Visa ұсынған арнайы сервис Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business және Visa Signature Business карталарына келесі сақтандыру жағдайларында қолжетімді:
-
Visa-ның сақтандыру сервисімен жайылы әрі қауіпсіз саяхаттаңыз
Қай Visa карталарына сақтандыру сервисі қолжетімді?
Сақтандыру қашан әрекет ете бастайды?
Шетелге сапар шеккенде
Егер сапарға шыққанға дейін төмендегіні жасасаңыз, сақтандыруыңыз автоматты түрде іске қосылады:
- Visa премиум картасымен екі бағытқа билеттерді төлесеңіз.
- Сапарға шыққанға дейін Visa премиум картасымен тұратын жерді брондап, төлесеңіз
- Сапарға шыққанға дейін Visa премиум картасымен билеттерді және тұратын жерді төлесеңіз.
Егер сапарға шыққанға дейін төмендегіні жасасаңыз, тұрақты тұратын еліңіз бойынша сақтандыруыңыз автоматты түрде іске қосылады:
Visa премиум картаңызбен үйден кемінде 100 км қашықтықта тұратын үйді кем дегенде 2 түнге алдын ала брондап қойған болсаңыз.
Назар аударыңыз: Сақтандыру әрекет ете бастау үшін көлік және/немесе тұру ақысын Visa премиум картаңызбен (бұл ретте картадағы атау билеттердегі және/немесе тұратын үйді брондау кезіндегі атқа сәйкес келуі тиіс) төлеу қажет.
Сақтандыру артықшылықтары
Сақтандырудың жалпы шарттары мен ережелері
Сапарға шықпас бұрын, сақтандыру сертификатын толтыруға кеңес беріледі, өйткені кеден бақылауында сақтандыруды көрсетуді сұрауы мүмкін
Сіз сілтеме арқылы Insurance benefits бөлімінен полисті жүктеп, толтыра аласыз немесе Visa консьерж-сервисінен көмек сұрауыңызға болады.
Ұзақтығы — бір саяхаттағанда 90 күн немесе жылына ең көбі 183 күн. Егер саяхат 90 күннен асса - ол толықтай сақтандырылмаған болып саналады.
Сақтандыруыңыз Сіз тұрақты тұратын елден шыққанда басталып, қайта кіргенде аяқталады.
Әртүрлі жағдайлар қалай сақтандырылады
Рейс немесе жүк* 4 сағаттан артық уақытқа кешіктірілгенде, өтемақыны алу үшін, міндетті түрде рейске тіркелген болуыңыз және рейстің немесе жүктің кешіктірлгені туралы ресми құжатты авиакомпаниядан алуыңыз керек.
Назар аударыңыз, сервис келесі шығындарды жаппайды:
- Кеден қызметінің өкілдері кешікітірген, тәркілеген немесе ұстап қалған жағдайд жоғалса.
- Жүк немесе көлік жүкқұжаты ретінде тасылған жүкке қатысты талаптарды.
- Рейстан бас тартылғанда.
*Тұрақты тұратын елден ұшқан жағдайда ғана жүктің кешіктірілуі сақтандырылады.
Сұрақтар мен жауаптар
-
-
CHUBB – мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания нарықта 15 жылдан астам уақыт бар.
CHUBB-тың 54 елде бөлімшесі бар және келесідей қызметпен айналысады:
- мүлікті сақтандыру
- заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін сақтандыру
- жеке тұлғаларды жазатайым оқиғадан сақтандыру
- медициналық сақтандыру
- қайта сақтандыру
- клиенттердің әртүрлі топтарының өмірін сақтандыру.
Штаб-пәтердің орналасқан орны: Уоррен, Нью-Джерси, АҚШ.
-
-
Егер келесідей себептерден сапарыңыз тоқтатылса немесе ол басталмай тұрып қысқартылса, өтемақы ала аласыз:
- картхолдердің немесе жақын туысының кенеттен ауырып қалуы, жарақаттануы немесе қайтыс болуы
- инфекция жұқтырғандар үшін мәжбүрлі карантин (елдегі жағдай емес, жеке карантин)
- жүктілік кезінде салдары бар асқынулар (егер ол сапарды брондау алдында пайда болмаса).
Бұл жағдайда сақтандыру компаниясы сапарға өтелмейтін шығындарды ғана өтейді.
Сақтандыру нені ӨТЕМЕЙДІ:
- өтелетін әуежай алымдарын, баж бен салықтарды төлеу шығындары
- бұрыннан болған ауруға байланысты сапардың бұзылуы
- мильдер, бонустар, ұпайлар және т. б. арқылы төленген сапарға кеткен шығындар.
