2020 жылғы 22 қазаннан бастап Кселл мен Visa бірлесіп «Visa QR-мен кешбэк» жарнамалық акциясын бастайды, онда activ абоненттері өз балансының көмегімен қоғамдық көлікте жасаған жолақы құнынан немесе сауда нүктелерінде жасаған төлем құнынан 25% дейінгі мөлшерде кешбэк алады.
Сатып алынған зат құнынан нөмір балансына 25% дейін кешбэк алу үшін келесі тауарлар мен қызметтерге «Менің active-ім» қолданбасы арқылы Visa QR бойынша төлем жасаңыз:
- қоғамдық көліктің жолақысы — көлік салонында орналастырылған Visa QR-кодын сканерлеп, электрондық билет бар SMS алыңыз
- сауда нүктелерінде зат сатып алу — сауда нүктесінде орналастырылған Visa QR-кодты сканерлеңіз.
Электрондық билеттеу және қоғамдық көлік салонының ішінде Visa QR-коды бар жапсырмалар бар қала маршруттарының барлығында қоғамдық көлікті пайдаланғаны үшін төлем жасауға болады.
Visa QR арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасауға болатын және Visa QR-коды бар жапсырмалары бар барлық сауда нүктелерінде сатып алған затқа төлем жасауға болады. «Менің activ-ім» қолданбасы арқылы Visa QR-кодты сканерлегенде, абонент телефонының балансынан сатып алған затының құны шешіп алынады да, операцияның сәтті аяқталғаны туралы SMS келеді.
- Бір абоненттік нөмір бойынша қоғамдық көлікте бір күнде жасаған төрт сапар үшін ғана кешбэк есептеледі (Visa QR-мен төлем жасау).
- Бір төлем үшін максималды кешбэк сомасы 500 теңгеден аспайды.
- Бір абоненттік нөмір бойынша бір айлық максималды кешбэк сомасы 10 000 теңгеден аспайды.