Tax Free* өтеу Visa мен Global Blue арқасында 20%-ке өседі
* Tax free – қосылған құн салығының сомасын қайтару жүйесі.
Акцияның егжей-тегжейі
Visa карталарының иелері акцияға қатысатын дүкендерде Global Blue ұсынған Tax Free-ді рәсімдегенде 20% қосымша қайтарым (әр төлем үшін 500 еуроға дейін) алады.
Акция шарттары
QR-кодты жүктеңіз. Акцияға қатысатын брендтер мен дүкендерді көру үшін басыңыз. Дүкенде QR-код пен Visa картасын көрсетіңіз де, төлемді Tax Free-мен ресімдеуді сұраңыз. Tax Free нысаныңызды үйге қайтарда кеденде растаңыз.Қосымша төлемнің рахатын көріңіз! Қаражаттың 20% автоматты түрде Visa картаңызға түсетін болады.
-
Акция 2024 ж. 31 желтоқсанға дейін созылады.
Қатысушы дүкендерде Global Blue көмегімен Tax Free ресімдейтін қатысушылар өздерінің Visa картасын пайдалана отырып, 20% қосымша өтемақы ала алады. Акцияны пайдалану үшін Global Blue ұсынған Tax Free-ді ресімдегенде акциялық QR-код пен Visa картаңызды тікелей дүкендерде беріңіз. Қосымша 20% сату құнына емес, өтеу сомасына есептеледі. Мысалы, бағасы 1000 еуроны құрайтын өнімдерге алымнан кейін салықты өтеу 140 еуроны құрайды. 140 еуродан қосымша 20% – 28 еуро. Қосымша өтемақы Global Blue жүйесі төлемдеріңіздің кедендік растамасын алғаннан кейін бірден Visa картаңызға аударылатын болады. Қосымша қайтарымды төлеу әдетте ЕО-дан шыққаннан кейін 7 күн ішінде жүзеге асырылады. Алайда кейбір жағдайларда, мысалы, Tax Free нысаны Global Blue-ге поштамен жіберілгенде, бұл 90 күнге дейінгі уақытты алуы мүмкін. Салық салмастан транзакция бойынша төленетін қосымша өтемнің максималды сомасы 500 еуроны құрайды. Жоғарыда көрсетілген сомалар төлем жасау күніне еуроны теңгемен сатып алу бағамына шаққандағы теңгемен есептелуі керек. Акцияның күші Global Blue тарапынан хабарланбастан тоқтатылуы мүмкін.
Қатысушы елдер
Tax Free деген не
Global Blue ұсынған Tax Free қызметі – шетелдік сатып алушыларға тауарлар үшін төленген қосылған құн салығын қайтару мүмкіндігі, соның арқасында шетелдік сапарларыңыз одан да тиімді болады.
Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған сатып алушы бүкіл әлем бойынша 300 000-нан астам серіктес дүкенде сатып алған тауарлары үшін ҚҚС-ны өтеп алу үшін Global Blue ұсынған Tax Free қызметін пайдаланады.
САТЫП АЛЫҢЫЗ
Акцияға қатысатын дүкендерден тауарлар сатып алыңыз да, Global Blue ұсынған Tax Free-ді ресімдегенде акциялық QR-кодты және Visa картаңызды көрсетіңіз.
ТІРКЕҢІЗ
Үйге қайтарда кеденде немесе жөнелту аймағындағы арнайы киоскілерде өзіңіздің Tax Free нысаныңызды растаңыз.
ҚАЙТАРЫП АЛЫҢЫЗ
Visa картаңызға ҚҚС өтемін және қосымша 20% алыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Сіз ҚҚС немесе төлем салығы қосылған көптеген тауарға өтемақы алу жөнінде хабарласа аласыз, тек оларды үйге түпнұсқалық қаптамада қолданылмаған күйде алып кетуіңіз шарт. Алайда бұл сіз қонақ болған елде тұтынған азық-түлік пен сусындарға қатысты емес.
-
Зат сатып алғанда дүкен қызметкеріне акциялық QR-кодты және Visa картасын көрсетіңіз де, Global Blue ұсынған Tax Free-ді ресімдеуін сұраңыз. Үйге қайтарда кеденде өзіңіздің Tax Free нысандарыңызды растаңыз.
-
Тауар чектерін, Tax Free толық толтырылған нысандарын және түпнұсқа қаптамадағы қолданылмаған тауарларыңызды бірге сақтаңыз, сонда оларды кеден қызметкеріне көрсетуге болады. Сатып алған заттарыңызды багажға салмаңыз.
-
Иә, дүкенде Global Blue Fast Refund сұраңыз да, өзіңіздің Visa картаңызды көрсетуді ұмытпаңыз.