*Ұялы телефоннан немесе қонақ үй телефондарынан терілетін нөмірді қоса, осы нөмірді теретін кейбір елдердегі қоңырау шалушылардан ақы алынуы мүмкін. Visa компаниясы алынатын қандай да бір ақылар үшін жауапты болмайды. Егер тұрғылықты еліңіз тізімде болмаса немесе тегін нөмірлерді пайдалануда қиындықтар туындаса, +1-303-967-1096 нөмірі арқылы абонент есебінен қоңырау шалыңыз. (Абонент есебінен орындалатын қоңырауларды жергілікті оператор қамтамасыз етеді.) Егер есту мүмкіндігіңіз шектеулі болса және АҚШ аймағында тұрсаңыз, келесі нөмірге қоңырау шалыңыз: 1-800-TDD-1213 (Канада үшін: 1-305-278-4285 және басқа елдер үшін: 1-512-865-2002.)
Жоғалған немесе ұрланған карта немесе алаяқтық төлемдер туралы хабарлау

Шұғыл қолма-қол ақша және карта ауыстыруды алу
Visa көмектесуге дайын. Біз картаңызды блоктаймыз (егер карта нөмірі белгілі болса) және сізді қаржылық мекемеңізбен/банкіңізбен байланыстырамыз. Содан соң, банк мақұлдағаннан кейін, бір-үш жұмыс күні аралығында шұғыл карта ауыстыру қызметін алуға да болады.* Оған қоса, әдетте банкіңіз мақұлдағаннан кейін, бірнеше сағат ішінде сізге жақын жерден қолма-қол ақша алуды ұйымдастыра аламыз.
ЖҚС
-
Visa өкілі жоғалған немесе ұрланған карта есебін толтыруға көмектесе алады. Бізге тегін қоңырау шалыңыз (1-800-847-2911) немесе осы беттің жоғарғы жағындағы ашылмалы мәзірден глобалдық тегін нөмірлердің бірі арқылы қоңырау шалыңыз.
-
Visa компаниясының жауапкершілік алмау саясаты* — шотыңыз немесе шотыңыздың ақпараты арқылы жасалған рұқсатсыз төлемдер үшін жауапты болмайтыныңыздың кепілдігі. Сіз Visa кредит картасының немесе дебет картасының жоғалуынан, ұрлануынан немесе онлайн не офлайн күйде алаяқтық жолмен пайдаланудан қорғалғансыз.
* Visa компаниясының жауапкершілік алмау туралы саясаты кейбір коммерциялық карта және анонимдік алдын ала төленген карта транзакцияларына немесе Visa өңдемейтін транзакцияларға қолданылмайды. Карта иелері картасын қорғауда ұқыпты болуы және кез келген рұқсатсыз пайдалану туралы карта шығарған қаржылық мекемеге дереу хабарлауы тиіс. Қосымша мәліметтер бойынша эмитентке хабарласыңыз.
-
Картаны ауыстыру кезінде шығындарды жабу үшін, картаны қабылдау қиындықтары туындаған немесе жай қолма-қол ақша қажет болған кезде, жұмсай тұру мақсатында Visa сізге жақын жерден қолма-қол ақша алуды ұйымдастыра алады. Бізге тегін қоңырау шалыңыз (1-800-847-2911) немесе осы беттің жоғарғы жағындағы ашылмалы мәзірден глобалдық тегін нөмірлердің бірі арқылы қоңырау шалыңыз.
-
Егер картаңыз жоғалған, ұрланған, зақымдалған немесе оған қауіп төнген болса, біз сіздің қаржылық мекемеңізбен шұғыл картаны мақұлдау және жылдам жеткізу бойынша жұмыс істейміз. Visa глобалдық клиенттерді қолдау қызметінің мамандары сізге көмек беруге дайын. Бізге тегін қоңырау шалыңыз (1-800-847-2911) немесе осы беттің жоғарғы жағындағы ашылмалы мәзірден глобалдық тегін нөмірлердің бірі арқылы қоңырау шалыңыз.
-
Visa компаниясының карта иелеріне арналған 24/7 қызмет ететін, демалыссыз жұмыс істейтін анықтамалық қызметі сізді шотқа қатысты сұраулар бойынша қаржылық мекемеңізбен байланыстыра алады, жалпы Visa ақпаратын бере алады немесе карта артықшылықтары бойынша көмек қажет болған жағдайда, сізді қызмет провайдерлерімен байланыстыра алады. Бізге тегін қоңырау шалыңыз (1-800-847-2911) немесе осы беттің жоғарғы жағындағы ашылмалы мәзірден глобалдық тегін нөмірлердің бірі арқылы қоңырау шалыңыз.