Жақындарыңызға шет елге Visa картасына жасалатын аударымдар
Бұл сервис не үшін керек?
Қалай пайдаланады?
1-қадам: Картаның 16 санын біліп алыңыз
Картаға ақша аудару үшін керегі осы ғана. Нөмірді жақындарыңыз бен достарыңызға еркін жібере берсеңіз болады – бұл қауіпсіз.
! Аударым жасау үшін картаның нөмірін жібергеніңізбен, еш уақытта тіпті жақсы танитын адамыңызға картаның PIN-кодын, жарамдылық мерзімі мен CVV2-кодын айтпаңыз.
2-қадам: Аудару тәсілін таңдаңыз
Visa карталарына тез ақша аударатын сервисті пайдаланатын бірнеше тәсіл бар.
3-қадам: Аударым жасаңыз
Ақша картаға бірден түседі.
Бүгінгі таңда көптеген банктер Visa төлем жүесінің ішінде ақшаны бірден аударуға мүмкіндік береді. Егер ақшаны Visa картасына аударым жасау сервисінің көмегімен аударып жатсаңыз, ақша қаншалықты тез келетініні банкіңізден анықтап алыңыз.
Серіктес банктер
Жалпы сұрақтар
-
Картаға тез ақша аудару – бұл Visa карталарының иелеріне қайда жүрсе де оңай әрі тез ақша аударуға, қызметтері мен несиелерін төлеуге көмектесетін сервис. Ақша аудару үшін, Visa картасының 16 таңбалы нөмірін білсеңіз болды. Ақшаны банкомат арқылы, ұялы телефонның көмегімен, Интернет немесе терминал арқылы жібере аласыз.
-
Аударым үшін үстемақыны банктер өз қалауы бойынша бекітеді. Үстемақы туралы толық ақпаратты банкіңіздің сайтындағы жеке кабинеттен іздеңіз.
-
Сервисті пайдалану шарттарында транзакция 30 минуттан аспайтын уақытты алады деп көрсетілген, алайда қаражат алушының шотына бірнеше секундтың ішінде түсіп жатады.
-
Ақшаны кез келген валютада аударуға болады. Visa картасына ақша аударғанда, бірден аударым жасалған картаның валютасында түседі.
-
Visa карталарына шұғыл ақша аудару қызметі әлемнің 20-дан астам елдерінде қолжетімді. Қаражатты кез келген қолжетімді елге, солардың кез келген біреуінде тұрып жібере аласыз*.
*Шектеулер бар. Ақпаратты банкіңізден анықтап алыңыз.
-
Егер банкіңіз Visa карталарына шүғыл аударым жасау қызметін көрсетсе, Visa карталарының басқа иелеріне қай банктен шығарылса да ақша аудара бересіз.
-
Бәлкім, банкіңіз ондай қызметті көрсетпейтін шығар. Басқа банктердің клиенттеріне ақша аударуға бола ма? Немесе сайтында сәйкес өзгерісті енгізіп үлгермеген болар. Ақпаратты «ақша аударымдары» мәзірінен тексеруіңізге болады. Сонымен қатар ақшаны өзіңіздің Visa картаңыздан сондай қызметті көрсететін кез келген банк арқылы аудара аласыз.
-
Visa карталарына шұғыл ақша аудару қызметі қаражатты тек Visa картасынан Visa карталарына аударуға мүмкіндік береді. Кейбір банктер әртүрлі төлем жүйелерінің карталарына аударым жасау қызметін көрсетеді.
-
Үстемақы мөлшерін нақты жағдайларда аударым қызметін көрсететін банк бекітеді. Үстемақы туралы толығырақ ақпаратты банкіңіздің сайтынан біле аласыз.
-
Ол туралы ақпаратты банкіңіздің сайтынан іздейсіз.
-
Visa карталарына шұғыл ақша аудару үшін он-лайн қызметті немесе жақын жердегі терминалды пайдаланыңыз.
-
Картадан ақша шегерілмес бұрын, аударымның дұрыстығын растауыңызды сұрайды. Растаусыз ақша шегерілмейді.
