Visa Solution қызмет көрсету шарттары
2024 жылдың 1 шілдесінен кейін Visa Solution қызметін тіркеу үшін келесі бөлім қолданылады.
Visa Solution қызметі карта ұстаушысының талаптарға сәйкес келіп-келмейтініне қарай қамтамасыз етіледі. Сіз Карта шығарушысы Click to Pay қызметін қамтамасыз ететін жағдайда да, Visa Solution қызметін пайдалану шарттарына сәйкес келмеуіңіз мүмкін екенін түсінесіз. Алайда, Visa сіздің тиісті және оңтайландырылған қызметтерді алуыңызды қамтамасыз ету үшін өз әректтерін сіздің Карта шығарушыңызбен (соның ішінде Visa Solution қызметіне тіркелу үшін берген ақпаратты бөлісу арқылы) үйлестіре алады. Егер сіз Visa Solution қызметін пайдалану талаптарына сәйкес келмейтін болсаңыз, бұл Шарттарды мойындаудың және растаудың Visa-мен келісім құрмайтынын және қалған Шарттардың қолданылмайтынын түсінесіз. Бас әріппен жазылған терминдер осы Шарттарда анықталған.
1. Visa Solution
Visa Solution қызметі Visa U.S.A. Inc. («Visa») тарапынан басқарылады. Visa бойынша байланыс ақпараты төмендегі «Бізбен байланысу» деп аталатын L бөлімінде қамтылған.
Осы Шарттарда қолданылғандай, «Visa Solution» келесілердің барлығын білдіретін болады: Visa Click to Pay, Visa Checkout брендімен не басқа атаумен аталатын, Visa Solution веб-сайтында немесе мобильді сайтта домен не субдомен («Веб-сайт») ретінде немесе шығарушы банк не төлем мекемесі, сатушы ұйым немесе өзге үшінші тұлға тарапынан ұсынылатын қолданба не функционалдылық арқылы қолжетімді болған, ағымдағы немесе болашақта қосылатын барлық Visa Click to Pay және/немесе Visa Checkout мүмкіндіктері, функционалдылығы және қызметтері (бәрі бірге - «Қызметтер»); Visa компаниясының немесе оның лицензиарларының Visa Solution қызметі арқылы қолжетімді болған логотиптері, дизайндары, мәтіндері, кескіндері, бейнелері, графикалары, бағдарламалық жасақтамалары және өзге мазмұндары мен материалдары, сондай-ақ, олардың таңдауы мен орналасуы (бәрі бірге - «Мазмұн»); және Visa компаниясының сіз үшін Visa Solution қызметін қолжетімді етуге байланысты болған жабдықтары, бағдарламалық жасақтамалары және желілері (бәрі бірге - «Visa Solution жүйесі»).
Visa Solution қызметі сізге келесі мүмкіндіктерді ұсынады: (i) төлем шотын және электрондық пошта мекенжайы, мобильді телефон нөмірі сияқты басқа да қатысты ақпаратты және кредиттік, дебеттік және қайта толтыруға болатын алдын ала төленген Visa картасының және тағы басқа карталардың шот ұсыну және жөнелту мекенжайларын («Карта мәліметтері») немесе Visa компания Visa Solution қызметімен біре пайдалануға жарамды деп шешкен карталарды («Жарамды карталар») не төлем әдістерін сақтау мүмкіндігі; және (ii) Карта мәліметтерін өңдеуі үшін Visa картасын қабылдайтын, Click to Pay белгісі
бар немесе Visa Checkout таңбасы бар сату ұйымдарымен не басқа да үшінші тұлғалармен Карта мәліметтерін бөлісу мақсатынжа Visa Solution қызметін пайдалану мүмкіндігі. Visa сіздің Жарамды картаңызды / карталарыңызды шығарған қаржы мекемесі немесе қандай да бір басқа ұйым берген («Карта шығарушысы») карта нөмірі және жарамдылық мерзімі сияқты белгілі бір Карта мәліметтерін автоматты түрде жаңарта алады.Сіздің Карта шығарушыңыз сіздің Жарамды картаңыз /карталарыңыз туралы қосымша, мысалы бонустардың қолжетімділігі, бөліп төлеу опциялары және Жарамды картаның / карталардың артықшылықтары туралы ақпарат бере алады. Егер солай болса, сізге бұл ақпаратты Visa Solution қолданбасында Жарамды картаңыздың Карта шығарушысынан алған күйінде көрсетеміз. Бұл ақпарат туралы сұрақтарыңыз болса, Карта шығарушысына хабарласыңыз. Қажет болған жағдайда, Visa сіздің бұл опцияларға немесе артықшылықтарға жарамды болып-болмағаныңызды анықтау және оны сізге көрсету үшін сіздің ақпаратыңызды өңдейді.
Сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде, транзакцияны өңдеуі үшін сіздің Карта мәліметтеріңізді сатушы ұйымға немесе өзге тиісті үшінші тараптарға береміз. Visa сіздің Жарамды карталарыңызды қорғауға көмектесу үшін Visa Жарамды картасының төлем шотының нөмірін (таңбалауыш) құра алады. Сатушы ұйымның немесе өзге тиісті үшінші тараптың транзакция туралы ақпаратты сіздің Жарамды картаңыз үшін қолданымды желіге тасымалдай алатынына және өзіңіз таңдаған Жарамды карта көмегімен транзакцияңыздың төленетініне келісесіз.
Visa Solution қызметін пайдалану арқылы сақталатын немесе қамтамасыз етілетін Карта мәліметтерінің сіздің тарапыңыздан немесе нақты бір юрисдикцияларда сіздің атыңыздан Карта шығарушыңыздың немесе сатушы ұйым не үшінші тұлға тарапынан берілетінін және жеке қаржылық ақпаратты қамтитынын растайсыз. Жарамды карталарды Visa Solution қызметі бойынша тек Карта шығарушыңыз сізді карта ұстаушысы немесе уәкілетті пайдаланушысы деп таныса және сіздің атыңыз Жарамды картада көрсетілген болса ғана пайдалана аласыз. Карта мәліметтерінің және өзіңіз Visa Solution қызметімен сақтайтын немесе Visa Solution қызметін пайдалану арқылы қамтамасыз ететін өзге ақпараттың толықтығына және дәлдігіне жауапты екеніңізді растайсыз және оған келісесіз. Сіз тек өзіңізге тиесілі немесе тек өзіңіз басқаратын жарамды электрондық пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлерін ғана пайдалануыңыз керек. Visa компаниясы Visa карталарының Карта мәліметтері бойынша нақты бір растау тексерістерін орындауы мүмкін болса да, Visa компаниясы Карта мәліметтерінің немесе сіз қамтамасыз ететін өзге ақпараттың дәлдігіне, оның ішінде, Карта мәліметтерінің жаңартылған болып-болмауына жауапты болмайды.
Visa Solution қызметі қандай да бір банк немесе төлем шоты болып табылмайды және сізге не сатушы ұйымға ешқандай несие ұсынбайды. Visa Solution қызметінің көмегімен сіз жасайтын кез келген транзакция өзіңіз транзакция үшін қолданатын Жарамды картаға байланысты болған тіркелгіде көрсетіледі. Сол тіркелгінің төлемі тек сіз бен Жарамды карта Шығарушысының арасындағы мәселе болып табылады.
2. Транзакцияларыңыз туралы маңызды ескертпе
VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІ ТРАНЗАКЦИЯНЫ ЖЕҢІЛДЕТУЕ КӨМЕКТЕССЕ ДЕ, VISA ТРАНЗАКЦИЯНЫҢ ЕШБІР ТАРАПЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ТАУАРЛАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ НЕМЕСЕ ҚАЙТАРУ БОЙЫНША САТУШЫ ҰЙЫМҒА НЕ САТУШЫ ҰЙЫМНАН ЖАСАЛАТЫН ТӨЛЕМ ТЕК СІЗ БЕН САТУШЫ ҰЙЫМ АРАСЫНДА ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
ЕГЕР СІЗ VISA SOLUTION КӨМЕГІМЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ТРАНЗАКЦИЯ БОЙЫНША ТӨЛЕМНІҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН НЕМЕСЕ ТРАНЗАКЦИЯНЫҢ ЖОЙЫЛУЫН ТАЛАП ЕТСЕҢІЗ, ТИІСТІ САТУШЫ ҰЙЫММЕН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СІЗ ТРАНЗАКЦИЯ ҮШІН ҚОЛДАНҒАН ЖАРАМДЫ КАРТАНЫҢ КАРТА ШЫҒАРУШЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСУЫҢЫЗ ҚАЖЕТ. VISA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТРАНЗАКЦИЯНЫҢ ЕШБІР ТАРАПЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫНЫН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, СОНДЫҚТАН VISA ТРАНЗАКЦИЯ БОЙЫНША ОРЫН АЛАТЫН ОСЫНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЕШБІРІН ШЕШЕ АЛМАЙДЫ.
ЕГЕР VISA SOLUTION АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ТРАНЗАКЦИЯ БОЙЫНША САТУ ҰЙЫМЫМЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ДАУ ТУЫНДАСА, ДАУДЫ ТІКЕЛЕЙ САТУ ҰЙЫМЫМЕН НЕМЕСЕ КАРТА ШЫҒАРУШЫСЫМЕН ШЕШУГЕ ЖЕКЕ-ДАРА ЖАУАПТЫ БОЛАСЫЗ. VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІНЕ ҚАРАЙ VISA ТРАНЗАКЦИЯДА ЕШБІР ТАРАП БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
3. Қызмет көрсету шарттары
Visa Solution қызметі барлық Жарамды карталар үшін қолжетімді болмауы мүмкін. Оған қоса, Visa компаниясы Visa Solution қызметінен Жарамды карталарды өз білгенінше жоюы немесе Visa Solution қызметі үшін Жарамды карталардың белсендірілуін болдырмай қоюы мүмкін және сондай-ақ, Visa кез келген уақытта нақты бір немесе жалпы кредит, дебет немесе қайта жүктеуге болатын алдын ала төленген карталардың не өзге карталардың немесе Жарамды карталарды құрайтын төлем әдістерінің жарамдылығын қайта қарастыруы мүмкін.
- келесі юрисдикциялардың резиденттері: Андорра, Аргентина, Аустралия, Аустрия, Бельгия, Болгария, Бразилия, Канада, Норманд аралдары, Чили, Қытай (материк және Гонконг), Колумбия, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Доминикан Республикасы, Фарер аралдары, Финляндия, Франция, Германия, Гибралтар, Грекия, Гренландия, Венгрия, Үндістан, Ирландия, Мэн аралы, Италия, Кувейт, Лихтенштейн, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Польша, Катар, Румыния, Сан-Марино, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия, Словения, Оңтүстік Африка, Испания, Швеция, Швейцария, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары (оның аумақтарын қоса) немесе Ватикан қаласы, өйткені әрбір юрисдикция қолжетімді болады («Жарамды юрисдикциялар»);
- өз юрисдикциясында, провинциясында немесе тұратын аумағында заңды кәмелет жасына жеткендер; және
- компьютерде немесе өзге құрылғыда Интернетке қосыла алатын; және
- бір немесе бірнеше Жарамды картаның карта ұстаушысы немесе уәкілетті пайдаланушысы, сондай-ақ, Жарамды карта шоттары бойынша жақсы беделге ие болғандар.
