Bank RBK мен Visa әлемде алғашқы болып Request to Pay технологиясын іске қосты
Қазірдің өзінде банк клиенттері «Аударым сұрау» және «Шотты бөлу» сияқты қызметтерді пайдалана алады. Пайдаланушы Банктің My RBK мобильді қосымшасында соманы сұрай алады немесе шотты бөле алады. Ол үшін басты экранда «Аударым сұрау» белгісін басу керек, сонда сұрау алушыға тиісті push-хабарлама келеді
Тағы бір жаңа қызмет - шотты бөлу, ол Банк клиенттері дәмханаға, мейрамханаға ұжымдасып барғанда немесе, мысалы, топтасып сыйлық сатып алғанда қажет болуы мүмкін.
Қызметті пайдалану үшін клиент Банктің мобильді қосымшасына кіріп, төлем тарихын ашуы керек. Содан кейін ол бөлгісі келетін төлемді таңдап, түбіртек бөлінетін адамдарды контактілер тізімін көрсетеді.
Бұл ретте ақша аударуды немесе түбіртекті бөлуді RBK Bank-ның ғана емес, басқа да банктердің клиенттерінен сұрауға болады.
«Біз My RBK мобильді қосымшасының функционалын үнемі жетілдіріп және кеңейтіп отырамыз, онда клиенттерімізге қажет болуы мүмкін барлық қызметті қамтамасыз етуге тырысамыз. Пайдаланушылар арасындағы есеп айырысуды жеңілдетуге бағытталған жаңа мүмкіндіктер Bank RBK клиенттеріне ұнайтынына сенімдіміз, өйткені күнделікті өмірде бәріміз ұжымдасып бірдеңе сатып аламыз немесе ортақ шотты төлейтін жағдайлармен жиі кездесеміз. Енді мұны іске асыру әлдеқайда ыңғайлы болады», - деді Bank RBK Басқарма төрағасы Наталья Акентьева.
«Соңғы жылдары Қазақстанда нақты ақшасыз төлем қарқынды дамуда. Бір жағынан, бұл қаржы институттарының Visa-мен бірге енгізетін технологияларының сапалы әрі қарқынды дамуына байланысты. Екінші жағынан, тұтынушылардың да, бизнестің де нақты ақшасыз экономиканың жаңа цифрлы қызметтеріне дайын екені. Мен Bank RBK-мен бірлесіп Request to Pay технологиясы негізінде жаңа ыңғайлы төлем сервистерін ұсынатынымызға өте қуаныштымын, бұл - Visa Direct платформасын Қазақстанда ғана емес, әлемде де пайдалана отырып, алғашқы іске қосу. Енді кофеге, түскі асқа төлеу немесе бірігіп сатып алу үшін шотты бөлу бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жылдам болады",- деп атап өтті Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa аға вице-президенті және аймақтық менеджері Вера Платонова.
BANK RBK ТУРАЛЫ
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 1 983,7 млрд теңгені құрады немесе жыл басына қарағанда 56%-ға артты, несие қоржыны - 927 млрд теңге немесе тиісінше 43%-ға өскен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Банктің пайдасы 37,9 млрд теңге көлемін құрады, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе. Банк Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Семей, Екібастұз және Ақсай қалаларында бар
Лицензия № 1.2.100/245/41, берген АРРФР 05.04.2021 ж.
Visa туралы
Visa (NYSE: V) – жыл сайын 200-ден астам ел мен аумақтағы тұтынушылар, бизнес, қаржы және үкіметтік ұйымдар арасындағы транзакцияларға жәрдемдесетін, цифрлы төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Біздің миссиямыз - тұтынушылардың әл-ауқатына және бизнес пен экономиканың өркендеуіне ықпал ету үшін инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру. Біз барлық адамның қолжеткізу мүмкіндігін кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне және болашақта жаһандық ақша қозғалысының негізі болатынына сенімдіміз. Толығырақ Visa.com.kz сайтынан біліңіз
БАҚ сауалына:
Дания Утеева
Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз-қызметі
PBN Hill+Knowlton Strategies
Тел.: +7 778 555 4124
Данил Павленко
Visa-ның Корпоративті коммуникация жөніндегі аға менеджері, Орталық Азия және Әзірбайжан