• Visa картасымен шопингтің жаңа қырын ашыңыз!

    Four people walk outside in front of buildings with steep, red-tiled roofs and dormer windows on a cloudy day. Four people walk outside in front of buildings with steep, red-tiled roofs and dormer windows on a cloudy day.

Visa карталарымен The Bicester Collection қалашықтарында бірегей жеңілдіктер, артықшылықтар және VIP-аймақтарға кіру мүмкіндігі

The Bicester Collection — Еуропа, Қытай және АҚШ-тағы ерекше әсер сыйлайтын және тиімді ұсыныстарымен танымал 12 бірегей сауда бағытының желісі.

Бұл сауда ауылдары әлемнің әйгілі қалаларының кейбіріне: Лондон, Париж, Милан, Барселона, Мадрид, Дублин, Брюссель, Мюнхен, Франкфурт, Шанхай, Сучжоу және Нью-Йоркқа жақын орналасқан.

Ол 1 500 бутикті қамтиды. The Bicester Collection жыл бойы өз қонақтарына әлемге әйгілі сән мен lifestyle-брендтердің үнемі жаңартылып отыратын топтамасын, атақты мейрамханаларды, қызықты pop-up жобаларды және креативті көркем инсталляцияларды ұсынады.

Visa карталарымен сіздерді күтеді:

  • әлемдік брендтердің бутиктеріндегі жеңілдіктер;
  • «Жеңіл шопинг» қызметі;
  • The Apartment жеке VIP-кеңістігіне кіру;
  • Tax Free-ге арналған (Global Blue) қарапайым тіркеу.
Two women stand in a room with a clothing rack, looking at clothes and smiling. Shelves with dishes, glassware, and fruit are visible in the background.

Әлемдік брендтер бутиктерінде 10% жеңілдік

10% жеңілдікті пайдалану үшін баруды жоспарлаған сауда ауылын (Village) таңдап, VIP Pass-ыңызды жүктеп алыңыз, QR-кодты электронды әмияныңызға қосыңыз және оны қатысушы бутиктер мен мейрамханаларда көрсетіңіз. VIP Pass-ты мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады:

Маңызды:

  • Тек келген күні жарамды.
  • Visa картасын көрсеткеннен кейін жеңілдік кассада тікелей есептеледі.
  • Бутиктердің басқа промоакцияларымен біріктірілмейді.
  • Жеңілдік Visa Classic / Gold / Platinum / Signature / Infinite карталарында қолжетімді.
A man in a suit and a woman in a patterned dress with sunglasses walk outdoors holding shopping bags.

«Жеңіл шопинг» (Hands‑Free)

«Жеңіл шопинг» (Hands-free Shopping) қызметі артық әуресіз сауда жасауға мүмкіндік береді: сатып алған барлық затыңызды күннің соңында бір жерден алып кетуіңізге ыңғайлы болуы үшін, консьерж қызметінің ассистенттері жинап, қаптап қояды.

Қызметті пайдалану үшін:

  • Сауда ауылына келген бойда Concierge Services тұғырында VIP Pass-ыңызды көрсетіңіз.
  • Сатып алғанда QR-кодты көрсетіп, пакеттерді бутиктердің кеңесшілерінде қалдырыңыз.
  • Сауда ауылынан кетерден 30 минут бұрын Concierge Service-те көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, сатып алған заттарыңызды таңдаған орныңыздан алып кетіңіз.

Маңызды:

  • Қызмет күні бойы сатып алған заттарыңызды кез келген уақытта тапсыруға мүмкіндік береді.
  • Сатып алған барлық затыңыз шопинг соңында бір жерден беріледі немесе автоға/таксиге/қонақүйге жеткізіледі (орналасқан жеріне байланысты).
  • Visa Signature / Infinite карталарының иесіне тегін.
A woman in a white dress stands at an open door, holding a cup and looking outside; a dining table with flowers and food is set nearby.

Village - The Apartment жеке люксіне қол жеткізу

The Apartment — премиум деңгейдегі дербес сервисі бар демалуға арналған жеке лаунж-кеңістік.

The Apartment-ке кіру мүмкіндігін брондау үшін жоспарланған сапардан кемінде 48 сағат бұрын Guest Services қызметінің электронды пошталарына хат жіберіңіз.

Маңызды:

  • The Apartment — алдын ала өтініммен ғана қолжетімді жеке аймақ.
  • Кіру өтінімін кемінде 48 сағат бұрын жіберу керек; орын шектеулі болғандықтан Concierge қолжетімділіктен бас тартуы мүмкін.
  • Кіру мүмкіндігі тек Visa Infinite карталарының иелеріне беріледі.
Two women look at a brochure; one wears a red uniform and hat behind a counter, the other stands in front of her. A map is visible in the background.

Global Blue арқылы ҚҚС-ты (Tax Refund) қайтару

Global Blue серіктес-сатушыларынан tax refund ресімдеп, 17%-ға дейін үнемдеңіз. Сатып алу сомасы €100,01-ден асуы тиіс.

Tax Free қызметін жеңіл пайдалану үшін Visa картасының иелері төмендегі сілтеме арқылы онлайн-форманы бір рет толтырып немесе The Bicester Collection сауда ауылдарындағы флаердегі QR-кодты сканерлеу арқылы Visa картасын тіркеуі қажет (Франция, Италия, Испания және Ирландия).

Тіркелгеннен кейін карта иесі бутиктерде қолдануға арналған штрихкод алады. Оны сатып алу кезінде сканерлетсеңіз, Tax Free формасы автоматты түрде толтырылады. Елден шығарда кедендік растаудан өту керек, содан кейін қайтарылған қаражат тіркелген Visa картаңызға аударылады.

Registration Links:

Ұсынысты Visa Classic / Gold / Platinum / Signature және Visa Infinite карталарының иелері 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалана алады.