4. Жарамдылық
Visa Solution қызметі тек келесі жеке тұлғалар үшін қолжетімді:
Visa Solution қызметіне заңсыз немесе өзгеше шектеу қойылған жерлерден қатынасуға тыйым салынады. Егер сіздің тұрғылықты жеріңіздің юрисдикциясы өзгерсе, Visa Solution қызметіндегі тіркеуіңізді жоюыңыз керек және егер ол Жарамды юрисдикция болса, тұрғылықты жеріңіздің жаңа юрисдикциясымен қайта тіркелуіңіз керек. Егер жаңа орналасқан жеріңіз Жарамды юрисдикция болмаса, Visa Solution қызметі сіздің жаңа орналасқан жеріңізде қолжетімді болған кезде қайта тіркелуіңізге болады.
5. Тіркеу және қауіпсіздік
Егер сіз Visa Solution қызметінде тіркелуді немесе қандай да бір Жарамды картаны белсендіруді таңдасаңыз, бізге өзіңіз туралы шынайы, нақты, өзекті және толық ақпаратты қамтамасыз етуге және мұндай ақпаратқа қандай да бір өзгеріс жасалған жағдайда бізді хабарландыруға келісесіз. Сіз Visa компаниясына дұрыс емес ақпаратты беруіңіздің нәтижесінде, оның ішінде Visa Solution қызметі туралы маңызды ақпарат пен жаңалықтарды ала алмай қалуыңыздың салдарынан туындайтын қандай да бір мәселе үшін Visa компаниясының қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілетін шамада жауапкершілік көтермейтінін растайсыз және оған келісесіз. Егер бізге қамтамасыз еткен қандай да бір ақпаратыңыз шынайы емес, нақты емес немесе толық емес деп күдіктену үшін Visa компаниясының орынды негіздері болса, Visa компаниясы Visa Solution қызметінде тіркелуіңізді не оны пайдалануыңызды кідіртуі немесе тоқтатуы, сондай-ақ, Visa Solution қызметін (немесе оның қандай да бір бөлігін) кез келген және барлық ағымдағы немесе болашақтағы қолдануларыңызды болдырмай қоюы мүмкін.
Тіркеуіңіздің бір бөлігі ретінде пайдаланушы атын құруыңыз қажет және кейбір нарықтарда құпиясөз орнату қажет болуы мүмкін. Осы дерек бөліктері сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде сіздің аутентификацияңыз үшін қолданылады. Егер құпиясөз орнатуыңыз қажет болса, қорғанысыңыз үшін Visa Solution қызметі үшін бірегей болып табылатын құпиясөзді таңдауыңыз және пайдаланушы аты мен құпиясөзді есте сақтауыңыз, сондай-ақ, жеке компьютеріңізді, планшетіңізде, мобильді құрылғыңызда немесе Visa Solution қызметіне қатынасу үшін қолданылған өзге құрылғыда құпиясөзіңіздің жазбасын сақтамауыңыз қажет. Пайдаланушы атыңыздың және бар болған жағдайда құпиясөз(дер)іңіздің құпиялығын қорғауға өзіңіз жауаптысыз. Оған қоса, құрылғыңызда немесе браузеріңізде сақталып қалуды таңдасаңыз немесе Visa Solution қызметін пайдалануыңызды бір немесе бірнеше құрылғыда цифрлық әмиянмен байланыстырсаңыз, бұл құрылғылардың қауіпсіздігін және оларға қатынасуды қорғауға өзіңіз жауапты боласыз. Солай істеуіңіз маңызды болып табылады, себебі Жарамды картаңыздың өзге тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылуы нәтижесінде сізге келетін шығындардың ешбіріне жауапты болмаймыз және жағдайларға қарай сіздің Карта шығарушыңыз Жарамды карта шотыңыздың рұқсатсыз пайдаланылуы бойынша жауапкершілікті сізге жүктеуі мүмкін. Егер сіздің пайдаланушы атыңыз және қолданылған жағдайда құпиясөзіңіз, немесе Жарамды картаңыз Visa Solution қызметінде өзге тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылса, немесе есте сақталып қалу не Visa Solution қызметінің қолданысын цифрлық әмиянмен байланыстыру үшін таңдаған қандай да бір құрылғы(лары)ңыз жоғалып қалса не ұрланса немесе өзгеше түрде өзге тұлғалардың рұқсатсыз қатынасуына ұшыраса, немесе Visa Solution қызметін пайдалануға қатысты қауіпсіздіктің нақты немесе ықтималды бұзылуы орын алса, Visa компаниясын дереу хабарландыруға келісесіз. Visa компаниясы сіздің Жарамды карталарыңызды жою немесе Visa Solution қызметін пайдалануыңызды кідірту не тоқтату және/немесе егер қандай да бір құпиясөзіңіз болса және Visa оның енді қауіпсіз емес деп ойласа, оны өзгертуді талап ету құқығын сақтайды.
Сіз өзіңіздің Жарамды карталарыңызды Visa Solution қызметінде пайдалану бойынша және Visa Solution қызметін пайдалануыңыздың және оған қатынасуыңыздың осы Шарттарға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз етуге жауаптысыз.
Сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде сіздің жеке басыңызды тексеру үшін Visa-ның сіздің электрондық поштаңызға және/немесе ұялы телефоныңызға бір реттік кіру кодын жібере алатынын мойындайсыз.
Біз Visa Solution қызметі бойынша орындалатын қауіпсіздік шараларын тұрақты түрде қарастырып тұрамыз. Дегенмен, біз сіздің Интернет арқылы жіберетін ақпаратыңыздың толық қорғалғандығына кепілдік бере алмаймыз.
Visa тарапынан қолжетімді етілген жағдайда, Visa Solution қызметіне байланысты саусақ ізі, бет аутентификациясы және/немесе құрылғыңыздың құпия коды («Кіру кілттері») сияқты жеке құрылғыңыздағы мүмкіндіктерді пайдалануды таңдауыңызға болады. Кіру кілттерін пайдалануыңыз сіз бен құрылғы өндірушісі арасындағы келісіммен реттеледі. Саусақ іздері, бет аутентификация деректері және/немесе құрылғының кіру коды құрылғыдан шықпайды. Кіру кілттерін кез келген төлем транзакциясына байланысты пайдалануды таңдай аласыз және осы жерден картаны ажырату не құрылғыны жою арқылы Visa Solution қызметімен байланысты кіру кілттерін пайдалану мүмкіндігін өшіре аласыз.
6. Карта ұстаушысымен жасалған келісімдер
Бұл Шарттар Жарамды карта бойынша сіздің Карта шығарушыңызбен жасалған келісімдердің («Карта ұстаушысымен жасалған келісім») ешбірін өзгертпейді. Осы Шарттар мен Карта ұстаушысымен жасалған келісіміңіздің арасында қандай да бір қайшылық орын алған жағдайда бұл Шарттар тек Visa Solution қызметі бойынша Visa мен сіздің араңыздағы қарым-қатынасты реттейді және сіздің Карта ұстаушысымен жасалған келісіміңіз сіздің Карта шығарушыңыз бен сіздің араңыздағы қарым-қатынасты реттейді. Сіз Visa Solution қызметін пайдалануыңыздың Карта ұстаушысымен жасалған келісімге сәйкес келуін қамтамасыз етуге жауаптысыз.
7. Төлемдер, алымдар және салықтар
8. Құпиялылық
Visa сізге Visa Solution қызметін қамтамасыз ету үшін (осы қызмет көрсету шарттарында келісілгендей) және Visa Жаһандық құпиялылық мәлімдемесінде («Құпиялылық туралы ескертпе») көрсетілген қатысты мақсаттар үшін қажет болғанынша сіздің жеке ақпаратыңызды өңдейді. Сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде Visa мен оның Филиалдарының сіздің жеке ақпаратыңызды қалай жинайтыны, қорғайтыны және бөлісетіні және дерек құпиялылығы бойынша таңдауларыңыз туралы толығырақ ақпарат алу үшін Visa Жаһандық құпиялылық ескертпесін оқыңыз.
Егер сіз карта шығарушысы, сату ұйымы немесе кез келген басқа үшінші тұлға басқаратын басқа қызметтерді пайдалансаңыз (соның ішінде, егер бұл қызметтер Visa Solution арқылы қолжетімді болса), құпиялылық туралы бөлек ескертулер қолданылуы мүмкін.
Visa Solution қызметі Visa Solution тәжірибесін жеңілдету үшін Google-дің автоматты толтыру функциясын пайдаланады. Google сіздің жеке ақпаратыңызды өзінің қызмет көрсету шарттарына және құпиялылық саясатына сәйкес өңдейді.
Сіз өз шотыңызға қатысты жеке ақпараттың дұрыс және жаңартылған күйінде сақталуына өзіңіз жауапты боласыз.
9. Жекеменшік құқықтары
Visa Solution қызметіндегі барлық жекеменшік құқықтары, оның ішінде Мазмұн құқықтары Visa, оның Филиалдары және олардың лицензиарлары тарапынан сақталады және қолданыстағы авторлық құқықтармен, сауда белгілері мен өзге жекеменшік (оның ішінде зияткерлік жекеменшік) құқықтарымен және халықаралық келісімдермен қорғалады. Осы Шарттар арқылы сізге тікелей берілмеген барлық құқықтарды Visa, оның Филиалдары мен олардың лицензиарлар сақтайды. Осы Шарттардағы ешнәрсе сізге Visa-ның, оның Филиалдарының және үшінші тараптардың сауда белгілерін, қызмет белгілерін, логотиптерін немесе өзге фирмалық белгілерін пайдалану құқығын бермейді. «Филиал» — Visa тарапынан басқарылатын, Visa-ны басқаратын және Visa-мен жалпылай басқарылатын ұйым.
10. Лицензияны беру
Visa сізге Visa Solution қызметін осы Шарттарға сәйкес Visa Solution жүйесінде тіркеулі болған мерзім бойы пайдалану үшін шектеулі, қайтарылмалы, эксклюзивті емес, сублицензиялауға болмайтын және өзгеше тасымалданбайтын лицензияны береді. Visa өз білгенінше кез келген уақытта кез келген себеппен осы лицензияны кідіртуі немесе тоқтатуы мүмкін. Сізге тікелей берілмеген барлық құқықтарды Visa, оның Филиалдары мен олардың лицензиарлары сақтайды.
11. Пікірлер
Егер сіз Visa Solution қызметі бойынша өз пікірлеріңізді немесе ұсыныстарыңызды жіберсеңіз, сіздің алдыңызда ешқандай міндеттеме көтерусіз, сіздің пікірлеріңізді немесе ұсыныстарыңызды пайдалануымыз мүмкін.
