Украина және украиндар жүректіліктің нағыз символныа айналды, қазір ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі жандарды бірлікке шақырып, күрес жолында украиндарға көмектесуге шабыттандыруда. Visa-да бұдан сырт қалған жоқ.
Цифрлы төлемдердің жаһандық көшбасшысы Visa-ның қолдауымен және Украина Цифрлы трансформация министрлігі мен Украина Сыртқы істер министрлігінің ақпараттың жәрдемімен Made with bravery маркетплейсі іске қосылды, онда Украинада өндірілген тауарлар сатылады.
Бұл маркетплейс дүние жүзіндегі адамдардың украинаның түпнұсқа мәдениеті туралы біліп, украиналық ең үздік өндірушілер мен өз ісінің шеберлері өндірген тауарларды сатып алу арқылы шағын және орта бизнесті қолдауына мүмкіндік береді. Әр елдегі сатып алушылар украина бизнесінің аяққа тұрып кетуіне ғана емес, ары қарай дамып, кеңеюіне де жәрдемдеседі.
Маркетплейсте сан алуан санаттағы тауарлар: киім, аяқ кіиім, керек-жарақтар, үйге арналған тауарлар, сондай-ақ косметика, ұзақ сақталатын тамақ және сусын ұсынылған және олар әлемнің кез келген жеріне жеткізіледі.
Одан бөлек, маркетплейсте сатып алыған әрбір зат — Украина қалаларының қалпына келуіне тікелей үлес.
Сатып алынған әр тауардың құнының 5%-ын маркетплейс United24 фандрезинг платформасына жібереді. Платформаның арнаулы комиссиясы ол қаражатты сол сәттегі Украинаны қалпына келтіру бағдарламасына аударады. Ал Visa картасымен төлесеңіз, сатып алу құнынан қосымша 5% United24 платформасына аударылып, мемлекетті қалпына келтіруге жұмсалады. Осылайша, әр сатып алу сомасының 10%-ы Украинаны қалпына келтіруге бағытталады.
Made with bravery тапсырысты әлемнің көптеген еліне жеткізеді, сондықтан өзіңіз үшін ғана емес, достарыңыз бен әріптестеріңізге сыйлық ретінде де тапсырыс бере аласыз. Басқа елдегі туыстарыңызға жіберсеңіз де болады.
Тапсырысты жеткізуге болатын елдердің толық тізімімен мына сілтемеден таныса аласыз.
Сатып алған тауарларыңызды Укрпочта почта байланысының ұлттық операторы жеткізеді. Әлемдегі нақты бір елге жеткізу мерзімі почта операторының ережелерімен анықталады. Толық ақпаратты Укрпочта сайтынан табуға болады
Әр тапсырыс — украиндардың өз құндылықтары мен азаттығы жолындағы күресін нақты көмек және миллиондаған адамның шаңырағын қалпына келтіруге қомақты үлес. Батырлар үйін бірге тұрғызайық!