TO THE OPENING CEREMONY OF THE OLYMPIC GAMES PARIS 2024
OLYMPIC GAMES IN
THE OLYMPIC GAMES
PARIS 2024
OLYMPIC GAMES
TO THE OPENING CEREMONY OF THE PARALYMPIC GAMES PARIS 2024
PARALYMPIC GAMES IN
THE PARALYMPIC GAMES
PARIS 2024
PARALYMPIC GAMES
Visa Paris Logo

Олимпиада және Паралимпия ойындары 2024 біріншілігі үшін сынға түсетін Team Visa атлеттерімен танысыңыз

Team Visa — жай ғана спортшылар тобы емес. Олар үшін спорт -  өмір, олар соған сенеді және спортты дәріптеу үшін әрі оны бәріне қолжетімді ету үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Дүние жүзіндегі атлеттердің рухынан шабыт ала отырып, 2000 жылы Visa спортшылардың спорт аренасында да, одан тыс жерде де дамуына қажет құралдарды, ресурстарды ұсынып, қолдау үшін Team Visa бағдарламасының негізін қалады. Қазір Team Visa-ға әртүрлі елден және спорт түрінен 56 спортшы кіреді, біз соларды Парижде қолдайтынымыз үшін қуаныштымыз әрі мақтан тұтамыз.

Ардан Ғалымұлы

Голбол, Қазақстан

Ардан — ниет, ынта және өзіне сену мақсатқа жету жолындағы кез келген кедергіні қалай жоя алатынының жарқын үлгісі. 

Ардан тумысынан зағип және оның бала кезден қоғаммен араласуына, әлеммен байланыс орнатуына бірден бір көмек болған - спорт. Кішкентай Ардан өзінің спорттық жолын мектептегі жүзу бөлімінен бастады. Бірақ уақыт өте келе бассейнді спортзалға ауыстырды, ал жүзу бас киімінің орнына күңгірт линзалары бар арнайы қорғаныс маскасы пайда болды — осылайша Арданның спорттық өміріне голбол келді!

Голбол - зағип жандарға арналған арнайы спорт түрі, онда үш адамнан тұратын команда қарсыластың қақпасына үрленбеген қоңыраулы допты лақтыруы керек. Егер басқа елдерде голбол жеке спорт түрі ретінде 50-ші жылдары пайда болса, Қазақстан үшін біздің кеңістікте 2016 жылы ғана пайда болған жаңа спорт түрі. Ал Ардан алғашқылардың бірі болып қызығушылық танытып, оны байқап көруді шешті.

Кәдімгі мектеп спорт залында қажетті құрал-жабдықтарсыз жаттығудан бастап, Ардан аздаған, бірақ нық қадамдармен өзінің спорттық шеберлігін шыңдады және голболдан Қазақстанның бірінші құрамасының құрамына енді. Ал енді Париж 2024 Паралимпиада ойындарында Team Visa құрамында Қазақстанның намысын қорғамақ! Арданның ауыр, бірақ керемет әрі шабыттандыратын жолы бүкіл әлем спортшыларына қажырлы еңбек және спортпен күнделікті беріле айналысудың арқасында кез келген қиындықты жеңіп, мақсатқа жетуге болатынын көрсетеді.

Team Visa спортшыларымен танысыңыз

Бүкіл әлемде ерекше байланыс орнататын және адамдарды біріктіретін іс-шараларды қолдаймыз

Біз әрқашан Олимпиада мен Паралимпиадаға деген сенімімізді барлық жағдайда көрсетуге тырысамыз. Париж-2024 олимпиадасында біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларға олимпиада және паралимпиада жолында қолдау көрсетуді, сондай-ақ инновациялық төлем шешімдерін әзірлеуді жалғастыратынымызды мақтан тұтамыз.

Париж мәдениетіне тереңдеп, тамаша сапарыңызды біздің нұсқаулықпен жоспарлаңыз

2024 жылы әлемдегі спорттық іс-шаралар өтетін орындар туралы көбірек біліңіз. Сонымен қатар, Visa картасы арқылы сіз саяхат кезіндегі бірегей ұсыныстарды, соның ішінде әуе саяхатын, қонақүйлерді, мейрамханаларды, шоппингті және т.б. тамашалай аласыз.