12. Пайдаланушының әрекеттері
- Visa Solution қызметін тек заңмен рұқсат етілген түрде пайдалануға;
- Visa Solution қызметін осы Шарттарды бұзатын түрде пайдаланбауға;
- Visa Solution қызметінің немесе Visa Solution қызметінің қандай да бір бөлігінің қауіпсіздігін немесе жұмысын бұзбауға не оған кедергі жасамауға немесе өзгеше түрде теріс пайдаланбауға;
- Visa Solution қызметіне немесе Visa Solution қызметінің жалпы қолданыстан шектелген бөліктеріне рұқсатсыз қатынас алуға талпынбауға;
- Visa Solution қызметін жалған және/немесе қорлаушы, балағаттаушы, дөрекі, жек көруші, қудалаушы, әдепсіз, Құдайға тіл тигізетін, бопсалаушы, адамдардың жеке өміріне қол соғушы немесе қандай да бір үшінші тұлғаның құқықтарын бұзатын түрде пайдаланбауға;
- Visa Solution қызметін қандай да бір формада қайта шығармауға немесе Visa Solution қызметін қандай да бір электрондық, механикалық немесе басқа ақпарат іздеу жүйесінде сақтамауға немесе оған қоспауға;
- Visa Solution қызметін немесе оның қандай да бір бөлігін көшірмеуге, имитациясын жасамауға, клондамауға, жалға бермеуге, сатпауға, коммерциялық мақсаттарда пайдаланбауға, модификацияламауға, декомпиляцияламауға, бөлшектемеуге, таратпауға, кері инжинирингін жасамауға немесе тасымалдамауға;
- Visa Solution қызметінің тиісті түрде жұмыс істеуіне кедергі жасау немесе кедергі жасауға талпыну үшін ешқандай құрылғыны, бағдарламалық жасақтаманы немесе процедураны пайдаланбауға және/немесе Visa компаниясының өз білгенінше анықтағанындай, Visa Solution жүйесіне тым үлкен немесе мөлшерлес емес ауыртпалық түсіретін қандай да бір іс-әрекетті орындамауға; және
- Visa немесе сіздің Карта шығарушыңыз тарапынан ауық-ауық қойылатын өзге талаптар мен шектеулердің барлығын сақтауға.
13. Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілік шектеуі туралы мәлімдеме
VISA SOLUTION, ТОЛЫҒЫМЕН ЖӘНЕ ІШІНАРА, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР, БАР ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ КҮЙІНДЕ, АШЫҚ НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНАТЫН ЕШБІР ТҮРДЕГІ КЕПІЛДІКСІЗ, СОНЫҢ ІШІНДЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКСІЗ, САТУ МҮМКІНДІГІ НЕМЕСЕ НАҚТЫ МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ТҰСПАЛДАНАТЫН КЕПІЛДІКСІЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. БІЗ VISA SOLUTION ЖҮЙЕСІНІҢ ВИРУССЫЗ БОЛАТЫНЫНА НЕМЕСЕ VISA SOLUTION ЖҮЙЕСІНЕ КІРУ КЕДЕРГІСІЗ БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙМІЗ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ШАМАДА СІЗ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА, ӘРІ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ТЕК ӨЗІҢІЗ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ТӘУЕКЕЛДІ ҚАБЫЛДАЙТЫНЫҢЫЗДЫ РАСТАЙСЫЗ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КЕЛІСЕСІЗ.
ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖӘНЕ ЕШБІР ӘРЕКЕТ СЕБЕБІНІҢ НЕГІЗІНДЕ, СОНЫҢ ІШІНДЕ САЛҒЫРТТЫҚ СЕБЕБІНІҢ НЕГІЗІНДЕ VISA ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ, ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ, ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ, МҮШЕЛЕРІНІҢ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НЕМЕСЕ УӘКІЛЕТТІ АГЕНТТЕРІНІҢ (БӘРІ БІРГЕ - «VISA ТАРАПТАРЫ») ЕШБІРІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТЕОРИЯСЫ БОЙЫНША, VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНЕН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ОСЫ ШАРТТАРДАН НЕМЕСЕ ОЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ЗАЛАЛДАРҒА, ШАҒЫМДАРҒА НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРҒА (СОНЫҢ ІШІНДЕ СОНЫҢ ІШІНДЕ, ӨТЕМДІК, КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА, АРНАЙЫ, САЛДАРЛЫҚ, ЖАЗАЛАУШЫ НЕМЕСЕ АЙЫППҰЛДЫҚ ЗАЛАЛДАРҒА) ЕГЕР VISA ТАРАБЫ ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАРДЫҢ, ШАҒЫМДАРДЫҢ НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТУЫНДАУ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРЫЛҒАН БОЛСА ДА, ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫЛЫҒЫН ШЕКТЕМЕСТЕН, VISA ТАРАПТАРЫ СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ АЛДЫНДА КЕЛЕСІЛЕР ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ: (I) VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР СЕБЕППЕН, СОНЫҢ ІШІНДЕ КАРТА ШЫҒАРУШЫҢЫЗДЫҢ VISA SOLUTION ТРАНЗАКЦИЯСЫН АВТОРИЗАЦИЯЛАУДАН БАС ТАРТУЫ НЕМЕСЕ САТУШЫ ҰЙЫМНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ТРАНЗАКЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАМАУЫ СЕБЕБІНЕН ПАЙДАЛАНА АЛМАУЫҢЫЗ; (II) СІЗ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САТЫП АЛҒАН НЕМЕСЕ АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ТАУАРЛАР, ҚЫЗМЕТТЕР НЕМЕСЕ АҚПАРАТ, СОНЫҢ ІШІНДЕ МҰНДАЙ ТАУАРЛАРДЫ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ АҚПАРАТТЫ АЛА АЛМАУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ҚАЙТАРА АЛМАУЫҢЫЗ; (III) САТУШЫ ҰЙЫМ МЕН СІЗДІҢ АРАҢЫЗДА ТУЫНДАЙТЫН ДАУЛАР; (IV) VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ҚАНДАЙ ДА БІР АҚПАРАТТА ҚАМТЫЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН НАҚСЫЗДЫҚ, ТОЛЫҚСЫЗДЫҚ НЕМЕСЕ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ, СОНЫҢ ІШІНДЕ СІЗДІҢ КАРТА ШЫҒАРУШЫҢЫЗ НЕ БАСҚА ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР БЕРГЕН АҚПАРАТ; (V) ДЕРЕКТЕРІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ ОНЫМЕН БІРГЕ ЖИНАЛҒАН, САҚТАЛҒАН НЕМЕСЕ ЖІБЕРІЛГЕН ӨЗГЕ АҚПАРАТҚА ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РҰҚСАТСЫЗ ҚАТЫНАСУЫ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗГЕРТІЛУІ НЕ ЖОҒАЛУЫ; (VI) ҚАТЕЛЕР, ЖҮЙЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТОҚТАУЫ, ЖЕЛІ НЕМЕСЕ ЖҮЙЕ АҚАУЛАРЫ, ФАЙЛДАРДЫҢ БҮЛІНУІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЗІЛУІ; НЕМЕСЕ (VII) VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ӨЗГЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕ ҚОЛДАНУЫҢЫЗ. ОҒАН ҚОСА, VISA ТАРАПТАРЫ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ ЖАБДЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ, ДЕРЕКТЕРДІ ЖІБЕРУ НЕМЕСЕ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨНЕРКӘСІПТІК МӘСЕЛЕЛЕР, СОҒЫС, ТАБИҒИ АПАТ, ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ, ЖАРЫЛЫС, ДҮЛЕЙ АПАТ ЖАҒДАЙЫНДА НЕМЕСЕ БІЗДІҢ БАҚЫЛАУЫМЫЗДАН ТЫС ҚАНДАЙ ДА БІР БАСҚА ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛҒАН КЕЗДЕ ОСЫ ШАРТТАРДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛМАЙ ҚАЛУЫНА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
ОСЫНДА ҚАМТЫЛҒАНДАРҒА ҚАРАМАСТАН, VISA ТАРАПТАРЫНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӘРЕКЕТ СЕБЕБІНЕН ТУЫНДАЙТЫН СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДАҒЫ ЖАЛПЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАРЛЫҚ УАҚЫТТАРДА (A) СІЗДІҢ НАҚТЫ ШЫҒЫНЫҢЫЗДАН АЗЫРАҚ БОЛАДЫ НЕМЕСЕ (B) 100 АҚШ ДОЛЛАРЫН (НЕМЕСЕ ЖЕРГІЛІКТІ ВАЛЮТАДАҒЫ БАЛАМА СОМАНЫ) ҚҰРАЙДЫ.
КЕБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУҒА, НАҚТЫ БІР КЕПІЛДІКТЕРДЕН, МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН ЖӘНЕ ЗАЛАЛДАРДАН БАС ТАРТУҒА НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУГЕ, РҰҚСАТ ЕТПЕЙДІ, СОНДЫҚТАН ЖОҒАРЫДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕР СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ БОЛМАУЫ МҮМКІН. МҰНДАЙ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА VISA ТАРАПТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕСІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ШАМАДА ШЕКТЕЛЕДІ. ОСЫ ШАРТТАРДАҒЫ ЕШНӘРСЕ (A) VISA ТАРАПТАРЫНЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ СЕБЕБІНЕН ОРЫН АЛҒАН ӨЛІМ НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТ АЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА, (B) АЛАЯҚТЫҚ НЕМЕСЕ АЛАЯҚТЫҚ ДЕП САНАЛАТЫН ЖАЛҒАН МӘЛІМДЕМЕЛЕР ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА НЕМЕСЕ (C) VISA ТАРАПТАРЫНЫҢ ӨЗ МІНДЕТТЕМЕСІНЕН БАС ТАРТУЫ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУІ НЕМЕСЕ БАС ТАРТУҒА НЕ ШЕКТЕУГЕ ТАЛПЫНУЫ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП САНАЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА VISA ТАРАПТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕСІН ЖОЙМАЙДЫ.14. Қолдамау; сату ұйымдарымен орын алатын даулар
Visa келесілерді қолдамайды және оларға жауапты болмайды: (i) Карта шығарушылары немесе төлем желілерінің не цифрлық әмияндардың операторлары немесе төлем жасау тәжірибесін жеңілдетуге көмектесетін немесе Visa Solution қызметіне байланысты өзіңіз қолдануыңыз мүмкін болған өзге үшінші тараптар; (ii) Visa Solution қызметіне байланысты сатылып алынған тауарлар немесе қызметтер немесе жасалған транзакциялар; (iii) Visa Solution қызметіне байланысты сатылып алынған тауарларды не қызметтерді немесе жасалған транзакцияларды мойындау немесе жүзеге асыру; және (iv) Visa Solution қызметі бойынша тауарлары немесе қызметтері сатылып алынуы мүмкін болған немесе транзакция жасайтын сату ұйымдары.
