Visa Consulting & Analytics туралы

Visa Consulting & Analytics (VCA) — Visa компаниясының төлемдер бойынша кеңес беру тетігі.
Біз — бүкіл дүниежүзінде қызмет ететін бірнеше жүз төлемдер кеңесшілері мен деректер зерттеушілерінің жаһандық тобымыз.
Кеңесшілеріміз төлем индустриясында ондаған жылдар тәжірибесі бар стратегия, өнім, портфолионы басқару, тәуекел, цифрлық және өзге салалардың мамандары болып табылады.
Деректер зерттеушілеріміз — дүниежүзінде ең ірі төлемдер желілеріне жататын VisaNet жүйесінің деректеріне айрықша қатынасы бар статистика, кеңейтілген талдау және компьютерлік оқыту мамандары.
Кешенді төлемдер кеңестері бойынша біліктілік тіркесімі және деректер ауқымы іске асырылатын ойларды және іскерлік шешімдерді тиісті түрде жүзеге асыру бойынша кеңестерді анықтау мүмкіндігін береді.
Біз не істейміз
Клиент қызметінде көп кездесетін алты тәжірибелік тұста шығарушыларға, сатып алушыларға, корпоративтік клиенттерге, қаржылық технология және өзге салаларға консультациялық қызметтерді ұсынамыз.

Стратегия
Клиенттерге өсу мен тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында төлем стратегияларын жасақтауға, цифрлық экономикада бәсекеге түсуге және ашық банкинг, нақты уақыттағы төлемдер мен жаңадан шығып жатқан үшінші тарап платформалары сияқты басты тақырыптар бойынша шешімдер табуға көмектесеміз

Өнім
Клиенттерге өнім құндылығы ұсыныстарын жеткіземіз, соның ішінде жаңа өнімді әзірлеу, жаңғыртулар және жаңартулар

Портфолионы басқару
Клиенттерге тиісті клиенттерді және иемденуді, араласуды және ұстап қалуды қамтамасыз ететін озық портфолио іс-әрекеттерін анықтауға көмектесеміз

Тәуекел
Клиент тәжірибесін оңтайландырып, клиенттерге тәуекел мен алаяқтықты тиісті түрде реттеуге көмектесеміз.

Цифрлық
Клиенттерге цифрлық стратегияларды әзірлеуге және мәселелерін шешуге қолдау көрсетеміз, соның ішінде топ-пайдаланушы, картаны дерекқорға енгізу, белсендіру және үздіксіз араласу

Орындау
Кеңестерді іске асыру мақсатында кеңесшілерімізді клиенттеріміздің ұйымдарына жөнелтеміз.