-
Visa B2B Connect — бір рет қосылып, әлемдік төлемдер жасау мүмкіндігі
Visa B2B Connect көп профильді желісі қаржылық институттар мен олардың корпоративтік клиенттері үшін алдын ала болжауға болатын, қауіпсіз әрі тиімді B2B халықаралық төлемдерін ұсынады.

Бұлтартпастық
Қайтарылмайтын төлемдер толық көлемде бенефициар банкке жіберіледі

Алдын ала болжауға болатын мүмкіндік
Қаражаттың қашан жеткізілетінін нақты білу мүмкіндігі

Ашықтық
Комиссиялық алымдар мен валюта бағамдары анық және нақты көрсетіледі
Жеңілдігі бар баға

Бір байланыс
Делдалдарға комиссиялық алымдар төлемей, әлемдік желіге дереу қосылу

Қолдануға дайын
Реализацияның түрлі нұсқалары инфрақұрылымға бастапқы инвестициялардың қысқаратынын білдіруі мүмкін

Оңтайландыру
Өтімділікті тиімді басқарып, корреспонденттік қатынастарға тәуелділікті азайтыңыз, ол операциялық шығындарды азайтады
Қауіпсіздік және тиімділік

Бірнеше деңгейлі қауіпсіздік
Бұл желі төлем қауіпсіздігі күшейтілген танымал қатысушылардан құралған

Қорғаныс
Visa B2B Connect цифлық куәландыру функциясы ұйымдарға бірегей идентификатор беру арқылы олардың бизнеске қатысты құпия ақпаратын төкендейді

Бай дерек
Желі ішінде тікелей хабар алмасу процесі мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді
Инновация және функционалдық мүмкіндіктер

Өзара толықтыру
Visa B2B Connect көмегімен өзіңіздің басқа да төлем қызметтеріңізді толықтыруыңызға болады

Таңдау
Шетелдік валютадағы төлемдер үшін Visa-ның валюта бағамдарын немесе өзіңіздің бағамдарыңызды таңдай аласыз
Ескертпе: пайда Visa B2B Connect қатысушылары арасындағы транзакцияларға қолданылады. Желіден тыс банктермен де транзакция жүргізуге болады.
Visa B2B Connect-тің жұмыс істеу принципі

Тиімді халықаралық төлем транзакциясын көрсету үшін диаграммада Visa алтын және көк түсті белгішелер қолданылады.
Суретте A компаниясы B компаниясына төлем жіберу кезіндегі оңтайландырылған транзакция көрсетілген. Транзакция сол жақтағы А компаниясынан бастау алып, өз банкінен (А банкі, ол оның оң жағында орналасқан) өтеді де, содан кейін Visa B2B Connect арқылы B банкіне барып (B банкі оң жақта тұр), ақыры B компаниясына жетеді.
A компаниясы корпоративтік ғимарат белгішесімен көрсетілген. А компаниясы өзінің оң жағындағы А банкімен көрсеткі арқылы қосылған, осылайша төлем ағыны көрсетіледі. А компаниясының белгішесі шеңбердің ең сол жақ жиегінде орналасқан, ол шеңбер Visa B2B Connect желісі қамтитын ауқымды білдіреді. Осы шеңбердің ішінде Visa B2B Connect желісіне арналған таңба бар. Шеңбердің ең оң жағында B банкінің белгішесі тұр, ол А банкі де, B банкі де Visa B2B Connect желісінің бір бөлігі екенін білдіреді. A банкінен B банкіне дейінгі транзакция Visa B2B Connect желісі арқылы өтеді. Содан кейін B банкі өзінің оң жағында тұрған B компаниясымен тағы бір көрсеткі арқылы тікелей қосылады, яғни Visa B2B Connect желісі арқылы екі банктің арасында тікелей аударылу арқылы төлемнің B компаниясына қалай жететінін көрсетеді, ол корпоративтік ғимарат белгішесімен бейнеленген.
А компаниясының оң жағы мен B компаниясының сол жағында орнадасқан құлып таңбалары Visa B2B Connect желісінің қауіпсіз екенін білдіреді, оның цифрлық куәландыру функциясы A компаниясы мен B компаниясының құпия ақпаратын токендейді.
Бір байланыс арқылы әлемдік төлемдер жасау мүмкіндігі
Visa B2B Connect — инновациялық көп профильді төлем жүйесі, ол — ағымдағы корреспонденттік банк процестеріне қатысты алдын ала болжап білмейтін мәселелердің алдын алуға көмектесетін балама халықаралық шешім.
Visa компаниясының беделі мен тәжірибесі негізінде Visa B2B Connect өтімділікті оңтайландырады және корреспонденттік қатынасты жеңілдетуге мүмкіндік берелі.