Екі жақты желілер көп жағдайда бенефициарға жетпес бұрын жекеленген жүйелері бар банктер арасында бірнеше рет қызмет көрсетуді талап етеді – ал бұл кідірістерге, болжап білуге болмайтын шығындарға және транзакциялардағы сәйкессіздікке алып келуі мүмкін.
Жеңілдетілген трансшекаралық төлемдер
Өзіңіздің бизнес-клиенттеріңізге халықаралық бизнесті жақсартылған тәсілдермен жүргізу мүмкіндігін ұсыныңыз. Visa B2B Connect — қатысатын қаржы мекемелеріне және олардың бизнес-клиенттеріне ғаламдық бизнес-төлемдерді жеңілдетілген, қауіпсіз әрі сенімді тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инновациялық желі.
Сенімді инновациялық технология
Visa басқаруындағы кіруге шектеулі желі
Желінің қатысушысы болу үшін онда орнатылған ережелерді сақтау қажет.
Криптовалюталардың жоқтығы
Жалғыз электронды активтер – Visa компаниясы мақұлдаған, банк шығарған төлем бойынша нұсқаулар.
Коммерциялық көлемдерде әзірленген
Бір секундта бірнеше мың операцияға арналған қолжетімділіктің жоғары дәрежелі желісі.
Коммерциялық көлемдерде әзірленген
Нақты уақыттағы болжамдылық пен айқындық
Төлемдер тізбегіндегі операциялар санын қысқарта отырып, нақты уақыттағы транзакция статусының айқындығын жақсартыңыз.
Төлем айқындығы және аяқталғандығы
Төлемдердің аяқталғандығын көрсететін айқын желілік ақпарат.
Транзакция деректерінің келісімділігі
Келісілген деректер қаржы мекемелері мен олардың бизнес-клиенттері үшін жеңілдетілген келісімдік транзакциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Цифрлық сәйкестендіру
Бірегей цифрлық сәйкестендіру деректері құпия бизнес-деректерді таңбалап, алаяқтық ықтималдығын азайтады.
Операциялық үйлесімділік
Visa B2B Connect жүйесі ескірген жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті.
Көп тарапты желі
Ғаламдық қатынауды, тең құқылы тораптар арасындағы алмасуды және ірі төлемдерді көп тарапты өзара есепке алуды ұсына отырып, төлем жолын оңтайландырады және түрлендіреді.
Visa B2B Connect жайында сұрақтар мен жауаптар
-
- Қабылдаушы тарап Visa-дан ақшалай қаражат алғанда қабылдаушы коммерциялық клиенттің шотына ақшалай қаражатты аударған сәтке дейін (яғни, жұмыс күні аяқталғанға дейін) мәміледен бас тарта алады.
- Мәміледен бас тартатын қабылдаушы тарап Visa-дан ақшалай қаражатты алған жұмыс күні аяқталғанға дейін көрсетілген мәміле бойынша Visa компаниясының ақшалай қаражатын қайтарып беруі тиіс.
- Мәміледен бас тартатын қабылдаушы тарап одан бас тартқаны үшін Visa компаниясының барлық шеккен залалдарын өтеп беруі тиіс.
-
Келесі жағдайлардың бірі орын алғанда төлем тоқтатылады:
- Транзакция сомасы қате немесе төлем басқа ұйымға жіберілген.
- Транзакция бойынша төлем деректері қате болды.
- Көрсетілген транзакция басқа транзакцияны немесе төлемді қайталады.
- Транзакция айлакерлік әрекеттер нәтижесінде жасалды.
- Транзакция қатемен жасалды.
Visa (транзакциямен байланысты) барлық әрекеттерді доғарып, оны тоқтатады – төлемді тоқтату мәлімдемесі мәміле жасалғанға немесе транзакция төленгенге дейін алынуы шарт.
Мәміле жасалып немесе төленіп қойғанда Visa төлемді тоқтатуға мәлімдеме алса, онда Visa қабылдаушы тарапқа төлемді тоқтатуға мәлімдеме жібереді, ол 5 жұмыс күні ішінде төлемді тоқтату мәлімдемесін растауға немесе күшін жоюға міндетті.