Ұялы телефоныңызға жолданған SMS-хабарламалардың көмегімен картаңыз бойынша жасалған операциялардың бәрін бақылау үшін СМС-банкинг қосыңыз
Өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (PIN) ешқашан жазбаңыз, оны есіңізде сақтаңыз. Өзіңіздің PIN нөміріңізді ешкімге айтпаңыз.
Картаны алғаннан кейін бірден артқы жағына қолыңызды қойыңыз.
Картаңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда хабарласу үшін картаңыздың нөмірін және қызмет көрсететін орталықтың телефондарын көшіріп жазып қойыңыз. Картаңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда бұл жайында тез арада банкіңізге хабарлаңыз.
Қолыңыз қажет болған кезде касса чегіне қол қояр алдында транзакция сомасын тексеріңіз.
Транзакция барысында картаңызды бақылап тұрыңыз. Төлем жасап болғаннан кейін өз картаңызды бергеніне көз жеткізіңіз.
Интернетте төлеу
Өз банкіңізде Verified by Visa-ны іске қосыңыз.
Картаңыз бойынша жасалған операциялардың бәрін бақылау үшін СМС-банкинг қосыңыз
Ешкімге логиніңіз бен құпия сөзіңізді айтпаңыз
Ақпарат берудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сертификатталған интернет-браузерлерді ғана пайдаланыңыз.
Сауданы карта арқылы төлеген кезде карта туралы мәліметтерді ғана хабарлаңыз.
Транзакция есебін электронды пошта арқылы растаулармен немесе сауда орындары беретін растама нөмірлерін жазу арқылы жүргізіңіз, ай сайынғы есептерді мұқият оқыңыз.
Жеке ақпаратыңызды және шот туралы мәліметтеріңізді тіпті, тексерілген тұлғалардан немесе ұйымдардан келген сұранымдарға да ешқашан жібермеңіз.
Төлем туралы ақпаратты ешқашан электронды пошта арқылы жолдамаңыз, өйткені электронды пошта қауіпті байланыс құралы болып табылады.