15. Үшінші тараптық веб-сайттар, мазмұн және ресурстар
Visa Solution қызметі транзакция тәжірибесін жеңілдетуге көмектесетін үшінші тараптар, соның ішінде олардың веб-сайттары, домендері немесе қолданбалары арқылы қолжетімді болуы және сізге осындай үшінші тараптармен немесе үшінші тарап веб-сайттарымен, мазмұнымен және ресурстарымен, соның ішінде әлеуметтік желісімен тікелей байланыстарды орнатуға және оларға қатынасуға рұқсат етуі мүмкін. Сіз Visa компаниясының осындай үшінші тараптарды немесе олардың көзқарастарын, пікірлерін немесе мазмұндарын немесе Visa-дан басқа компаниялар немесе тұлғалар тарапынан қолжетімді етілген веб-сайттарды, домендерді, қолданбаларды, мазмұнды немесе ресурсты бақыламайтынын және міндетті түрде олармен келіспейтінін растайсыз. Сіз Visa-ның осындай веб-сайттардың, домендердің, қолданбалардың, мазмұнның немесе ресурстардың қолжетімділігіне жауапты емес екенін растайсыз және онымен келісесіз. Сондай-ақ, Visa-ның осы үшінші тараптардың, соның ішінде үшінші тараптардың веб-сайттары, домендері, қолданбалары, мазмұны немесе ресурстары, соның ішінде Visa Solution қызметі арқылы өңделген сатып алу процестеріне қатысты орын алған шығындар немесе залалдар себебінен сізге келуі мүмкін болған шығындардың немесе залалдардың ешбірі үшін сіздің алдыңызда жауапты емес екенін растайсыз.16. Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы
Visa өз білгенінше, Visa Solution қызметінің кез келген немесе барлық аспектілерін, соның ішінде Visa Solution қызметінің кез келген бөлігінің қолжетімділігін кез келген уақытта сізді ескерту арқылы немесе ескертусіз уақытша немесе біржола тоқтатуы, өзгертуі, модификациялауы, кідіртуі, жетілдіруі мүмкін және сіз Visa-ның осындай әрекеттерді орындағаны үшін сіздің алдыңызда немесе үшінші тараптардың алдында жауапты болмайтынына келісесіз. Егер Visa Solution қызметінің қандай да бір немесе барлық аспектілері өзгертілгеннен, модификацияланғаннан немесе жетілдірілгеннен кейін Visa Solution қызметін пайдалануды жалғастырсаңыз, осындай өзгерістерді, модификацияларды немесе жетілдірулерді, сондай-ақ, осы Шарттардың Visa Solution қызметіне осындай өзгерістермен, модификациялармен немесе жетілдірулермен бірге қолданылатынын қабылдаған болып саналасыз.
Егер осы Шарттардың қандай да бірімен келіспесеңіз, Visa Solution қызметін пайдаланбауыңыз қажет. Visa кез келген уақытта өз білгенінше осы Шарттарды модификациялау құқығын сақтайды. Visa жағдайға қарай орынды деп табатын жолмен ескерте отырып, соның ішінде өзіміздің Веб-сайтымызда немесе Visa Solution қызметін қамтамасыз ету мақсаттарында жұмыс істейтін кез келген басқа веб-сайтта ескерте отырып, жаңа нұсқаны жолдау арқылы осы Шарттарды өзгертуі мүмкін. Біз осы Шарттардың ең жаңа нұсқасын әрқашан Веб-сайтта жолдап тұрамыз. Ең соңғы модификациялау күні төмендегі «Соңғы жаңарту күні» жолында көрсетіледі. Қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілетін шамада кез келген осындай модификациядан кейін Visa Solution қызметін пайдалануды немесе оған қатысуды жалғастыруыңыз осы Шарттарды модификацияланған түрде қабылдайтыныңызды білдіреді.
Кез келген уақытта, соның ішінде, егер Шарттарға енгізген өзгертулер сіздің көңіліңізден шықпаса, Visa Solution қызметін пайдалануды тоқтатуыңызға болады. Visa Solution веб-сайтының Тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы Visa Solution қызметіне тіркелуден бас тартуыңызға болады. (i) Егер сіз осы Шарттардың қандай да бірін бұзсаңыз немесе (ii) кез келген басқа қисынды коммерциялық мақсат үшін Visa компаниясы Visa Solution қызметін пайдалануыңызды немесе оған қатынасуыңызды өз білгенінше кез келген уақытта дереу және алдын ала ескертусіз немесе сіздің алдыңызда міндеттемесіз кідіртуі немесе тоқтатуы мүмкін. Visa компаниясы Visa Solution қызметін пайдалануыңызды немесе оған қатынасуыңызды кідірткені, тоқтатқаны, өзгерткені немесе модификациялағаны үшін сіздің алдыңызда жауапты болмайды. Тоқтатудан кейін сіз осы Шарттар бойынша өзіңіз көтеретін барлық төлемдер мен өзге міндеттемелер үшін жауапты болып қала бересіз.
- Ескертулер.
Сіз Visa Solution қызметін пайдалануыңыз бойынша Visa-ның сізге электрондық пошта арқылы ескертулер мен өзге жарияланымдарды жіберуі, Веб-сайтта жолдамалар жасауы немесе өзге электрондық хабарламаларды қамтамасыз етуі мүмкін екенімен келісесіз. Бізден сізге жіберілетін барлық электрондық хабарламалар «жазбаша түрдегі» хабарламалар болып есептеледі және сіз нақты алған күннен ертерек жеткізілген немесе жолдаудан не таратудан бес күннен кейін жеткізілген болып саналады. Біз сізге Visa Solution қызметін пайдалануыңызға қатысты қағаз түріндегі қосымша хабарламаларды қамтамасыз етуге тиісті емеспіз.
Сіз электрондық поштаңызды бізден жіберілетін хабарламаларға тұрақты түрде тексеріп тұруға жауаптысыз. Бізден жіберілетін электрондық пошталардың сіздің электрондық пошта тіркелгіңізде бұғатталып қалмағанын, сондай-ақ, бізге өзіңіз берген электрондық пошта мекенжайының әлі де өзекті екенін тексеріп тұруыңыз қажет. Оған қоса, сіз бізге өзіңіз электрондық түрде жіберген кез келген нұсқаулар бойынша әрекет етуімізге рұқсат бересіз.
Visa Solution тіркелгісі бойынша қандай да бір ақпаратқа электрондық түрде қатынасу немесе қандай да бір іс-әрекетті орындау үшін Visa Solution тіркелгісінде пайдаланушы атыңыз болуы қажет. - Бас тарту.
Біздің осы Шарттарда қамтылған кез келген шартты немесе құқықты қолданбауымыз немесе сақталуын қамтамасыз етпеуіміз, я болмаса оларды кешіктіруіміз осындай шарттан немесе құқықтан бас тарту деп есептелмеуі керек. - Толық Келісім.
Осы Шарттар Visa Solution қызметін пайдалануыңыз бойынша Visa мен сіздің араңызда бүкіл келісімді құрайды. - Келісімнің ажырағыштығы.
Сіз және Visa егер осы Шарттардың қандай да бір бөлігі заңсыз, жарамсыз (соның ішінде заң талабына орай) немесе қандай да бір себеппен құзыретті юрисдикцияның сотымен орындалуы мүмкін емес деп танылса, сол бөлігі осы Шарттардан ажыраған болып есептеледі де, қалған бөліктердің жарамдылығына және орындалуына әсер етпейді. - Келісімнің түсінілуі.
Тақырыптар мен атаулар тек ыңғайлылықты қамтамасыз етуге арналған және олар Келісімнің түсінілуі мақсатында қамтылған деп есептелмеуі керек. «Осының», «осында» және «осымен» сөздері осы Шарттардың қандай да бір нақты бөлігіне емес, барлық бөліктеріне қатысты қолданылады. «Соның ішінде» термині «соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей» мағынасын білдіреді. Осында пайдаланылған жекеше түр көпше түрді, көпше түр жекеше түрді қамтиды, ал қолданылған қандай да бір жыныс барлық жыныстарды білдіре береді. - Тараптардың қарым-қатынасы.
Осы Шарттардағы ешнәрсе сіз бен біздің арамызда бірлескен кәсіпорынның не серіктестіктің құрылуын, жұмысқа алуды немесе агенттік қарым-қатынасты білдірмейді және Visa-ның атынан қандай да бір міндеттемені құру немесе қандай да бір мәлімдеме жасау үшін ешқандай уәкілеттігіңіз болмайды. - Жауапкершіліктен босату.
Қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілетін шамада Visa тараптарын осы Шарттарды бұзуыңыздың нәтижесінде не оған байланысты туындайтын барлық шығындардан, міндеттемелерден, шағымдардан немесе талаптардан, залалдардан, айыппұлдардан және шығындардан босатуға келісесіз. - Дауларды шешу және Реттеуші заң.
Заңмен барынша рұқсат етілетін шамада сіз және Visa мыналарға келісесіздер: - егер сіз төмендегі H (b.) бөлімінде көрсетілгендерден басқа Жарамды юрисдикцияның резиденті болсаңыз, келесі реттеуші заң мен арбитраж қаулысы қолданылады:
БҰЛ БӨЛІМ АРБИТРАЖ ЕРЕЖЕСІН ҚАМТИДЫ. ОСЫ ЕРЕЖЕНІ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ОНДА VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНЕ НЕМЕСЕ ОСЫ ШАРТТАРҒА ҚАТЫСТЫ БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ШАҒЫМНЫҢ МІНДЕТТІ АРБИТРАЖДЫҚ СОТ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕТІНІ КӨРСЕТІЛЕДІ. АРБИТРАЖДА СІЗ ДЕ, VISA ДА СОТТА НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ НЕМЕСЕ ШАҒЫМДАР БОЙЫНША АЛҚАБИЛЕР СОТЫНА ҚҰҚЫЛЫ БОЛМАЙСЫЗДАР. НАРАЗЫЛЫҚТАР АРБИТРАЖЫ ТЕК ЖЕКЕ ТӘРТІПТЕ ӨТКІЗІЛЕДІ. СОТТА ТЫҢДАУ АЛДЫНДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ АШУ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ СОТТА ТЫҢДАУДАН КЕЙІНГІ АПЕЛЛЯЦИЯ ҚҰҚЫҚТАРЫ ШЕКТЕЛЕДІ, БІРАҚ АРБИТР ОСЫ ШАРТТАРДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕНДЕЙ ЗАЛАЛДАРДЫ ӨТЕУ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРДЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ КЕРЕКТІГІ ТУРАЛЫ ҮКІМ ШЫҒАРА АЛАДЫ.
Visa Solution қызметінен немесе осы Шарттардан, соның ішінде осы Шарттардың қалыптасуынан, түсінілуінен, бұзылуынан, орындалуынан, тоқтатылуынан немесе оларға байланысты туындаған кез келген дау, әрекет себебі, шағым немесе қайшылық, осы ереженің жарамдылығы және атқарылуы, арбитражда талқыланатын келісімнің ауқымы мен қолданымдылығының анықталуы (осы H(1) бөлімде «Дау» деп аталады) тек осы бөлімдегі арбитраж процесі жөніндегі бапқа сәйкес жүзеге асырылады. Сіз бен Visa арасындағы кез келген Даулар міндетті арбитраж арқылы шешілуі керек; тек егер сіз АҚШ резиденті болсаңыз, шағын наразылықтар сотында наразылықтарыңыздың қаралуына өтінім бере аласыз (наразылықтарыңыз белгілі бір шарттарға сай болса). Арбитраж жөніндегі осы бап тек Visa Solution қызметі бойынша Visa-мен орын алған Дауларға ғана қолданылады. Егер Жарамды картаңыздың Карта шығарушысымен қандай да бір дауыңыз болса, ол дауды Карта шығарушыңызбен шешуіңіз қажет.
Visa мен сіздің араңыздағы кез келген арбитраж егер сіз Америка Құрама Штаттарының резиденті болсаңыз, JAMS (Сот арбитражы мен медиаторлық қызмет) тарапынан оның Жалпы арбитраждық ережелері мен процедураларына сәйкес, ал АҚШ-тан тыс тұратын болсаңыз, сол ережелер осы ережеге барынша қайшы келмейтін шамада реттеледі. Бұл ережелердің көшірмесін JAMS ұйымына 1-800-352-5267 нөміріне қоңырау соғу арқылы, JAMS ұйымының 620 Eighth Avenue, 34th Floor, New York, NY 10018 мекенжайына жазу арқылы, я болмаса www.jamsadr.com немесе www.jamsinternational.com/ веб-сайтынан онлайн түрде алуға болады.