-
Аударым күйін анықтау үшін, Visa картасына шұғыл аудару қызметін ұсынған операторға хабарласыңыз.
-
Аудару үшін алушының Visa картасының 16- таңбалы нөмірін білсеңіз жеткілікті.
-
Visa картасын алу үшін, банктің кез келген бөлімшесінен сәйкес өтініш рәсімдесеу керек, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты ала барыңыз.
Қауіпсіздік
-
Visa алааяқтыққа жол бермеу үшін жіберілетін ақпаратты үнемі бақылап, шифрлап отырады, соның арқасында картаңызға қатысты барлық операциялардың сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
-
Visa карталарына шұғыл аударым жасау қызметінің көмегімен ақша аудару үшін Visa картаңыздың нөмірін басқа біреуге жіберу қауіпсіз. Алайда, қандай жағдай болмасын, картаңыздың PIN-код пен CVV/CVC2 сияқты деректерін ешкімге айтпаңыз, себебі бұл деректер жеке шотыңызға қол жеткізуге, шотыңыздан ақша шешуге және аударуға мүмкіндік береді.
-
Visa картаңыздың PIN-код пен CVV/CVC2 деректерін ешқашан ешкімге айтпаңыз, себебі бұл деректер жеке шотыңызға қол жеткізуге, шотыңыздан ақша шешуге және аударуға мүмкіндік береді.
-
Егер байқамай картаның 16 таңбалы нөмірін тергенде қателессеңіз, ақша аударылмайды, өйткені ондай нөмірлі карта жоқ. Әр картаның нөмірінде қатені табуға көмектесетін қосымша сандар болады.
-
Егер Visa картасынан ақша аударсаңыз, ақша шотыңыздан шешілмей тұрып, PIN-код жазу керек болады. Интернет-банкте аударым жасағанда VbV кілтсөзін немесе интернет-банктің атбелгісі мен кілтсөзін жазу керек.
Аудару тәсілдері
-
- Банкоматтың мәзіріне кіріңіз.
- «Visa картасына аудару» қызметін таңдаңыз.
- Картаны салып, PIN-кодты теріңіз.
- Алушының картасының нөмірін жазыңыз.
- Visa картаңыздан аударатын соманы жазыңыз.
- Алушының Visa картасының нөмірін, аударым сомасы, үстемақы мөлшерін тексеріп, аударымды растаңыз.
Егер банкомат қағаз ақша қабылдай алса, аударымды картаға қолма ақшамен жасауға болады:
- Банкоматтың мәзіріне кіріңіз.
- «Visa картасына аудару» қызметін таңдаңыз.
- Алушының картасының нөмірін жазыңыз. Қағаз ақшаны ақша салатын жерге салыңыз.
- Алушының Visa картасының нөмірін, аударым сомасы, үстемақы мөлшерін тексеріп, аударымды растаңыз.
-
- Visa карталарына шұғыл ақша аудару қызметін көрсететін сауда нүктесін таңдаңыз.
- Кассирге Visa карталарына шұғыл ақша аудару қызметі керек екенін айтыңыз.
- Кассирге алушының Visa картасының нөмірін айтыңыз.
- Кассирге аты мен мекенжайын айтыңыз (ТМД мен басқа елдерге аудару үшін).
- Кассирдің алушының карта нөмірін дұрыс жазғанын тексеріңіз де, үстемақы мөлшерін анықтаңыз.
- Кассирге аударатын соманы беріңіз.
Алушының Visa картасына ақша аудару үшін, бірнеше секундтан 2 банктік күнге дейін уақыт керек болуы мүмкін.
-
- Телефоныңыздан банк қосымшасын немесе «Электронды әмиянды» ашыңыз.
- Visa карталарына шұғыл ақша аудару қызметін таңдаңыз.
- Қаражат көзін таңдаңыз.
- Алушының Visa картасының нөмірін жазыңыз. Аударғыңыз келетін соманы жазыңыз.
- Алушының Visa картасының нөмірі, аударым сомасы, үстемақы мөлшері дұрыстығын тексеріңіз де, аударымды растаңыз.