Visa Қазақстандағы спорт іс-шараларын қуана-қуана қолдайды, осы жылы да Алматы жартылай марафонының серіктесі болды. 17 сәуірде төрт санат бойынша жүгірушілер өз шыдамдылықтарын көрсетіп, спорт мерекесінің атмосферасынан рахат ала алады және Almaty Half Marathon-ның бас жүлдесі — Ыстанбұлда өтетін N Kolay құрлықаралық марафонына сапар үшін күресе алады!
Күні: 17 сәуір 2022 жыл
Сөре: Тұңғыш Президент саябағы, Әл-Фараби д-лы
Мәре: Орталық стадион, Абай д-лы
Қашықтықтар: 21,1 км, 10 км, 10 км – скандинавиялық жүріс, экиден эстафетасы
Сонымен қатар, Almaty Half Marathon басталғанға дейін екі күн бұрын дәстүрлі марафоналды экспо — спорт жәрмеңкесі басталады, ол жерде шеберлік кластары, консультациялар, таныстырылымдар, шағын жарыстар өтеді, сондай-ақ марафон қатысушыларына сөре жинақтары беріледі.
Күні: 15 және 16 сәуір 2022 жыл
Уақыты: 10:00–20:00
Өтетін жері: Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, 10-павильон
17 сәуірде Visa-мен бірге Almaty Half Marathon-да спорт рухына қанығыңыз!
Іс-шараны өткізудің егжей-тегжейі – Алматы Жартылай марафоны 2022 сілтемесі бойынша.