КЕЗ КЕЛГЕН НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ АРБИТРАЖЫ ЖЕКЕ ТӘРТІПТЕ ӨТКІЗІЛЕДІ. БҰЛ, ЕГЕР СІЗ ЖӘНЕ VISA ӨЗГЕШЕ ТҮРДЕ ЖАЗБАША КЕЛІСПЕГЕН БОЛСАҢЫЗ, СІЗГЕ ДЕ, VISA-ҒА ДА ӨЗГЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРБИТРАЖЫНДА НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАРСЫ АРБИТРАЖДА НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ БІРІКТІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ЖӘНЕ СІЗГЕ ДЕ ӘРІ VISA-ҒА ДА ҚАНДАЙ ДА БІР СЫНЫПТЫҢ УӘКІЛЕТТІ ТҰЛҒАСЫ НЕМЕСЕ МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ҚАНДАЙ ДА БІР НАРАЗЫЛЫҚТЫ АРБИТРАЖҒА ЖІБЕРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ. ОСЫ ШАРТТАРҒА ЕНУ АРҚЫЛЫ СІЗ ЖӘНЕ VISA ҚАНДАЙ ДА БІР СЫНЫП ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН БАС ТАРТАСЫЗ. Арбитраж бір арбитрдің алдында ғана өтеді. Арбитраж (i) телефон арқылы, онлайн режимде және/немесе тек жазбаша арыздардың негізінде өткізіледі, тиісті әдісті арбитражды бастатқан тарап таңдайды; және (ii) егер тараптар арасында өзгесі өзара келісілген болмаса, тараптардың немесе куәгерлердің тікелей қатысуын талап етпейді. Арбитрді сіз және Visa компаниясы өзара келісіп таңдайсыздар. Сіз және Visa компаниясы арбитрді өзара келісу арқылы таңдай алмасаңыздар, арбитр JAMS процедуралары бойынша тағайындалады. Қандай да бір себеппен Дау арбитражға емес, сотқа түссе, сіз де, Visa да алқабилер сотын талап ету бойынша барлық құқықтардан бас тартасыздар.
Адвокат жалдауыңызға болады, бірақ бұлай істеуге міндетті емессіз. Егер қолданыстағы заң бойынша арбитр тарапынан өтемақының жасалуы туралы шешім қабылданбаса, Тараптардың әрбірі өз адвокатының төлемақысын өтеуге өзі жауапты болады. Арбитражды бастаған тарап іс қозғау ақысын төлейді (егер мұның ауыртпалық түсіруіне байланысты, JAMS тарапынан өзгесі көрсетілмеген болса). Visa арбитражға қатысты барлық басқа әкімшілік, істі басқару және арбитр ақыларын тікелей JAMS ұйымына төлейді. Арбитраждың соңында Visa тарапынан жасалған төлемдер JAMS процедуралары бойынша арбитрдің нұсқауына сәйкес Visa мен сіздің араңызда үлестірілуі мүмкін.
Барлық мәселелерді, соның ішінде осы арбитраж шартының ауқымы мен қолданымдылығына қатысты мәселелерді арбитр шешеді. Арбитрдің кез келген шешімі соңғы шешім болып табылады. Арбитраждық шешімді құзыреті бар кез келген сотқа енгізуге болады. Бұл бап тараптардың тиісті құзыреті бар қандай да бір сотқа арбитраж үшін жүгініп, алдын ала қорғаныс шараларының қабылдануын талап етуге тыйым салады. Visa жауапкершілігі жоғарыдағы 13-бөлімде сипатталғандай қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілетін шамада шектеледі.
Егер қандай да бір қайшылық немесе заңды таңдау ережелері болмаса, осы Шарттар және тараптардың осында көрсетілген құқықтары Делавэр штатының заңдарымен реттеледі және соларға сай түсініледі.
Егер сыныптық әрекет үшін айыптаулар жасалған жағдайда қандай да бір себеппен бұл бөлімдегі арбитраж ережесі атқарылуы мүмкін емес деп танылса немесе сыныптық әрекет құқықтарынан бас тарту атқарылуы мүмкін емес деп танылса, реттеуші заң және төмендегі H (b.) бөлімінде сипатталған форум таңдау ережелері қолданылады.
Осы бөлімнің қалған бөлігі АҚШ резиденттеріне қатысты:
Статут тарапынан талап етілген немесе алдын ала қабылданған шешім бар болған жағдайларды санамағанда, арбитр айыппұлдық немесе жазалаушы шығындарды тағайындай алмайды; сондай-ақ, арбитр ешқандай кездейсоқ, жанама, немесе салдарлық залалдардың, оның ішінде жоғалған табыс пен үшінші тараптардан келген зияндардың өтелуі туралы шешім қабылдай алмайды. Берілген қандай да бір жеңілдіктер өзге Visa Solution пайдаланушыларына әсер ете алмайды. Тараптар осы Шарттар мемлекетаралық коммерцияға қатысты транзакцияны айғақтайтынын растайды. Қолданыстағы материалдық құқыққа келсек, алдыңғы параграфтағы ережеге қарамастан, осы Шарттарға және осы бөлімге сәйкес өткізілетін кез келген арбитражды Федералдық арбитраж туралы акт (АҚШ-тың заңдар жинағы 9, 1-16 бөлімдері) реттейді. - егер сіз (i) Аргентина, Бразилия, Канада немесе Еуропадағы қандай да бір Жарамды юрисдикцияның (ii), жоғарыдағы H (a) параграфындағы арбитраж ережесі атқарылуы мүмкін емес деп танылған қандай да бір Жарамды Юрисдикцияның немесе (iii) сыныптық әрекет бойынша айыптаулар жасалған жағдайда қандай да бір себеппен сыныптық әрекет құқықтарынан бас тарту атқарылуы мүмкін емес деп танылған қандай да бір басқа Жарамды юрисдикцияның резиденті болсаңыз, келесілер қолданылады: (x) осы Шарттардан немесе Visa Solution қызметін пайдаланудан немесе оларға байланысты туындайтын барлық даулар, шағымдар немесе әрекет себептері өзіңіз тұратын Жарамды юрисдикцияның заңдарымен реттеледі және соларға сай түсініледі; және (y) осы Шарттардан немесе Visa Solution қызметін пайдаланудан немесе оларға байланысты туындайтын барлық даулар, шағымдар немесе әрекет себептері осындай Жарамды юрисдикция аясындағы құзыретті азаматтық соттар арқылы шешіледі. Тұтынушыларды қорғау жөніндегі кез келген міндетті заң қолданыла береді.
- Үшінші тұлғаларға тапсыру.
Visa-ның алдын-ала жазбаша келісімінсіз бұл Шарттарды, заң бойынша немесе басқалай, үшінші тұлғаларға тапсыра алмайсыз. Visa компаниясы осы Шарттарды және осындағы құқықтар мен міндеттемелерді сізді ескертусіз немесе сіздің келісіміңізсіз кез келген үшінші тарапқа тапсыру құқығын сақтайды. Жоғарыда аталғанға сәйкес бұл Шарттар сіз және сіздің тиісті құқықтық мұрагерлеріңіз бен өзіңіз тағайындаған адамдарыңыз үшін міндетті болып табылып, сіздің мүддеңізде немесе сізге қарсы атқарылады. Кез келген уақытта, соның ішінде, егер осы Шарттарды өзге тұлғаларға тапсыруымыз сіздің көңіліңізден шықпаса, Visa Solution қызметін пайдалануды тоқтатуыңызға болады. - Елге тән ережелер.
17. Жалпы шарттар
-
Тұтынушыларды қорғау жөніндегі нормативтер Буэнос-Айрес қаласындағы тұтынушыларға немесе пайдаланушыларға қызметтердің маркетингін жасайтын, оларды сататын немесе ұсынатын және Интернет парақшасы бар болған заңды тұлғалардың «Dirección General de Defensa y Protección al Consumidor» бөліміне қосуы қажет екенін алдын ала қарастырады. Қандай да бір сұрақ немесе шағым бойынша «Dirección General de Defensa y Protección al Consumidor» қызметімен байланысу үшін www.argentina.gob.ar/defensadelconsumidor сайтына өтіңіз.
-
Егер сіз Аустрия резиденті болсаңыз, осы 17.J.ii бөлімінің келесі ережелері сізге жоғарыдағы сәйкесінше нөмірленген тараулардың орнына қолданылады және 1-17.I бөлімдеріндегі жалпы ережелерден басым болады.
3-бөлім (Қызмет көрсету шарттары)
Visa Solution қызметі барлық Жарамды карталар үшін қолжетімді болмауы мүмкін. Сонымен қатар, Visa Жарамды карталарды Visa Solution қызметі үшін белсендіруге тыйым салуы мүмкін.
5-бөлім (Тіркеу және қауіпсіздік)
Егер сіз Visa Solution қызметінде тіркелуді немесе қандай да бір Жарамды картаны белсендіруді таңдасаңыз, бізге өзіңіз туралы шынайы, нақты, өзекті және толық ақпаратты қамтамасыз етуге және мұндай ақпаратқа қандай да бір өзгеріс жасалған жағдайда бізді хабарландыруға келісесіз. Сіз Visa компаниясына дұрыс емес ақпаратты беруіңіздің нәтижесінде, оның ішінде Visa Solution қызметі туралы маңызды ақпарат пен жаңалықтарды ала алмай қалуыңыздың салдарынан туындайтын қандай да бір мәселе үшін Visa компаниясының жауапкершілік көтермейтінін растайсыз және оған келісесіз. Егер бізге қамтамасыз еткен қандай да бір ақпаратыңыз шынайы емес, нақты емес немесе толық емес деп күдіктену үшін Visa компаниясының орынды негіздері болса, Visa компаниясы Visa Solution қызметінде тіркелуіңізді не оны пайдалануыңызды кідіртуі немесе тоқтатуы, сондай-ақ, Visa Solution қызметін (немесе оның қандай да бір бөлігін) кез келген және барлық ағымдағы немесе болашақтағы қолдануларыңызды болдырмай қоюы мүмкін.
