Visa компаниясы алаяқтықтан, жеке деректердің ұрлануынан қорғаудың бірнеше деңгейін және алаяқтық транзакциялар үшін жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Онлайн транзакциялар жоғары деңгейлі шифрлау (SSL) технологиясымен, Verified by Visa бағдарламасымен әрі эмитенттердің, саудагерлердің және қызмет көрсетушілердің Visa компаниясының саладағы жетекші Cardholder Information Security Program (Карта иелерінің ақпаратының қауіпсіздігі бағдарламасы) (CISP) талаптарына сәйкестігімен қорғалады.
Сондай-ақ Visa жауапкершілік алмау саясатын ұсынады, яғни, карта иелері алаяқтық төлемдерге жауапты болмайды.
Visa-ның жауапкершілік алмау саясаты АҚШ-та шығарылған карталарды қамтиды және банкоматтағы транзакцияларға, PIN коды қолданылатын немесе Visa өңдемейтін басқа транзакцияларға, я болмаса коммерциялық карталармен өткізілетін белгілі бір транзакцияларға қатысты емес. Карта иесі кез келген рұқсатсыз пайдалану туралы банк карталарын шығарушыға дереу хабарлауы керек.