• Visa ұсынған тегін жүк орамасы

    A person in a suit jacket, white pants, and dark shoes walks through an airport with a wheeled suitcase and a shoulder bag. A person in a suit jacket, white pants, and dark shoes walks through an airport with a wheeled suitcase and a shoulder bag.

Visa премиум карталармен бірге жүк орау қызметін тегін пайдаланыңыз!

Енді сіздің саяхатыңыз жеңілірек өтпек, себебі Visa премиум карталарымен Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайында және Алматы Халықаралық әуежайында жүкті тегін орау қызметі қолжетімді.

Артықшылықтарды пайдалану үшін:

  1. Жүк орау орындарына барыңыз:
    • Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайында бірінші қабатта, негізгі кіреберістің сол жағында, 1-терминалда орналасқан
    • Алматы Халықаралық әуежайында Халықаралық терминалда орналасқан
  2. Қызметкерге Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business немесе Visa Signature Business премиум картасын көрсетіп, қызметті пайдаланыңыз келетінін айтыңыз
  3. Картаны көрсеткен соң, ондағы тегін өту мүмкіндігі арнай валидация терминалымен тексеріледі. Егер карта белсенді және тегін өту мүмкіндігі қолжетімді болса, қызмет тегін ұсынылады

Келесі Visa карталарының иелері бір күнтізбелік жыл ішінде қызметті пайдалана алады:

  • Visa Platinum карталарымен – жылына 2 рет;
  • Visa Signature карталарымен — жылына 10 рет;
  • Visa Infinite карталарымен — жылына шексіз жүк орау мүмкіндігі.

Visa Platinum Business иелері үшін тегін жүк орау қызметі бір күнтізбе жыл ішінде 2 рет, ал Visa Signature Business иелері үшін 6 рет қолжетімді

Жаңа ережелерге назар аударыңыз

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап басымдық қызметіне қол жеткізу үшін ең төменгі сатып алу көлеміне қатысты жаңартылған шарттар күшіне енеді.

35 күнде Visa карталарында келесі айналымды қамтамасыз ету қажет:

  • Visa Platinum — 150 000 теңгеден бастап (бұрын 75 000 теңге талап етілетін);
  • Visa Signature — Бұрынғы 150 000 теңгенің орнына 300 000 теңгеден бастап;
  • Visa Infinite — ең кемі 550 000 теңге (бұрын — 300 000 теңге болған).

Басқа валютадағы балама сомаға рұқсат.

Visa Platinum Business және Visa Signature Business карталарының иелері үшін айына ең төменгі сомаға шектеулер жоқ.

Ұсыныс Қазақстан Республикасы аумағындағы банктермен шығарылған, сондай-ақ Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Әзірбайжанда, Грузияда, Беларусьте, Украинада, Сербияда, Молдовада, Түркменстанда, Македонияда, Албанияда, Боснияда және Герцеговинада, Косовода, Черногорияда және Арменияда шығарылған белсенді және мерзімі өтпеген Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business және Visa Signature Business карталарының иелері үшін 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қолжетімді.

Қызмет көрсетуден POS терминалының істен шыққан жағдайда бас тартылуы мүмкін

Пайдалану шарттары туралы сұрақтар мен жауаптар