Тіркеуіңіздің бір бөлігі ретінде пайдаланушы атын құруыңыз қажет және кейбір нарықтарда құпиясөз орнату қажет болуы мүмкін. Осы дерек бөліктері сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде сіздің аутентификацияңыз үшін қолданылады. Егер құпиясөз орнатуыңыз қажет болса, қорғанысыңыз үшін Visa Solution қызметі үшін бірегей болып табылатын құпиясөзді таңдауыңыз және пайдаланушы аты мен құпиясөзді есте сақтауыңыз, сондай-ақ, жеке компьютеріңізді, планшетіңізде, мобильді құрылғыңызда немесе Visa Solution қызметіне қатынасу үшін қолданылған өзге құрылғыда құпиясөзіңіздің жазбасын сақтамауыңыз қажет. Пайдаланушы атыңыздың және бар болған жағдайда құпиясөз(дер)іңіздің құпиялығын қорғауға өзіңіз жауаптысыз. Оған қоса, құрылғыңызда немесе браузеріңізде сақталып қалуды таңдасаңыз немесе Visa Solution қызметін пайдалануыңызды бір немесе бірнеше құрылғыда цифрлық әмиянмен байланыстырсаңыз, бұл құрылғылардың қауіпсіздігін және оларға қатынасуды қорғауға өзіңіз жауапты боласыз. Солай істеуіңіз маңызды болып табылады, себебі егер сіз өз кінәңізбен осындай құрылғылардың қауіпсіздігін және оларға қатынасу мүмкіндігін қорғамаған болсаңыз, Жарамды картаңыздың өзге тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылуы нәтижесінде сізге келетін шығындардың ешбіріне жауапты болмаймыз және жағдайларға қарай сіздің Карта шығарушыңыз Жарамды карта шотыңыздың рұқсатсыз пайдаланылуы бойынша жауапкершілікті сізге жүктеуі мүмкін. Егер сіздің пайдаланушы атыңыз және қолданылған жағдайда құпиясөзіңіз, немесе Жарамды картаңыз Visa Solution қызметінде өзге тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылса, немесе есте сақталып қалу не Visa Solution қызметінің қолданысын цифрлық әмиянмен байланыстыру үшін таңдаған қандай да бір құрылғы(лары)ңыз жоғалып қалса не ұрланса немесе өзгеше түрде өзге тұлғалардың рұқсатсыз қатынасуына ұшыраса, немесе Visa Solution қызметін пайдалануға қатысты қауіпсіздіктің нақты немесе ықтималды бұзылуы орын алса, сізге мәлім болған бойда Visa компаниясын дереу хабарландыруға келісесіз. Visa компаниясы сіздің Жарамды карталарыңызды жою немесе Visa Solution қызметін пайдалануыңызды кідірту не тоқтату және/немесе егер қандай да бір құпиясөзіңіз болса және Visa оның енді қауіпсіз емес деп ойласа, оны өзгертуді талап ету құқығын сақтайды.
Сіз өзіңіздің Жарамды карталарыңызды Visa Solution қызметінде пайдалану бойынша және Visa Solution қызметін пайдалануыңыздың және оған қатынасуыңыздың осы Шарттарға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз етуге жауаптысыз.
Сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде сіздің жеке басыңызды тексеру үшін Visa-ның сіздің электрондық поштаңызға және/немесе ұялы телефоныңызға бір реттік кіру кодын жібере алатынын мойындайсыз.
Visa тарапынан қолжетімді етілген жағдайда, VisaSolution қызметіне байланысты саусақ ізі, бет аутентификациясы және/немесе құрылғыңыздың құпия коды («Кіру кілттері») сияқты жеке құрылғыңыздағы мүмкіндіктерді пайдалануды таңдауыңызға болады. Кіру кілттерін пайдалануыңыз сіз бен құрылғы өндірушісі арасындағы келісіммен реттеледі. Саусақ іздері, бет аутентификация деректері және/немесе құрылғының кіру коды сіздің құрылғыңызда ғана қалады және Visa оған қол жеткізе алмайды. Кіру кілттерін кез келген төлем транзакциясына байланысты пайдалануды таңдай аласыз және осы жерден картаны ажырату не құрылғыны жою арқылы Visa Solution қызметімен байланысты кіру кілттерін пайдалану мүмкіндігін өшіре аласыз.
Visa Solution қызметін қандай да бір электрондық коммерция транзакциясын орындау үшін қолдануға болатын және сізбен әрекеттесетін сатушы ұйым Visa Solution қызметін қолдайтын кез келген құрылғыда пайдалануды таңдай аласыз. Бұған қоса, құрылғы, платформа және/немесе веб-браузер Кіру кілттерін қолдайтын, құрылғыңызда Кіру кілттерін қосқан және Кіру кілттері Visa тарапынан қолжетімді етілген жағдайда Кіру кілттерін пайдалану арқылы жеке құрылғыңыздағы Visa Solution транзакцияларын аутентификациялауды таңдауыңызға болады.
7-бөлім (Төлемдер, алымдар және салықтар)
Сіз қандай да бір жабдық, құрылғы, бағдарламалық жасақтама, сымсыз желі және Интернет қатынасын сатып алу, сондай-ақ, Visa Solution қызметін пайдалануыңызға немесе оған қатынасуыңызға қажетті болған өзге бұйымдарды сатып алу, оларға қатысты болған барлық төлемдер, шығындар немесе барлық өзге алымдар бойынша тек өзіңіз жауаптысыз. Хабарлама және мобильді дерек құны алынуы мүмкін. Сіз Visa Solution қызметі бойынша өзіңіз қолданатын Жарамды карталардың Карта шығарушысы алатын пайыздық мөлшерлемелер, алымдар, төлемдер немесе шығындар үшін және Visa Solution қызметін пайдалануыңызға қатысты салықтар мен салық есептілігі жөніндегі міндеттемелер үшін тек өзіңіз жеке-дара жауаптысыз.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі.
8-бөлім (Құпиялылық)
Visa сізге Visa Solution қызметін қамтамасыз ету үшін (осы Шарттарда келісілгендей) және үйлесімді мақсаттарда сіздің жеке ақпаратыңызды өңдейді. Сіз өз шотыңызға қатысты жеке ақпараттың дұрыс және жаңартылған күйінде сақталуына өзіңіз жауапты боласыз. Егер сіз карта шығарушысы, сату ұйымы немесе кез келген басқа үшінші тұлға басқаратын басқа қызметтерді пайдалансаңыз (соның ішінде, егер бұл қызметтер Visa Solution арқылы қолжетімді болса), құпиялылық туралы бөлек ескертулер қолданылуы мүмкін.
10-бөлім (Лицензия беру)
Visa сізге Visa Solution қызметін осы Шарттарға сәйкес Visa Solution жүйесінде тіркеулі болған мерзім бойы пайдалану үшін шектеулі, қайтарылмалы, эксклюзивті емес, сублицензиялауға болмайтын және өзгеше тасымалданбайтын лицензияны береді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, лицензия кез келген жағдайда осы Шарттармен жасалған келісім аяқталған кезде аяқталады. Сізге тікелей берілмеген барлық құқықтарды Visa, оның Филиалдары мен олардың лицензиарлары сақтайды.
13-бөлім (Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілікті шектеу туралы мәлімдеме)
VISA КОМПАНИЯСЫНЫҢ КІШІГІРІМ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚТАН (LEICHTE FAHRLÄSSIGKEIT) ТУЫНДАҒАН ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ (SCHÄDEN) САНАЛМАЙДЫ.
ЖОҒАРЫ АТАЛҒАН ЖАУАПКЕРШІЛІК МІНДЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ, АТАП АЙТҚАНДА КЕПІЛДІК АРЫЗДАРЫНАН (GEWÄHRLEISTUNGSANSPRÜCHE), АУСТРИЯЛЫҚ ӨНІМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ АКТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ (PRODUKTHAFTUNGSGESETZ) ЖӘНЕ ДЕНЕ ЗАҚЫМДАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ (PERSONENSCHÄDEN) ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ЕГЕР VISA БЕЛГІЛІ БІР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕЛЕТІН МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛІ БІР КЕПІЛДІКТІ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР МІНДЕТТЕМЕНІ ҚАБЫЛДАҒАН БОЛСА, ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУІ СОЛ ШАМАДА ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.
16-бөлім (Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы)
Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны төмендегі шарттарға сәйкес тоқтатқанша белгісіз мерзім бойы қолжетімді болады, бұл шарттар қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісімді қайтарып алу құқықтарыңызды қамтиды.
Visa сізге кемінде он төрт (14) күн бұрын электрондық пошта арқылы жазбаша хабарлама жібере отырып, Visa Solution қызметінің қандай да бір немесе барлық аспектілеріне қатысты осы Шарттармен жасалған келісімді бұза алады.
Visa өз білгенінше Visa Solution қызметінің кез келген немесе барлық аспектілеріне жақсартулар енгізе алады.
Visa Solution қызметін пайдалануыңызды кез келген уақытта тоқтата аласыз. Visa Solution веб-сайтының Тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы Visa Solution қызметіне тіркелуден бас тартуыңызға болады. Егер сіз осы Шарттардың қандай да бірін бұзсаңыз, Visa компаниясы Visa Solution қызметін пайдалануыңызды немесе оған қатынасуыңызды кез келген уақытта дереу және алдын ала ескертусіз немесе сіздің алдыңызда міндеттеме көтерусіз кідірте немесе тоқтата алады. Тоқтатудан кейін сіз осы Шарттар бойынша өзіңіз көтеретін барлық төлемдер мен өзге міндеттемелер үшін жауапты болып қала бересіз.
17.A бөлімі. (Ескертпелер)
Сіз Visa-ның сізге электрондық пошта арқылы Visa Solution қызметіне қатысты ескертулер мен өзге жарияланымдарды жіберуі мүмкін екеніне келісесіз. Бізден сізге жіберілетін барлық электрондық хабарламалар «жазбаша түрдегі» хабарламалар болып есептеледі және сіз нақты алған күні жеткізілген болып саналады. Біз сізге Visa Solution қызметін пайдалануыңызға қатысты қағаз түріндегі қосымша хабарламаларды қамтамасыз етуге тиісті емеспіз.
Бізден жіберілетін электрондық пошталардың сіздің электрондық пошта тіркелгіңізде бұғатталып қалмағанын, сондай-ақ, бізге өзіңіз берген электрондық пошта мекенжайының әлі де өзекті екенін тексеріп тұруыңыз қажет. Оған қоса, сіз бізге өзіңіз электрондық түрде жіберген кез келген нұсқаулар бойынша әрекет етуімізге рұқсат бересіз.
Visa Solution тіркелгісі бойынша қандай да бір ақпаратқа электрондық түрде қатынасу немесе қандай да бір іс-әрекетті орындау үшін Visa Solution тіркелгісінде пайдаланушы атыңыз болуы қажет.
17.G бөлімі. (Залалдарды өтеу)
Visa тараптарын осы Шарттарды қандай да бір кінәратпен бұзуыңыздың нәтижесінде не оған байланысты туындайтын барлық шығындардан, міндеттемелерден, шағымдардан немесе талаптардан, залалдардан, айыппұлдардан және шығындардан босатуға келісесіз.
17.H бөлімі (Дауларды шешу және реттеуші заң)
- Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa шағымды құпия түрде қарастырады. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу растайды және шағымды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде шағымды қарау үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Егер Visa сіздің шағымыңызды шеше алмаса, шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Содан кейін шағым дауларды шешу жөніндегі жергілікті органдарға жіберіледі.
- Осы Шарттардан немесе Visa Solution қызметінен туындайтын барлық даулар, шағымдар немесе іс қозғау негіздемелері оның заңдар қайшылығы ережелерінсіз Аустрияның заңдарымен реттеледі және интерпретацияланады.
- Осы Шарттардан немесе Visa Solution қызметінен туындайтыннемесе оларға байланысты орын алатын даулар, шағымдар немесе сот ісін қозғау негіздемелері заң бойынша юрисдикциясы бар құзыретті соттар шегінде шешіледі.
17.I бөлімі. (Үшінші тұлғаларға тапсыру) жойылған және қолданылмайды.
-
Осы 17.J.iii бөлімнің келесі тармақшаларының ережелері Болгария резиденті болып табылатын және 1-17.I бөлімдеріндегі жалпы ережелерден басым болатын тұтынушыларға қолданылады.
Біз сізге осы Шарттарға енгізілетін өзгерістер туралы мұндай өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде бір (1) ай бұрын электрондық пошта арқылы хабарлаймыз. Егер өзгерісті қабылдағыңыз келмесе, Visa Solution қызметін пайдалануды тоқтатуыңызға болады. Мұндай өзгерту күшіне енгенге дейін Visa Solution қызметін пайдалануды тоқтатпасаңыз, хабарланған өзгерісті қабылдаған болып есептелесіз.
