Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite және Visa Platinum Business премиум карталарымен Lounge Key бағдарламасы бойынша бизнес-залдарға тегін кіру!

Сіз дүние жүзіндегі 1300 астам бизнес-залдың кез келгеніне жылына 2 рет Visa Platinum және Visa Platinum Business карталарымен, жылына 10 рет Visa Signature картасымен және Visa Infinite картасымен шексіз кіре аласыз.

Visa премиум карталарымен әрбір саяхат – ерекше сервис пен жайлылық!


Бағдарлама шарттары бойынша тегін болмайтын әрбір кірудің, сондай-ақ барлық қонақ ретінде кіру құны – 32 АҚШ доллары (сома тікелей карточкалық шотыңыздан есептен шығарылады).

Қанша рет тегін кірудің қалғанын біліңіз және Lounge Key сайтына тіркелген бизнес-залдарға кіру тарихын қарап шыңыз:

      Visa Platinum
      Visa Signature
      Visa Infinite
      Visa Platinum Business   

Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite және Visa Platinum Business премиум карталарына арналған ұсыныстар 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

 

Ұсынысты қалай пайдаланады

Бизнес-залға кіргенде Lounge Key бағдарламасының мүшесі екенін хабарлаңыз да, зал қызметкеріне Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business карточкаңызды, отырғызу талонын және жеке тұлғаны куәландыратын құжатты беріңіз.

 

Пайдалану шарты

2020 жылғы 04 сәуірден бастап Lounge Key бизнес-залдарына тегін кіру мүмкіндігіне ие болу үшін сізге бір ай ішінде 75 000 теңге сомасына Visa Platinum, 150 000 теңгеге Visa Signature, 300 000 теңгеге Visa Infinite карточкаларымен есеп айырысу қажет.

Егер картаңыздың шығарылғанына бір айдан аз уақыт болса, алаңдамаңыз – сіз бизнес-залдарды бірінші рет қосымша шарттарсыз пайдалана аласыз.

Әуежайда Lounge Key бизнес-залдарының логотиптері бар көрсеткі орнатылған. Әр залдың орналасу орны туралы ақпарат сайтта және мобильді қосымшада да бар:

  • App Store 
  • Playmarket

Жайлы күту орындары, Интернетке қолжетімділік (WiFi), ТД, сусындар мен тіскебасарлар, душ, ауабаптағыш.

Бизнес-залдардағы қызметтер өзгеше болуы мүмкін. Нақты бір әуежайдың қызметтер тізімі бағдарлама сайтында және мобильді қосымшада бар.

Жоқ. Бару үшін Visa Platinum/Visa Infinite картасы жеткілікті. Кіре берісте зал қызметкерлеріне LoungeKey мүшесі болып табылатыныңызды айту қажет. Сондай-ақ отырғызу талоны мен жеке басыңызды куәландыратын құжат қажет. Картадағы, отырғызу талонындағы және құжаттағы адам аты сәйкес келуі тиіс. Егер карта иесінің картасы белсенді болса, сондай-ақ тегін кіруге болатын болса, бизнес-залға визитті (32 доллар) төлемей-ақ кіруге болады.

Тек карта иесіне ілесіп кіре алады. Бұл ретте карта иесінің бірге болуы міндетті.

Жоқ, тек карта иесі ғана тегін кіре алады.

Ілесіп жүретін тұлғалар үшін Lounge Key бизнес-залына кіру құны — әр адам үшін 32 доллар.

Орташа есеппен — 4-6 адам. Қонақтар саны әр залдың ережелерімен бекітіледі.
2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар бизнес-залдардың көпшілігіне тегін кіре алады.
Болу уақыты әр залдың ережелерімен бекітіледі. Негізінде — 3-4 сағаттан аспайды.

2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Осы күннен кейін бағдарлама шарттары өзгертілуі немесе күші жойылуы мүмкін.

Бизнес-залдарға кіру тарихы тіркелгеннен кейін сайтта немесе мобильді қолданбада қолжетімді. Тіркелу:

      Visa Platinum
      Visa Signature
      Visa Infinite
      Visa Platinum Business   


Жылына Visa Platinum үшін 3-ші визит пен Visa Signature үшін 11-ші визиттің, сондай-ақ барлық келесі визиттеріңіз бен жолдастарыңыздың кіру құны — 32 доллар (сома тікелей сіздің карточкалық шотыңыздан алынатын болады).

