BATYR LAB empowered by Visa музыка резиденциясына қатысуға өтініш беріп үлгеріңіз
Музыка — аударуды қажет етпейтін және жер шарының барлық жерінде бәріне түсінікті әмбебап тіл. Музыканың шекарасы жоқ, ол бәріне қолжетімді әрі одан кез келген жан өзіне керегін алады.
Биыл Visa музыканттарды дамытуға арналған танымдық интенсив — BATYR LAB-тың серіктесі болды, жуырда біздің бірлескен алғашқы BATYR LAB Empowered by Visa офлайн-резиденциямыз ашылады.
BATYR LAB Empowered by Visa — танымдық бағдарлама, ол музыканттардың өз қабілеттерін ашып, жетілдіретін және тыңдаушыларды табатын ортаны құруы үшін, қазақстандық үздік сарапшылар мен менторларды біріктіреді.
BATYR LAB Empowered by Visa 2024 бағдарламасының арнаулы қонағы әрі менторы – Иван Дорн.
Өтініш қабылдау қазір жабылды, енді қазылар
BATYR LAB empowered by Visa музыка резиденциясына шақыру алатын 10 адамды іріктеуде.
Резиденция 2024 жылғы 11 – 18 маусымда Алматыда өтеді. Қатысушылар осы аралықта ментормен және лекторлармен танысады. Резиденция біткен соң, қатысушылар грантқа өтініш бере алады, содан кейін ментор BATYR LAB empowered by Visa ұйымдастырушыларымен бірге, өз шығармасын танытып, армандаған музыка биігіне үлкен қадам жасайтын 6 қатысушыны іріктейді.
Біз осындай ауқымды іс-шараға атсалысқанымызға және музыка әлеміндегі даңғыл жолға қадам басқан қазақстандық әртістерді қолдағанымызға, оларды танытуға көмектескеімізге қуаныштымыз.