Бізден сізге жіберілген барлық электрондық хабарламалар Болгарияның Электрондық құжат және электрондық сенімгерлік қызметтер туралы заңының ережелеріне және басқа да қолданыстағы заңдарға сәйкес алынған болып саналады.
Visa Solution қызметін қандай да бір электрондық коммерция транзакциясын орындау үшін қолдануға болатын және сізбен әрекеттесетін сатушы ұйым Visa Solution қызметін қолдайтын кез келген құрылғыда пайдалануды таңдай аласыз. Бұған қоса, құрылғы, платформа және/немесе веб-браузер Кіру кілттерін қолдайтын, құрылғыңызда Кіру кілттерін қосқан және Кіру кілттері Visa тарапынан қолжетімді етілген жағдайда Кіру кілттерін пайдалану арқылы жеке құрылғыңыздағы Visa Solution транзакциясын аутентификациялауды таңдауыңызға болады.
Егер Visa сіз берген шағымды шеше алмаса, шағымыңызды Дауларды шешудің балама әдісімен Бас Келістіруші комиссия арқылы шешу үшін Болгарияның Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комиссиясына жібере аласыз (толығырақ ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комиссиясының веб-сайтынан қараңыз – www.kzp.bg). Сондай-ақ шағымды Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/.
-
Тіл. Тараптар осы Келісімнің және барлық тиісті құжаттардың, соның ішінде барлық ескертпелер мен хабарламалардың тек ағылшын тілінде жасалуын өтінгенін және оған келіскенін растайды. Les parties confirment avoir requis et consenti à ce que cette convention et tous les documents qui s’y rattachent, incluant tous les avis et communications, soient rédigés en langue anglaise seulement.
-
Жоғарыдағы 7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі.
Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны 16-бөлімге («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») сәйкес тоқтатқанша белгісіз мерзім бойы қолжетімді болады, бұл шарттар қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісімді қайтарып алу құқықтарыңызды қамтиды. 16-бөлімге қарамастан, сіз немесе Visa бұл Шарттарды екінші тарапқа жазбаша хабарландыру («obavijest o otkazu») арқылы тоқтата аласыз/алады. Шарттар хабарландыру берілген күннен соң бір (1) айдан кейін тоқтатылады.
Visa Solution қызметін қандай да бір электрондық коммерция транзакциясын орындау үшін қолдануға болатын және сізбен әрекеттесетін сатушы ұйым Visa Solution қызметін қолдайтын кез келген құрылғыда пайдалануды таңдай аласыз. Бұған қоса, құрылғы, платформа және/немесе веб-браузер Кіру кілттерін қолдайтын, құрылғыңызда Кіру кілттерін қосқан және Кіру кілттері Visa тарапынан қолжетімді етілген жағдайда Кіру кілттерін пайдалану арқылы жеке құрылғыңыздағы Visa Solution транзакциясын аутентификациялауды таңдауыңызға болады.
Электрондық сауда платформаларынан тауар сатып алу үшін қолдануға болатын кез келген кредиттік, дебеттік және қайта толтыруға болатын алдын ала төленген және тек бір тұлғаға тиесілі болған Visa карталарын Visa Solution қызметімен бірге пайдалануға болады. Visa басқа схемалар (мысалы, Mastercard немесе American Express) үшін SRC бастамашысы ретінде әрекет еткенде (яғни, Visa сатушы ұйымның атынан электрондық коммерция сайтының төлем бөліктерін басқаратын жағдайда), осы схемалардағы карталар да Visa Solution қызметінде пайдалануға жарамды болады.
Осымен сіз Visa компаниясының бұл Шарттарды және оның аясындағы құқықтар мен міндеттемелерді кез келген үшінші тұлғаға табыстай алатынына ашық түрде келісесіз. Мұндай табыстау сізге бұл табыстау туралы хабарланған кезде күшіне енеді.
Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу растайды және шағымды алғаннан кейін он бес (15) күн ішінде шағымды қарау үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Егер Visa сіздің шағымыңызды шеше алмаса, шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Содан кейін шағым дауларды шешу жөніндегі жергілікті органдарға жіберіледі.
-
Жоғарыдағы 7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі. Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны тоқтатпайынша белгісіз мерзімге қолжетімді бола береді және оны кез келген уақытта тоқтатуға болады.
Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa шағымды құпия түрде қарастырады. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу растайды және шағымды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде шағымды қарау үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Егер Visa сіздің шағымыңызды шеше алмаса, шағымыңызды Чехияның сауда инспекциясына («ČOI») жіберуіңізге болады. Шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Одан кейін шағым Чехияның сауда инспекциясына («ČOI») жолданады. Сондай-ақ Чехияның сауда инспекциясына («ČOI») пошта арқылы немесе өзіңіз тікелей хабарласа аласыз: Česká obchodní inspekce, Ústřední inspektorát – oddělení ADR, Štěpánská 44, 110 00 Praha 1, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]. Толығырақ ақпаратты Чехияның сауда инспекциясының («ČOI») веб-сайтынан табуға болады: https://www.coi.cz.
-
Сіз Visa Solution қызметінің тек Қытай Халық Республикасындағы Қытайдың материктік бөлігінен тыс орналасқан сату ұйымдарымен жасалатын трансшекаралық валюталық транзакцияларда сіздің пайдалануыңызға ғана қолжетімді екенін растайсыз. Қытай Халық Республикасындағы Қытайдың материктік бөлігінде Visa Solution қызметін ұсынатын барлық сату ұйымдарына Қытай Халық Республикасындағы Қытайдың материктік бөлігінің резиденті болып табылмайтын тұлғалар үшін ғана солай істеуге рұқсат беріледі.
-
Германия резиденттері үшін 17.H. (Дауларды шешу және реттеуші заң) бөлімінің соңына келесі сөйлем қосылады:
Еуропалық комиссия дауларды өзінің Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дауларды онлайн режимде шешу платформасына келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Visa дауларды шешудің мұндай процедураларына қатысуға міндетті нем дайын емес.
Жоғарыдағы 13-бөлімдегі (Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілік шектеуі) жауапкершілік шектеуі туралы тармақтарға немесе Visa компаниясының жауапкершілік шектеуіне қатысты басқа да мәлімдемелерге қарамастан, Германия резиденттері үшін төмендегілер қолданылады:
VISA КОМПАНИЯСЫНЫҢ КІШІГІРІМ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ СЕБЕБІНЕН ТУЫНДАҒАН ЗАЛАЛДАР ҮШІН КЕЛІСІМШАРТТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ, ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІНЕ ҚАРАМАСТАН, КЕЛЕСІДЕЙ ШЕКТЕЛЕДІ:
- (а) VISA ЕЛЕУЛІ КЕЛІСІМШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БҰЗУ СЕБЕБІНЕН ОСЫ КЕЛІСІМШАРТ ТҮРІНІҢ АЛДЫН АЛА БОЛЖАУҒА БОЛАТЫН ӘДЕТТЕГІ ЗАЛАЛДАРДЫҢ СОМАСЫНА ДЕЙІН ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ;
- (b) VISA ЕЛЕУСІЗ КЕЛІСІМШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖӘНЕ КІШІГІРІМ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ СЕБЕБІНЕН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚАНДАЙ ДА БІР ҚАМҚОРЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫНА ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ.
ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУЛЕРІ МІНДЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРГЕ, АТАП АЙТҚАНДА ГЕРМАНИЯНЫҢ ӨНІМ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК АКТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРЕ (PRODUK-THAFTUNGSGESETZ) ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КІНӘРАТТАН ТУЫНДАҒАН ДЕНЕ ЖАРАҚАТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ. ОҒАН ҚОСА, ЕГЕР VISA БЕЛГІЛІ БІР КЕПІЛДІКТІ БЕРГЕН БОЛСА, МҰНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУЛЕРІ СОЛ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.
(a) ЖӘНЕ (b) БӨЛІМДЕРІ VISA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОРЫНСЫЗ ШЫҒЫНДАР ҮШІН КӨТЕРЕТІН ЖАУАПКЕРШІЛІНЕ СӘЙКЕС ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
СІЗ ЗАЛАЛДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЗАЙТУҒА ЖАУАПТЫ БОЛАСЫЗ.
-
Жоғарыдағы 16-бөлімдегі («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») өзгерту туралы тармақтарға қарамастан, Венгрия резиденттері үшін төмендегілер қолданылады:
Visa өз білгенінше келесі жағдайларда сізге ескерту арқылы немесе ескертпестен осы Шарттарды өзгертуге не модификациялауға құқылы болады:
- (a) Visa компаниясының Visa Solution қызметін немесе оның қандай да бір бөлігін қамтамасыз ете алмауына әкелетін және Visa компаниясының қолында болмаған себептерге байланысты;
- (b) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді сақтау;
- (c) егер қандай да бір мемлекеттік орган, сот, Еуропалық Одақ соты немесе мекемесі Visa компаниясына міндеттеме жүктеп, ол міндеттеме осы Шарттардың мазмұнына және/немесе Visa Solution қызметіне тікелей ықпал ететін болса;
- (d) егер өзгеріс сізге пайда әкелетін болса, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, қосымша функциялардың енгізілуі, қауіпсіздікті және техникалық жақсартулардың енгізілуі, қателердің түзетілуі, тұрақтылықтың арттырылуы, Visa Solution жұмысының жақсартылуы, пайдаланушы ағынының жақсартылуы және пайдаланушы үшін өзектілігін жоғалтқан белгілі бір функциялардың жойылуы; және/немесе
- (e) егер Visa компаниясы үшін Visa Solution қызметін немесе ондағы белгілі бір функцияларды ұсыну экономикалық мақсатқа сай болмаса.
Егер жоғарыда көрсетілген өзгертулер сізге қолайсыздық тудыратын болса, Visa сізге бұл өзгертулердің күшіне ену күнінен кемінде сегіз (8) күн бұрын хабарлайды. Егер бұл Шарттардың модификациясына келіспесеңіз, келесімшартты кез келген уақытта тоқтатуға құқылысыз.
Жоғарыдағы 16-бөлімдегі («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») тоқтату туралы тармақтарға қарамастан, Венгрия резиденттері үшін төмендегілер қолданылады:
Visa келесі жағдайларда сізді ескерту арқылы не ескертпестен және өз білгенінше Visa Solution қызметінің және/немесе осы Шарттардың кез келген немесе барлық аспектілерін кідірте не тоқтата алады:
- (a) Visa компаниясының Visa Solution қызметін немесе оның қандай да бір бөлігін қамтамасыз ете алмауына әкелетін және Visa компаниясының қолында болмаған себептерге байланысты;
- (b) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді сақтау;
- (c) егер қандай да бір мемлекеттік орган, сот, Еуропалық Одақ соты немесе мекемесі Visa компаниясына міндеттеме жүктеп, ол міндеттеме осы Шарттардың мазмұнына және/немесе Visa Solution қызметіне тікелей ықпал ететін болса;
- (d) егер Visa компаниясы үшін Visa Solution қызметін немесе ондағы белгілі бір функцияларды ұсыну экономикалық мақсатқа сай болмаса;
- (e) егер Visa Венгрияда Visa Solution қызметін ұсынуды тоқтату туралы шешім қабылдаса;
- (f) сіздің Карта шығарушыңыз немесе Visa компаниясының сондай басқа серіктесі бірдей немесе ұқсас шешімді ұсынған жағдайда;
- (g) егер сіз Шарттарды бұзсаңыз;
- (h) Visa алаяқтық немесе заңсыз, рұқсат етілмеген немесе дұрыс емес әрекетке күдіктенсе, оның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, сіз Visa компаниясына толық емес, дұрыс емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты берген жағдайда немесе Visa компаниясының алаяқтықты бақылау құралдарында көрсетілгендей;
- (i) Visa компаниясының қауіпсіздік жүйелері сіздің Visa Solution шотыңыздағы күдікті әрекетті байқаған жағдайда; және/немесе
- (j) санкциялық тексерулер нәтижесінде.