Пайдалану шарттары туралы жиі қойылатын сұрақтар

Visa Platinum - 75 000 теңгеге,
Visa Signature - 150 000 теңгеге,
Visa Infinite - 300 000 теңгеге.

Есептелетіні:
- сауда желісіндегі, соның ішінде Қазақстаннан тыс және Интернеттегі барлық операциялар (POS және E-com операциялары).
- жасалған транзакциялар саны емес, тек сомасы маңызды

Келесі операциялар есептелмейді:
- қолма-қол ақшамен
- картадан қолма-қол ақшасыз аударымдар
- карта байланған шот бойынша операциялар (интернет-банкинг жүйесі арқылы аударымдар, кредиттік төлемдерді төлеу, деректемелер бойынша аударымдар, P2P аударымдары және т. б.)

Иә, жиынтық шығындарды есептеу үшін есептеледі.

Жоқ. Тек сомасы ғана назарға алынады. 

Ағымдағы айдың операциялар сомасы қайтарылған сомаға азайтылады.

Соңғы 30 күндегі барлық операциялар есептеледі
Соңғы 5 күндегі есеп айырысу есептелмейді

Әуежайдағы кез келген сервисті алғашқы рет қолданып көру шығындарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексерусіз жасалатын болады (қашан жасалғанына қарамастан).

Карта иесімен іске қосылып, пайдаланылуы керек (картадағы және отырғызу талонындағы аты-жөні сәйкес келуі керек).

Осы күнтізбелік жыл: 01 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.

Жоқ. Тегін сервистер есептегіші жыл сайын нөлденеді.

Қазақстан банктерімен айналымға шығарылған Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite премиум карталары үшін

Премиум өнімдерге кіретін басқа сервистер, карта иелеріне шығындар деңгейіне қарамастан қолжетімді.
  • Сақтандыру
  • Консьерж-сервис қызметі
  • Parmigiano мейрамханаларындағы бонустар
  • Mokki Lounge-да шегерімдер
  • Артықшылықтар әлемі бойынша ұсыныстар

Әрбір сервис туралы келесі сілтемелер бойынша көбірек біліңіз:
Lounge Key 
Багажды қаптау
Нұр-Сұлтан қ. халықаралық әуежайындағы VIP Lounge

Priority Pass және Lounge Key бағдарламаларының операторы Collinson Group Украинадағы әскери әрекеттерді айыптайды, сондықтан ол Ресейдегі жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. 

Қызметті тоқтату келесі өзгерістерге алып келеді:

  • Барлық әуежайлардағы және т/ж станцияларындағы барлық бизнес-залдар; Ресейдегі және бүкіл әлемдегі Priority Pass, LoungeKey және Lounge Gateway және SmartDelay бағдарламалары бойынша серіктестердің ұсыныстары уақытша қолжетімсіз болады.
  • Priority Pass және LoungeKey бағдарламаларына мүшелік оны кез келген ресейлік банк ұсынған артықшылықтар пакеті аясында алған барлық клиенттер үшін уақытша тоқтатылады – бұл қандай да бір бизнес-залдарға бару немесе бағдарлама серіктестерінің ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігінің жоқ екенін білдіреді.
  • Priority Pass бағдарламасына мүшелікті тікелей PriorityPass сайтында немесе басқа тікелей әдіспен сатып алғандар үшін мүшелік уақытша тоқтатылады және бағдарламаның қызметі қалпына келтірілгеннен кейін қайтадан толық көлемде іске қосылады. Қатысушылардың жаңа пакеттерін сату да уақытша тоқтатылды.

Collinson Group үшін бұл оңай шешім емес, бірақ осы қақтығыс салдарынан зардап шеккендермен ойларымыз бір, сондықтан оның бейбіт жолмен шешілетініне және Ресейде жұмыстың тезірек қайта жанданатынына үміттенеміз.

Сайттағы жаңалықтарды қарап жүріңіз.