз ШОБ-қа арналған білім беру бағдарламасын іске қостық, ол қазақстандық кәсіпкерлердің бизнесті онлайнға көшіруіне көмек көрсетуге бағытталған.

Бағдарламада 2 100 қатысушы болды. Оқу барысында Visa сарапшылары, сондай-ақ табысты кәсіпкерлер бизнесті қаржыландыру туралы, алға басу арналары туралы, салық, бухгалтерия және көптеген басқа мәселелер туралы айтып берді. Жоба іске асырылғалы бері білім беретін роликтер 35 000 қаралым жинады.

Сол сияқты біз шағын бизнесті қолдау платформасын  іске асырдық, онда кәсіпкер Visa серіктестерінен арнайы ұсыныстарды, оған қоса бизнесті онлайн жүргізу: веб-сайт жасау, Интернет арқылы сату, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау және маркетинг бойынша практикалық кеңестерді таба алады.

- Сондай-ақ, компания She’s Next деп аталатын бастамасын іске қосты. Әйелдердің кәсіпкерлігін қолдауға арналған Empowered by Visa. Сол жайлы толығырақ айтып бересіз бе?

 

Ірі компанияның басшысы ретінде, менің өз жеке тәжірибемнен түсінгенім – жұмыс пен отбасына қамқорлықты бірге алып жүру оңай шаруа емес. Ал егер әйел өз бизнесін басқарып отырса немесе оны нөлден бастап жатқан болса ше? Міне, дәл осы себепті Visa компаниясы әйел кәсіпкерлігіне баса назар аударатын бастамасын әзірлеуге кірісті. Осылайша, She’s Next. Empowered by Visa жаһандық бастамасы дүниеге келді.

 

Бағдарламаның басты мақсаты – бизнесі бар және өз ісін бастауды енді ғана жоспарлап жүрген қыз-келіншектерді қолдау. Біз табысты кәсіпкер әйелдерді өздерінің бизнесті дамытудағы практикалық дағдыларымен бөлісуге шабыттандырғымыз келеді. Бағдарламаны іске қосар алдында жүргізген зерттеуімізге сәйкес, Орталық Азияның бизнес-ханымдары тарапынан мұндай сұраныс бар.

Бастама аясында біз онлайн-форматта білім беру бағдарламасын жүргіздік, онда жетекші бизнес-сарапшылар бизнесті жүргізу, қаржыландыру және оны дағдарысты жағдайларға бейімдеу саласындағы білімдерімен және дағдыларымен бөлісті.

Бағдарламаның нәтижелері қуантарлық – қатысу үшін біздің еліміздің барлық өңірлерінен 2 500-ден астам қыз-келіншек тіркелді, бұл Орталық және Шығыс Еуропа, Орта Шығыс және Африка аймағындағы рекордты көрсеткіш болып табылады.

Бұл орайда лекцияларды жалпы көру саны 3 000-нан асып түсті. Бірақ біз үшін басты көрсеткіш – тыңдаушыларымыздың бағдарламаның олардың өз ісін ашуына немесе бұрыннан бар бизнесін дамытуына пайдасын тигізген практикалық білімдер мен жаңа тәжірибені сыйлағаны туралы жағымды пікірлері.

Tag: Payment technology