Біз VisaNet деп аталатын әлемнің ең үлкен электрондық төлемдер желілерін пайдаланамыз. Бұл Visa карталарын әлемнің кез келген жерінде пайдалануға мүмкіндік береді. VisaNet туралы толық ақпарат.
Сіз өзіңіздің Visa картаңызды (немесе басқа төлем өнімін) пайдаланғанда, төлемді өңдеуімізге мүмкіндік беретін төлем картаңыздың нөмірі мен басқа ақпаратты аламыз. Бізге транзакция орындалған күн, уақыт, орын және транзакция сомасы, сонымен қатар сатып алушы туралы ақпарат келіп түседі. Бұл дерек элементтерді «Картаның транзакциялық деректері» деп аталады. Транзакцияларды өңдеу кезінде және клиенттерімізге қызмет көрсету кезінде басқа да қаржылық ақпаратты алуымыз мүмкін.
Төлемдердің орындалуы үшін Картаңыздың транзакциялық деректерін пайдаланамыз және басқаларға береміз, сондай-ақ ол ақпаратты мына мақсатта пайдаланамыз:
- Visa электрондық төлемдер желілерін, оның ішінде авторизациядан өту, есеп айырысу және транзакцияларды орындау сияқты негізгі қаржылық процестерді пайдалану, сонымен қатар түпнұсқалылықты куәландыру, токендеу, дауды реттеу, алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздік сияқты операцияларды орындау
- Клиенттерімізге қызмет көрсету. Мысалы, карта эмитентінің немесе сатушының адал тұтынушыларына арналған ұсыныстарына тіркелсеңіз, біз Картаның транзакциялық деректерін өңдеп, сіздің сыйақыларыңызды есептейміз және клиенттен мақсатты ұсыныстар береміз; толық ақпаратты осы беттің Адалдық және сыйақылар бөлімінен алыңыз.
- Бизнесті дұрыс жүргізу және экономикалық трендтерді түсіну үшін сіз және басқалар біздің өнімдерді қалай қолдану, аналитика жасау және үлгілеу әдісін түсіну
- Өнімді жетілдіруге және клиенттерге консультациялық қызметтер ұсынуға мүмкіндік беретін Жеке басқа қатысты ақпарат қосылмаған, анонимді немесе біріктірілген деректер жинақтарын жасау; толық ақпаратты осы беттегі Visa өнімдері мен қызметтері бөлімінен алыңыз.
- Біздің күнделікті бизнес қажеттіліктерімізді басқару, мысалы, ішкі есеп айырысуды жүргізу, клиент есептері, келісімшарттарды басқару, веб-сайтты басқару, бизнес қызметтің үздіксіздігі мен апаттар салдарларын жою, қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу, корпоративтік басқару, есеп беру және заң талаптарына сәйкестік
Таңдауларыңыз
Төлем өнімдерінің қайсысын қолданатыныңызды таңдағаныңыз үшін сізге алғыс білдіреміз. Біздің мақсатымыз — сізге Visa қызметін еш күмәнсіз пайдалана алатындай мүмкіндік жасау, себебі біз құпиялылықты және қауіпсіздікті жоғары бағалаймыз. Құпиялылыққа қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса, кез келген уақытта бізге хабарласа аласыз.