Visa Direct Request to Pay технологиясымен шотты достарыңызбен бір шертіп бөлісіңіз

 

Visa технологиялары өмірді жеңіл әрі жайлы етеді! Енді сіздер мекемеде шотты бөлісу үшін немесе ортақ сыйлыққа ақша жинау үшін, Visa Direct Request to Pay технологиясын пайдаланып, контактілеріңіздің тізімінен басқа адамға төлем өтінішін смартфоныңызды бірнеше шертіп жібере аласыздар.

Пайдалану жолы

Технологияны Bank RBK және Simply необанк клиенттері пайдалана аладыү 

Bank RBK клиенттеріне Visa Direct Request to Pay технологиясын пайдалану үшін, AppStore немесе Play Market ресурстарынан «My RBK» қосымшасын жүктеп, авторизациядан өту керек. 

Соманы сұрау немесе шотты бөлісу үшін, «My RBK» мобильді қосымшасының басты экранында «Аударым сұрау» белгісін басып, соманы жазу және ақша аудару туралы push-хабарлама келетін тиісті тұлғаны телефон кітапшасынан таңдау керек.

Simply необанкі клиенттеріне Visa Direct Request to Pay технологиясын пайдалану үшін, AppStore немесе Play Market ресурстарынан «Simply» қосымшасын жүктеп, цифрлы карта ашу үшін сәйкестендіруден қашықтан өту керек. 

Соманы сұрау немесе шотты бөлісу үшін, «Simply» мобильді қосымшасының басты бетінде «Төлеуді сұрау» функциясын таңдау керек. Содан соң төленуі тиіс соманы жазып, өтінім келетін адамды/адамдарды контактілер тізімінен таңдаңыз.

Серріктес-Банктер

Simply Bank Logo - Kazeuromobile