«Бір шертіп шотты достарыңызбен қалай бөліп алуға болады». Simply необанкі және Visa жаңа қызметті іске қосты
АЛМАТЫ, 8 маусым 2023 ж. – Simply необанкі өзінің қосымшасында цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы Visa компаниясынан Visa Request to Рay (төлем жасауға сұрату) технологиясын іске қосатынын жариялады. Ол Visa Direct платформасы негізінде осы шешімді іске қосқан әлемдегі алғашқы финтех-компания.
Төлем жасауға сұрату бұл достарыңызбен бірге ішкен түскі асқа ақы төлеуге немесе, бірлесіп сыйлық жасау үшін ақша жинаудың тез әрі қарапайым тәсілі.
Қызметті пайдалану үшін:
- «Simply» қосымшасын AppStore/Play Market-тен жүктеп алу;
- Қашықтан сәйкестендіруден өтіп, цифрлық картаны алу;
- Қосымшаның басты бетінде «Төлем жасауға сұрату» функциясын таңдау;
- Сұратылған соманы енгізіп, чек өзара бөлінетін адамдарды байланыстар тізімінен таңдау қажет.
Қаражат сұратылған адамға необанктің мобильді қосымшасында хабарлама келіп түседі, онда пайдаланушы сұратуды қабылдай алады немесе одан бас тарта алады.
Бұл ретте сұратуды алған тұлғалар тек Simply-дің ғана емес, сонымен қатар Visa Request to Рay технологиясын қолдайтын басқа банктердің клиенттері бола алады.
«Біз банктік емес мекемелер арасында әлемде бірінші болып өз клиенттерімізге Visa Request to Рay транзакцияларды басқарудың қауіпсіз және цифрлық әдісін ұсынуға қуаныштымыз. Simply пайдаланушылары арасында шотты бөлу комиссиясыз жүзеге асырылатынын және бұл өз кезегінде қызметті одан да икемді әрі ашық ететінін айта кету керек. Біздің Visa-мен серіктестігіміз отандық қаржы қызметтерін халықаралық деңгейде дамытуға көмектеседі. Себебі, Simply-дің жаңашыл функционалын жоспарлы түрде кеңейту бізді нарықта ерекшелендіретін стратегиялық ұстанымымыз», - деп түсіндірді Simply необанкінің CEO, Сергей Головань.
«Қазақстанда қаржы технологиялары тек Орталық Азияда ғана емес, әлем бойынша жөн сілтеп қарқынды дамып келеді. Біз Simply-дің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және Visa Direct платформасы негізінде Visa Request to Рay қызметін іске қосуға қуаныштымыз. Бұл бірлесіп сатып алуларды немесе шотты бөлу процесін едәуір жеңілдетеді әрі жеделдетеді», - деп қосты Кристина Дорош, Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі Visa өңірлік менеджері.
Visa туралы ақпарат
Visa (NYSE: V) – электрондық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың амандығына және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикадағы барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өркендеуіне көмектесіп, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.
Simply туралы
Simply Қазақстандағы алғашқы мобильді необанк. Цифрлық қаржылық сервис болып табылатын электрондық әмиян мен Visa Platinum премиум цифрлық картасы бар клиенттің телефон нөмірімен байланысты мобильді қосымша бірден-бір бірегей өнім. Simply клиенттері онлайн-төлемдер, NFC технологиясы арқылы түйiспесiз сатып алулар, толықтыру, Simply әмияндары арасында аударымдар мен Қазақстанда шығарылған банк карталарына комиссиясыз аударымдар жасай алады. Бір жарым жыл ішінде необанк қызметін 1 500 000-нан астам пайдаланушы бағалап үлгерді.
https://www.simply.cards/ веб-сайтынан көбірек біліңіз
Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі аға менеджері,
және Әзірбайжан
[email protected]
Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз қызметі
PBN Hill+Knowlton Strategies
Тел.: +7 778 555 4124
[email protected]
Beeline Қазақстан корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері
[email protected]