- төлқұжаттың немесе визаның болмауына немесе жарамсыздығына байланысты сапардың бұзылуы
-
-
Рейстің кешігуі үшін өтемақы алу шарттары:
- рейсіңіз 4 не одан да көп сағат кешіксе
- сіз рейске тіркелдіңіз
- сізде рейстің кешігуі туралы әуекомпанияның ресми құжаты бар
-
-
Багаждың кешігуі үшін өтемақы алу шарттары:
- багажыңыз 4 не одан да көп сағат кешіксе
- сізде багаждың кешігуі туралы әуекомпанияның ресми құжаты бар
Нені ӨТЕМЕЙДІ:
- кеден қызметі немесе басқа да билік органдары өкілдерінің кідіртуі, тәркілеуі немесе ұстауы нәтижесінде жоғалуы
- жүк ретінде немесе көлік жүкқұжаты бойынша тасымалданған багажға қатысты талаптар
-
-
Өткізіп алынған рейс үшін өтемақы алу шарттары:
келесі себептермен сапарға шығу орнына кешігіп қалдыңыз:
⇾ сіз мінген автокөлік сынды немесе ЖКО-ға түсті
⇾ сізді жеткізетін қоғамдық көлік кестеге сәйкес келмедікелесіні ұсынуыңыз тиіс:
⇾ карта ұстаушының барлық қосымша шығындарының дәлелі
⇾ қоғамдық көліктің нақты кешігуі туралы ресми хат
⇾ ЖКО болғаны туралы акт- сіз жолға шығатын жерге уақытында келетіндей ақылға қонымды уақытты қарастыруыңыз қажет.
-
-
Өткізіп алынған транзиттік рейс үшін өтемақы алу шарттары:
- түйіскен орында өзіңіздің расталған келесі рейсіңізді өткізіп алдыңыз
- сіз әуекомпаниясының бірінші рейстің ұшуының немесе келуінің кідіртілгенін растайтын құжаттарын ұсынуыңыз қажет
- келесі рейске жету үшін бар күшіңізді салуыңыз керек; рейстің жоспарланған келетін уақыты арасында (кем дегенде) 2 сағатты қарастыру керек
-
-
Төмендегі жағдайларда сапарлар сақтандырылмайды:
- дәрігердің ұсыныстарына қарамастан сапарға шықсаңыз
- медициналық көмек/кеңес алу мақсатында сапарға шықсаңыз
- сізде қосымша емдеуді/тексеруді қажет ететін диагнозы қойылмаған симптомдар бар
- сапарды брондау кезінде сіз оны тоқтатуы немесе қысқартуы мүмкін қандай да бір себептер жайында білесіз
- егер сапарыңыздың негізгі мақсаты спорт жарыстары болып, сіз спортшы ретінде сапарға шықсаңыз
- жұбыңыз немесе балаңыз карта ұстаушысынсыз сапарға шықса
-
-
Егер спорт жарыстарына қатысу сапарыңыздың басты мақсаты болмаса, сіз келесі жағдайда сақтандырыла аласыз:
- қауіпсіздігіңіз үшін барлық ұсынылған / қажетті керек-жарақтарды пайдаланасыз
- ұйымдастырушылар ұсынатын барлық қауіпсіздік талаптары мен ережелерін сақтайсыз
- сізде дәрігердің осы спорт түрімен айналысуға қарсы көрсетімдері жоқ
- жылдамдыққа және уақытқа жарыспайсыз
-
-
Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business және Visa Signature Business премиум картасын ресімдеу үшін автоматты түрде сақтандырылған болу қажет – біздің серіктес банктер тізімімен танысып шығыңыз: https://www.visa.com.kz/kz_KZ/pay-with-visa/partner-banks.html
Сақтандыру сервисі және Visa премиум карталарының басқа артықшылықтары туралы толық ақпаратты Visa чат-ботынан біле аласыз.
Telegram/Viber чат-ботын қосқанда төмендегідей мүмкіндік беретін виртуалды көмекшіге ие боласыз:
- Күнделікті мәселелерді жылдам әрі қиындықсыз шешу үшін консьерж-сервиспен байланысу.
- Премиум карталарға арналған арнайы ұсыныстар жайында ақпарат алу.
Сақтандыру сертификаттарын жүктеңіз де, сілтемедегі сақтандыру шартын қарап шығыңыз: https://cardholderbenefitsonline.com.
Сақтандырушы: CHUBB INSURANCE SOUTH AFRICA LIMITED, ОАР. Қаржы қызметтерінің уәкілетті жеткізушісі (FSP No: 27176). 12.06.2007 жылғы тіркеу №1973/008933/06.