Visa and Paris 2024 logo ©

Олимпиада және Паралимпия ойындарының 2032 жылға дейінгі әлемдік серіктесі

Олимпиада және Паралимпия ойындарына деген бейілділігіміз – жай ғана демеушіліктен жоғары. Біз 1986 жылдан бері Олимпиада қозғалысының серіктесіміз және 2023 жылы Халықаралық паралимпия комитетінің жаһандық серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және спорт арқылы инклюзивті әлем жасауға ұмтыламыз.


Ұлыбританияның атынан өнер көрсететін параканоэші Джонатан Уайтпен танысыңыздар

Джонатан Уайт параспортшыларға қолжетімді шекараны бірізді кеңейтуде. Мұны оның Португалиядағы Nelo Summer Challenge-де өнер көрсетіп, әлемдік деңгейдегі мұхиттық жарысқа қатысқан алғашқы параспортшы болғанынан көруге болады.

Уайт нағыз сындардан қорқатындардың немесе жалтаратындардың қатарынан емес. Оның тамаша дәлелі – еңбекке қабілетті ескекшілермен марафондық жарыстарға қатысуы, осы ісі Джонатанның шеберлігі мен батылдығына куә бол алады.

Паралимпия ойындары 2024 Уайттың спорт жолындағы тағы бір маңызды кезеңі болмақ. 2024 жылы Парижде ол туған елі – Ұлыбританияның атынан қатысады. Бұл қадамы оның қажырлы еңбегінің, дарынының және спортқа деген айнымас адалдығының дәлелі.

Мүмкіндіктердің шекарасын кеңейтуге деген ұмтылысымен Джонатан Уайт параспортшылардың келешек буынына шабыт беріп, жол ашады.

Flag icon ©

Ұлыбритания

Olympics para canoe logo ©

Параканоэ