- Премиум картаның иесі ұшардан 12 сағат бұрын Visa Concierge қызметіне жүгініп, келесі ақпаратты ұсынуы тиіс:
- өз аты-жөні;
- рейстің күні, уақыты мен нөмірі;
- өз байланыс нөмірі;
- сондай-ақ Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business или Visa Signature Business премиум картасының иесі ретінде «Visa-ның Fast Line» акциясына қатысатынын көрсетуі тиіс.
- Өтінішті қабылдаған соң, әуежай қызметкері жолаушыға қай терминалға келуі тиіс екенін айтады.
- Әуежайдың қызметкері терминалдың тиісті кіреберісінде жолаушыны тақтайшамен қарсы алып, «Salam Service» тұғырына алып барады.
- Содан соң жолаушыны жедел өтуге болатын тіркеу тұғырына апарады. «Visa-ның Fast Line» сервисін пайдаланушы тіркеу тұғырына дейін пайдалануға болатын портье қызметін пайдалана алады (ары қарай бұл қызметке бөлек төленеді).
Тиісті тұғырда тіркеуден өткенде және жүкті тапсырғанда, жолаушы әуежай қызметкеріне рейс билетін көрсетеді. Ұсынылған құжаттар тексерілген соң, әуежай қызметкері жолаушыны рейске тіркейді.
Егер жолаушыда декларация жасалатын заттар болса, әуежай қызметкері жолауашыны тиісті тұғырға апарады да, кеден декларациясын толтыруға көмектеседі. Содан соң жолаушы тексеруден тез өту аумағына жіберіледі. - «Visa-ның Fast Line» сервисін пайдаланушы «Salam Gold Service» сервисіне қосылған, тиісті тұғырға өткізгенге дейін бір дана жүкті тегін орау қызметін пайдалана алады.
- Қауіпсіздік аумағына кірерде, жолаушы отырғызу талонын тексеруге ұсынуы тиіс. Жеке тексеруден өтіп, қол жүгін рентген аппараты арқылы өткізуі тиіс. Содан кейін жолаушы төлқұжат тексеруінен тез өтетін тұғырға жіберіледі.
- Төлқұжат тексеруінде жолаушы отырғызу талонын тексеруге тағы бір рет ұсынуы тиіс.
- Тиісті процедуралардан өткен соң, жолаушы жалпы күту залына барады.
Саяхаттағанда Visa-мен жайлы қыдырыңыз!
Бакудегі Гейдар Алиев халықаралық әуежайында 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business және Visa Signature Business премиум карталарыңызбен пайдалануға болатын «Visa-ның Fast Line», қызметін пайдаланыңыз.
«Visa-ның Fast Line» сервисі келесі қызметтерді ұсынады:
- рейске жылдам тіркелу процедурасы;
- жүкті портье қызметімен жедел жеткізу;
- ұшатын және қонған кездегі төлқұжат қадағалауын айналып өту.
Жыл бойы қолжетімді сервистер саны: Visa Platinum — 2 рет, Visa Signature — 4 рет, Visa Infinite — 6 рет, Visa Platinum Business — 2 рет, Visa Signature Business — 4 рет.
2024 жылдың 1 маусымынан бастап Visa премиум карталарын ұстаушылар өздерімен бірге 12 жасқа дейінгі бір баланы тегін ала алады, егер бала ересек адаммен бірге бір рейспен ұшатын болса.
«Visa-ның Fast Line» сервисі ұшатын кезде әуежайда «Salam Gold Visa» қызметін және ұшып келген кезде «Salam Platinum Visa» қызметін қамтиды.
Fast Line қызметін пайдалану жолы: Salam Gold Visa (ұшарда)
Fast Line: Salam Platinum Visa» қызметін пайдалану жолы: (қонғанда)
- Премиум картаның иесі ұшардан 12 сағат бұрын Visa Concierge қызметіне жүгініп, келесі ақпаратты ұсынуы тиіс:
- өз аты-жөні;
- рейстің күні, уақыты мен нөмірі;
- өз байланыс нөмірі;
- сондай-ақ Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business или Visa Signature Business премиум картасының иесі ретінде «Visa-ның Fast Line» акциясына қатысатынын көрсетуі тиіс.
- Әуежайдың қызметкері 1-терминалдың кіреберісінде, перрон жағынан жолаушыны тақтайшамен қарсы алады.
- Әуежай қызметкері жолаушыны төлқұжат тексеруінен жедел өтуге болатын тіркеу тұғырына және кезексіз тіркеуге апарады.
- Төлқұжат тексеруінен жылдам өткен соң, әуежай қызметкері жолаушыны әуежайдың 2-терминалындағы премиум-лаунджға апарады.
- Осы кезде жолаушы өз орнына жүкті алуы үшін жүк талонын портьеге бере алады жүкті алу талонын жолаушыдан алады. Қажет болса, кеден декларациясын толтыруда жолаушыға көмек көрсетіледі.
Егер жолаушы «Visa-ның Fast Line» сервисінен бас тартқысы келсе, ұшардан 3 сағат бұрын Visa Concierge чат-ботында айтуы тиіс.
Ұсыныс 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды
Пайдалану шарттары
Visа премиум карталарымен «Visa-ның Fast Line» сервисін пайдалану үшін, алдағы 35 күн ішінде Visa Platinum карталарымен 75 000 теңгеге, Visa Signature картасымен 150 000 теңгеге, Visa Infinite картасымен 300 000 ₸ есеп айырысуы керек. Visa Platinum Business және Visa Signature Business карталары үшін айлық ең төменгі төлем сомасы шектелмеген.
Сұрақтар мен жауаптар
-
-
2024 жылдың 1 маусымынан бастап қызметті пайдаланушы өзіне және онымен бір рейспен саяхаттайтын 12 жасқа дейінгі балаларға арналған сервис қызметтеріне қол жеткізе алады.
-
-
Ұшарда – Salam Gold Visa: Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайда тіркеуден жедел өту және жүкті тез тапсыру. Сонымен қатар сервиске бір жолаушының бір жүгін орау қызметі кіреді.
Қонғанда – Salam Platinum Visa: Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайына қонғанда тіркеуден жедел өту. Сонымен қатар сервиске жолаушыны портье тарапынан әуежайдың 2-терминалындағы премиум-лаунджға дейін сүйемелдеу қызметі кіреді.
-
-
Украина, Қазақстан, Сербия, Молдова, Грузия, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Македония, Монтенегро, Албания, Босния және Герцеговина, Косовода шығарылған Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite және Visa Platinum Business, Visa Signature Business карталарымен пайдалануға болады.
-
-
Премиум карталардың иелері сервисті алдыңғы пайдаланған сәтінен бастап 24 сағатта 1 рет пайдалана алады. Жыл бойы Visa Platinum және Visa Platinum Business карталардың иелері сервисті 2 рет, Visa Signature және Visa Signature Business — 4 рет, Visa Infinite — 6 рет пайдалана алады.