89%
сауалнамадан өткен қазақстандықтар қоғамдық көлікте контактісіз әдісті күтуде
сауалнамадан өткен қазақстандықтар қоғамдық көлікте контактісіз әдісті күтуде
сауалнамадан өткен қазақстандықтар жол жүру ақысын контактісіз төлеуді таңдайтынын айтты
Алматы, Қазақстан. 2022ж. 15 тамыз. Visa компаниясы қоғамдық көлікті пайдалану тақырыбына арналған The Future of Urban Mobility атты екінші жыл сайынғы зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Барлық континенттерден 14 елден 11 550 респондент сауалнамаға қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген сауалнамаға қоғамдық көлікті пайдаланатын республиканың 250 ересек азаматы қатысты. Респонденттер қоғамдық көлікті қаншалықты жиі және не үшін пайдаланатынын, сондай-ақ жаңа төлем әдістерінен не күтетіндерін сұрады.
Нәтижелер бойынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 89%-ы қоғамдық көлікте байланыссыз төлем әдістерінің болуын өте немесе біршама күтеді. Сондай-ақ, респонденттердің 54%-ы жол жүру ақысын байланыссыз төлеуді жөн көретіндерін айтты.
- Дүние жүзіндегі қалаларда адамдар екі жылдан астам уақыттан кейін қайтадан далаға шыға бастады. Қоғамдық көлік әрқашан адамдардың жұмысқа немесе мектепке жетуінің, маңызды істерін шешуінің және демалысқа шығуының маңызды бөлігі болатын. Бірақ пандемия көптеген қоғамдық көлік пайдаланушыларын жол ақысын қалай төлейтініне басқаша қарауға итермеледі, - дейді Кристина Дорош, вице-президент, Орталық Азия мен Әзірбайжандағы Visa компаниясының аймақтық менеджері.
ыңғайлылық |
жылдам транзакцияның арқасында уақытты үнемдеу |
қолма-қол ақшаның жеткілікті болуы туралы аз алаңдаушылық |
қандай болса да беттермен және басқа адамдармен аз байланыс |
Қазақстандағы қоғамдық көліктегі жолаушылары қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыратын негізгі мүмкіндік ретінде байланыссыз төлемдерді атады. |
Байланыссыз төлемдердің артықшылықтары. Сауалнама респонденттері байланыссыз төлемдердің негізгі артықшылықтары ретінде ыңғайлылықты (58%), жылдамырақ транзакция арқылы уақытты үнемдеуді (58%), қолма-қол ақшаның жеткілікті болуына алаңдамауды (51%) және беттермен және басқа адамдармен аз байланыста болуды атады (35%). Сонымен қатар, Қазақстандағы қоғамдық көліктегі жолаушылардың 20%-ы қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыратын негізгі функция ретінде байланыссыз төлемдерді атады.
53%тұрақты даму мен қоршаған ортаға қамқорлық, олардың қоғамдық көлікті қаншалықты жиі пайдалану туралы шешім қабылдауына әсер ететін факторлар болды деп айтты
14% тұрақты даму мен қоршаған ортаға қамқорлық қоғамдық көлікпен жүруді таңдаудың басты себебі екенін айтты.
25% респондеттер қоғамдық көлік олардың негізгі көлігіне айналғанын айтты
39% жұмысқа жету үшін қоғамдық көлікті таңдайды
24%-ы аптасына кемінде 3-4 рет қоғамдық көлікпен жүретінін айтты
43% аптасына бес немесе одан да көп рет жүреді
18% алдағы 12 айда қоғамдық көлікті жиі пайдалануды жоспарлауда
Тұрақты даму жолаушылар ағынын ынталандырады. Қазақстанда сауалнамаға қатысқандардың 53%-ы тұрақты даму мен қоршаған ортаға қамқорлық қоғамдық көлікпен жүру жиілігіне әсер ететін факторлар болса, 14%-ы бұл негізгі себеп болғанын айтты.
Экономикалық «құтқару шеңбері». Future of Urban Mobility зерттеуі сондай-ақ қоғамдық көлік бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін экономикалық өмірлік тірек екенін көрсетеді. Қазақстанда респонденттердің 25%-ы қоғамдық көлік олардың негізгі көлік түріне айналғанын айтты. 39%-ы үшін қоғамдық көлік – жұмысқа жету және қайту жолы.
Елдегі жұмыс істейтін жолаушылардың 24%-ы қоғамдық көлікті аптасына кемінде 3-4 рет пайдаланатынын, ал 43%-ы аптасына бес немесе одан да көп рет жүретінін айтты. Бұдан басқа, сауалнамаға қатысқандардың 18%-ы алдағы 12 айда қоғамдық көлікті жиі пайдалануды жоспарлауда.
Visa команиясы туралы ақпарат
Visa (NYSE:V) – электронды төлем индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa 200-ден астам елдер мен аумақтардағы тұтынушылар, бизнес, қаржылық және мемлекеттік ұйымдар арасындағы төлем транзакцияларын өңдейді. Біздің миссиямыз – тұтынушылардың амандығын, бизнес пен экономикалық өркендеуі үшін әлемді инновациялық, ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз төлем желісімен байланыстыру. Біз экономикадағы барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне және болашақта ақшаның жаһандық қозғалысына негіз болатынына сенімдіміз. Толығырақ visa.com.kz сайтынан біліңіз
БАҚ сұраулары үшін:
Данил Павленко |
Әлия Темірғалиева |
Visa корпоративтік коммуникациялар аға менеджері, |
Орталық Азиядағы Visa баспасөз қызметі |
ЦОрталық Азия және Әзірбайжан |
PBN Hill+Knowlton Strategies |
[email protected] | [email protected] |