Visa Foundation туралы ақпарат
Әдіс және стратегия

Гендердік теңдікті насихаттап, әлем бойынша инклюзивті шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін 2020 жылдың сәуір айында Visa Foundation қоры Тең құқылы бастама деп аталатын бес жылдық 200 миллион АҚШ долларлық стратегиялық міндеттемені іске қосты. Осы бастаманың аясында біз 60 миллон АҚШ долларды гранттарға, ал 140 миллион АҚШ долларды гендерлік және әртүрлілік аспектілері ретінде инвестиция етіп құямыз.
Visa Foundation қоры тұрақтылық пен даму үшін шағын және орта кәсіпорындарға үздіксіз капитал жасау өте маңызды деп есептейді. Осылайша Visa Foundation бизнестің дамуындағы түрлі кезеңдерде капиталға әділ әрі тиімді қол жеткізу мүмкіндігін арттыруға, гендерлік әртүрлілік пен инклюзивті шағын кәсіпорындарға көмек көрсетуге, сондай-ақ инклюзивті экономикалық дамуды жеделдетуге тырысады. Қосымша мақсаты — гендерлік инвертицияны нишадан негізгі ағынға аудару үшін секторға жалпылай ықпал ету.
Грант бөлу арқылы Visa Foundation капитал, әлеуетті өсіру бойынша қызметтер ұсынатын ұйымдармен, гендерлік инклюзивті және түрлі жыныстағы тұлғалар басқаратын шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсететін ұйымдармен серіктестік орнатады. Сонымен қатар Visa Foundation қоры гранттарды пайдаланып, гендерлік тұрғыда әртүрлі адамдар басқаратын шағын және орта кәсіпорындарға инвестициялық капиталдың жетуіне жол бермейтін кедергілерді адып тастағысы келеді.
Visa Foundation қорының әлем бойынша делдалдар мен қорларға 140 миллион долллар инвестиция салу міндеттемесі шағын және орта кәсіпорындардан құралған борышкерлерден бастап венчурлық капитал жөніндегі серіктестерге дейінгі бүкіл портфельдегі гендерлік мәселелерді ескере отырып, ең алдымен дамушы нарықтарға бағытталған. Мақсат — капиталды басқаратын әйелдердің санын, капиталды қолдана алатын әйел кәсіпкерлердің санын және қызметкерлер немесе клиенттер ретінде сол кәсіпорындардан пайда көріп отырған әйелдердің санын арттыру.
Бағдарламалар және серіктестіктер

Әлем бойынша әйелдер басқаратын миллиондаған микро және шағын кәсіпорындарды қаржылай қолдау.
5 жылдан астам уақыт бойы бұл бағдарлама әйелдер мен олардың отбасы үшін экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында оқытып және аналитикалық талдау жасап, әлемдік серіктестер желісінде шағын және орта кәсіпорындарға қаржылық қызметтерді дамыту, сынау және өлшеу жұмыстарын жүргізуде. 2018 жылы серіктестік басталғалы бері Дүниежүзілік әйелдер банкі 1,15 миллион әйелге қаржылық шешім ұсынды және әлемдік желісін 32 елге дейін кеңейтіп, 69 миллион әйелді қамтыды.

Кәсіпкерлік әлеуетті және техникалық/басқарушылық дағдыларды қалыптастыру үшін инновациялық және интеграцияланған аграрлық бизнес хабтар желісін жобалау арқылы Африкадағы ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін жасау.
Күтілген нәтижелерге жастардың қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жұмысқа тұру мүмкіндіктерін жасау, саясат ауысымдарын іске асыру және даму процесінің басқа қатысушыларына толықтай немесе ішінара жаңа деңгейге көтерілуге көмектесу кіреді.

Азық-түлік пен ауылшаруашылығы саласындағы инновацияларға назар аудара отырып, Латын Америкасындағы жеткілікті түрде қызмет көрсетілмеген кәсіпкерлердің қаржыландыру алшақтығын жою үшін жұмыс істейтін акселераторларды қолдау.
Бұл бағдарлама Village Capital әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бастамасы негізінде жасалады, ол Халықаралық қаржылық корпорацияның, Әйел кәсіпкерлердің қаржылық бастамасының және Дүниежүзілік банктің гендерлік инновация зертханасының ынтымақтастығы аясында пайда болған.

Тарихи қара нәсілділерге арналған колледждермен және университеттермен серіктестік орнатып, продюсер және кәсіпкер Фаррелл Уильямс бастаған нәсілдік теңдік және кәсіпкерлік бастама.
Бұл бастама қара нәсілді және латынамерикалық кәсіпкерлердің капиталды, тәлімгерлерді мен ресурстарды пайдалануына мүмкіндік береді. Мемлекеттік деңгейде жыл сайын сыйлықтар берілетін болады.

Құрылымды жеке капитал, венчурлық капитал және гендерлік мәселелерді ескергендегі жеке қарыз құралдары саласындағы аналитикалық ақпарат пен тенденцияны ұсыну.
Project Sage гендерлік призма арқылы инвестициялау саласының жағдайын түсінуге тырысады. Есеп — инвесторлардың, қор басшыларының және жеке тұлғалардың әйелдердің алдындағы міндеттемесін туралауға арналған құрал. Project Sage ұйымы зерттеу жасады және Wharton Social Impact Initiative және Catalyst at Large арқылы жариялады.

Жергілікті фермерлік кооперативтердің гендерлік әртүрлілігін және олардың экономикалық күйзелістерге төзімді болу үшін олардың институционалдық әлеуетін нығайту.
Үш жылдық бастама барысында TechnoServe әйелдерге маңызды бизнес дағдыларын үйрету, нарықтық байланыстар жасау және табыс табудың балама жолдарын таныстыру арқылы Үндістандағы фермерлік кооперативтердің табысын 113%-ға арттырды.

АҚШ-тағы жаңадан пайда болып жатқан қор менеджерлеріне инвестицияларды жеделдету.
VC Include компаниясы гендерлік теңдігі жоғары және қуатты әлем қалыптастырып, инвесторлардың табыс табуына көмектеседі. Қордың тізгінін бірінші рет ұстап тұрған басшылар үшін, VC Include BIPOC стипендиясы қара нәсілді, латынамерикалық, тұрғылықты халық өкілдері және әйелдер басқаратын өнімділігі жоғары венчурлық капиталдың келесі буынына қолдау көрсетеді және қорлардың жаңа нарықтарда экономикалық тұрғыда өсуіне ықпал етеді.
Басқа серіктестерде












Америкалық Қызыл Крест атауы мен логотипі оның рұқсатымен пайдаланылады, ол ешбір өнімге, қызметке, компанияға, пікірге немесе саяси ұстанымға ешқандай қатысы жоқ. Америкалық Қызыл Крест атауы мен логотипі — Америкалық Қызыл Крест ұйымына тиесілі тіркелген сауда белгілері. Америкалық Қызыл Крест туралы қосымша ақпарат алу үшін redcross.org сайтына кіріңіз.
Visa Foundation қажетсіз ұсыныстарды қабылдамайды.