Біз әрбір жанның өз мақсатына шағын, бірізді қадамдар жасай отырып жете алатынына сенеміз."Вундеркиндтер" мен "қас қағым сәттегі жетістік" туралы аңыздарды жоққа шығаратын жандар бізге шабыт береді. Осындай аңызды жоққа шығараты барлық жанның жолы — тәуекел мен жүйелі әрі күн сайынғы қадамдардың үлкен жетістіктер мен нәтижелерге жеткізетінінің дәлелі.
Олар мақсатына жетуге ұмтылып жүрген барлық жанды шаббытандырып, өзіміз жетуге тырысып жүрген мақсатқа түбінде бір алып келетін шағын қадамдарды назарда ұстауымыз керек екенін есімізге салады.