Санағыш құрылғыларда жанаспай төлеу символы бар кез келген сауда нүктесінде.
-
Visa смартфонмен және смарт-сағатпен есеп айырысу мүмкіндігін ұсынады
Күнделікті төлемдерді қарапайым әрі қауіпсіз ететін жанаспай төлеудің ең жаңа технологияларын пайдаланыңыз.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Тексеріңіз
Терминалда жанаспай төлеу символы бар екеніне көз жеткізіңіз
Қойыңыз
Жанаспай төлеу технологиясын қолдайтын Visa картасын, смартфонды немесе сағатты терминалға жақындатыңыз.
Сатып алған затыңызды алыңыз
Керек болса, кассирден түбіртекті сұраңыз. Сатып алу аяқталды!
Артықшылықтары
Жанаспай төлеу – бұл:
- Ыңғайлы – енді ұсақ ақша іздеу немесе чек жазу керек емес.
- Тез – бірнеше секундта жанаспай төлеу.
- Қауіпсіз – жанаспай есеп айырысқанда, Сіз картаны қолдан шығармайсыз.
Өнімдер
Visa картасы
Ыңғайлы жанаспай төлеуден бөлек, карта дәстүрлі төлемдерге қажет магнит таспасымен жабдықталған.
Смартфон
Смартфоныңыз арқылы жанаспай есеп айырысыңыз. Алдын ала бұғаттан босатып, терминалға жақындатыңыз. Бұл ретте Сізге қосымшаны ашудың да қажеті жоқ.
Visa картаңызды Apple Pay, Google Pay, Garmin Pay немесе Samsung Pay-ге тіркеңіз.
Сағат
Қазір сағатыңызбен жанаспай төлей аласыз. Сағатыңызда бірнеше шертіңіз, оны терминалға жақындатыңыз және бірнеше секунд күтіңіз.
Сатып алғанда, Apple Pay, Google Pay, Garmin Pay немесе Samsung Pay арқылы төлеңіз.
Visa картасын смартфоныңызға тіркеу жолы
Visa жанаспай төлеу карталарының эмитент-банктері
Жиі қойылатын сұрақтар
Көбірек білгіңіз келе ме? Жауабын көру үшін, сұрақты басыңыз.
-
-
Картаның иесінен комиссиялық алым алынбайды.
-
Жанаспай жасалатын транзакциялар магнитті таспалармен жасалатын транзакциялар сияқты сенімді және сол сенімді төлем желісі арқылы жасалады. Жанаспай төленетін операция барысында төлейтін құрылғыңызды өзіңіз қадағалайтындықтан, алаяқтық қатері азаяды.
-
Төлем авторизациядан өтуі үшін, Сізге картаны, смартфонды, сағатты немесе стикерді жанаспай төлемді қабылдайтын санағыш құрылғыға 3-5 см жақындату керек және транзакция өтуі үшін оны дұрыс орналастыру керек (стикерден басқа). Тек уәкілетті сауда нүктелерінің санағыш құрылғылары Visa жанаспай төлеу карталарының ақпаратын өңдей алады.
-
Visa жанаспай төлеу карталары әдепкі Visa карталары сияқты қорғалған. Картаңыз/гаджетіңіз жоғалған немесе ұрланған жағдайда, Халықаралық Visa клиенттерді қолдау орталығының өкілдері шотыңызды бұғаттап, картаны ауыстыра алады немесе қолма қол ақшаны жедел бере алады. +1-303-967-1096 (халықаралық қоңырау) нөмірін теріңіз немесе Сіз жүрген елде нөмірдің бар екенін тексеріңіз.
-
Бұл чипі бар картаның бір түрі. Картада жетілдірілген компьютерлік чип қолданылады, ол жанаспай төлеу операцияларын жасау үшін, пластик картаға кіріктірілген.
-
Сауда нүктесі Visa-ның жанаспай төлемін қабылдайтынына көз жеткізіңіз. Төлем терминалында арнаулы таңба болуы тиіс. Егер сауда нүктесі Visa-ның жанаспай төлемін қабылдайтын болса, бірақ транзакция өтпей тұрса, Visa картасының иесі картаны терминалдан өткізу функциясын пайдалана алады, өйткені карта дәстүрлі төлемге қажет магнит таспамен жабдықталған.
Visa International Service Association, Фостер Сити, США