Егер Visa Solution қызметі бойынша қандай да бір шағымыңыз болса, оны Будапешттің келістіруші органына жолдай аласыз (пошта мекенжайы: H-1253 Budapest, POB 10; электрондық пошта мекенжайы: [email protected]; онлайн жіберу: https://uj.bekeltetes.hu/publikus/online-ugy-inditas; орналасқан жері: H- 1016 Budapest, Krisztina krt. 99. I. em. 111; телефон: +36 (1) 488 21 31; толығырақ ақпаратты мына веб-сайттан алуға болады: https://bekeltet.bkik.hu).
Шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/.
Сондай-ақ шағымыңызды Венгриядағы үй мекенжайыңыздың негізінде құзіреті бар және тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын органға жібере аласыз. Егер Венгрияда үй мекенжайыңыз болмаса, құзыретті орган Будапешттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау органы болып табылады (орналасқан жері және пошта мекенжайы: H-1117 Budapest, Prielle Kornélia u. 4/b; электрондық пошта мекенжайы: [email protected]; телефоны: 06 (1) 450 25 98).
Осы Шарттарға негізделген келісімшарт тілі венгр тілі болып табылады.
Осы Шарттарға негізделген келісімшарт жазбаша келісімшарт ретінде қарастырылмайды.
Бұл Шарттардың бас әріптермен және/немесе қалың әріптермен жазылған мәтіні заң ережелерінен және стандартты келісімшарт тәжірибелерінен ерекше болып табылады. Сонымен қатар, Қызметтерді пайдалану арқылы сіз осы Шарттарды қабылдайсыз.
-
Visa Solution қызметін Үндістанда Visa Worldwide Pte. Limited ұсынады.
-
Visa Solution қызметі сізге Visa Solution қызметі ұсынылатын бүкіл мерзім бойы (ЕО) 2019/770 директивасында көрсетілгендей және Цифрлық мазмұн арқылы Мальта заңы мен Цифрлық қызметтер туралы келісімшарт ережелеріне (Қосымша заңнама 378.20) ендірілгендей сәйкестік талаптарына бағынады және оларға сәйкес келуі керек.
Жоғарыдағы 16-бөлімдегі («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») өзгерту туралы тармақтарға қарамастан, Мальта резиденттері үшін төмендегілер қолданылады:
Visa келесі жағдайларда сізді ескерту арқылы не ескертпестен және өз білгенінше Visa Solution қызметінің және/немесе осы Шарттардың кез келген немесе барлық аспектілерін өзгертуге, модификациялауға және/немесе оларға жақсартулар енгізуге құқылы болады:
- (a) Visa компаниясының Visa Solution қызметін немесе оның қандай да бір бөлігін қамтамасыз ете алмауына әкелетін және Visa компаниясының қолында болмаған себептерге байланысты;
- (b) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді сақтау;
- (c) егер қандай да бір мемлекеттік орган, сот, Еуропалық Одақ соты немесе мекемесі Visa компаниясына міндеттеме жүктеп, ол міндеттеме осы Шарттардың мазмұнына және/немесе Visa Solution қызметіне тікелей ықпал ететін болса;
- (d) егер өзгеріс сізге пайда әкелетін болса, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, қосымша функциялардың енгізілуі, қауіпсіздікті және техникалық жақсартулардың енгізілуі, қателердің түзетілуі, тұрақтылықтың арттырылуы, Visa Solution жұмысының жақсартылуы, пайдаланушы ағынының жақсартылуы және пайдаланушы үшін өзектілігін жоғалтқан белгілі бір функциялардың жойылуы;
- (e) егер Visa компаниясы үшін Visa Solution қызметін немесе ондағы белгілі бір функцияларды ұсыну экономикалық мақсатқа сай болмаса; және/немесе
- (f) егер Visa Мальтада Visa Solution қызметін немесе оның қандай да бір бөлігін ұсынуды тоқтату туралы шешім қабылдаса.
Жоғарыдағы 16-бөлімдегі тоқтату туралы тармақтарға қарамастан, егер төмендегі тізімде көрсетілгендей дереу тоқтату үшін қандай да бір елеулі негіздеме болмаса, Visa сізге кемінде бір (1) ай бұрын хабарлау арқылы Visa Solution қызметінің және/немесе осы Шарттардың кез келген немесе барлық аспектілерін өз білгенінше кідірте және/немесе тоқтата алады, егер дереу тоқтату үшін қандай да бір елеулі негіздеме болса, Visa алдын ала ескертпестен дереу тоқтата алады, атап айтқанда:- (a) Visa компаниясының Visa Solution қызметін немесе оның қандай да бір бөлігін қамтамасыз ете алмауына әкелетін және Visa компаниясының қолында болмаған себептерге байланысты;
- (b) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді сақтау;
- (c) егер қандай да бір мемлекеттік орган, сот, Еуропалық Одақ соты немесе мекемесі Visa компаниясына міндеттеме жүктеп, ол міндеттеме осы Шарттардың мазмұнына және/немесе Visa Solution қызметіне тікелей ықпал ететін болса;
- (d) егер Visa компаниясы үшін Visa Solution қызметін ұсыну экономикалық мақсатқа сай болмаса;
- (e) егер Visa Мальтада Visa Solution қызметін ұсынуды тоқтату туралы шешім қабылдаса;
- (f) сіздің Карта шығарушыңыз немесе Visa компаниясының сондай басқа серіктесі бірдей немесе ұқсас шешімді ұсынған жағдайда;
- (g) егер сіз Шарттарды бұзсаңыз;
- (h) Visa алаяқтық немесе заңсыз, рұқсат етілмеген немесе дұрыс емес әрекетке күдіктенсе, оның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, сіз Visa компаниясына толық емес, дұрыс емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты берген жағдайда;
- (i) Visa компаниясының қауіпсіздік құралдары сіздің Visa Solution шотыңыздағы күдікті әрекетті байқаған жағдайда; және/немесе
- (j) санкциялық тексерулер нәтижесінде.
-
Егер сіз Польшаның резиденті болсаңыз және 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін тіркелген болсаңыз, сізге жоғарыдағы сәйкесінше нөмірленген бөлімдердің орнына келесі ережелер қолданылады:
КІРІСПЕ:
МАҢЫЗДЫ: КЕЛЕСІ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫН («ШАРТТАР») МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. БҰЛ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ, СІЗ ОСЫ БАРЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ТҮСІНГЕНІҢІЗДІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КЕЛІСКЕНІҢІЗДІ КӨРСЕТЕСІЗ.
Visa Solution қызметі карта ұстаушысының талаптарға сәйкес келіп-келмейтініне қарай қамтамасыз етіледі. Егер Карта шығарушысы қандай да бір Жарамды карта(лар) бойынша Click to Pay қызметін қамтамасыз ететін болса, бұл Visa-ның мұндай Жарамды карта(лар) бойынша Visa Solution қызметін қамтамасыз етпейтінін білдіреді. Демек, сіз Карта шығарушысы қандай да бір Жарамды карта(лар) бойынша Click to Pay қызметін қамтамасыз ететін жағдайда, мұндай Жарамды карта(лар) бойынша Visa Solution қызметін пайдалану шарттарына сәйкес келмейтініңізді түсінесіз.
Егер Карта шығарушысы осы келісімшарт мерзімінің ішінде қандай да бір Жарамды карта(лар) бойынша Click to Pay қызметін қамтамасыз ете бастаса және:- a) сіз өзіңіздің Жарамды карта(лары)ңыз бойынша Карта шығарушыңыз ұсынатын Click to Pay қызметіне тіркелсеңіз, бұл Visa-ның мұндай Жарамды карта(лар) бойынша Visa Solution қызметін одан әрі қамтамасыз етпейтінін білдіреді; мұндай жағдайда, Visa сізді ол туралы хабарландырады және (i) төмендегі 17i бөліміне сәйкес осы Шарттардың өзге тұлғаларға тапсырылуына сіздің келісіміңізді сұрайды немесе (ii) бұл Шарттарды сізге кемінде отыз (30) күн бұрын хабарлау арқылы тоқтатады;
- b) Жарамды карта(лары)ңыз бойынша Карта шығарушысы ұсынатын Click to Pay қызметіне тіркелмесеңіз, Visa мұндай Жарамды карта(лар) бойынша сізге Visa Solution қызметін қамтамасыз етуді жалғастырады.
Visa сіздің тиісті және оңтайландырылған қызметтерді алуыңызды қамтамасыз ету үшін өз әректтерін сіздің Карта шығарушыңызбен (соның ішінде Visa Solution қызметіне тіркелу үшін берген ақпаратты бөлісу арқылы) үйлестіре алады. Егер сіз Visa Solution қызметін пайдалану талаптарына сәйкес келмейтін болсаңыз, бұл Шарттарды мойындаудың және растаудың Visa-мен келісім құрмайтынын және қалған Шарттардың қолданылмайтынын түсінесіз. Бас әріппен жазылған терминдер осы Шарттарда анықталған.
1. Visa Solution
Бұл ереже, жоғарыдағы тиісті бөлімнің алтыншы тармағын ауыстыратын келесі тармақпен сізге толықтай қолданылады:Сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде, транзакцияны өңдеуі үшін сіздің Карта мәліметтеріңізді сатушы ұйымға немесе өзге тиісті үшінші тараптарға береміз. Visa сіздің Жарамды карталарыңызды қорғауға көмектесу үшін Visa Жарамды картасының төлем шотының нөмірін (таңбалауыш) құра алады. Сатушы ұйымның немесе өзге тиісті үшінші тараптың транзакция туралы ақпаратты сіздің Жарамды картаңыз үшін қолданымды желіге тасымалдай алатынына және өзіңіз таңдаған Жарамды карта көмегімен транзакцияңыздың төленетініне келісесіз. Visa Solution қызметін пайдалану арқылы сақталатын немесе қамтамасыз етілетін Карта мәліметтерінің сіздің тарапыңыздан немесе нақты бір юрисдикцияларда сіздің атыңыздан Карта шығарушыңыздың немесе сатушы ұйым не үшінші тұлға тарапынан берілетінін және жеке қаржылық ақпаратты қамтитынын растайсыз. Жарамды карталарды Visa Solution қызметі бойынша тек Карта шығарушыңыз сізді карта ұстаушысы немесе уәкілетті пайдаланушысы деп таныса және сіздің атыңыз Жарамды картада көрсетілген болса ғана пайдалана аласыз. Сіз Visa Solution платформасында сақтайтын немесе Visa Solution қызметін пайдалану арқылы қамтамасыз ететін Карта мәліметтері мен басқа да ақпаратты толық және нақты күйде қамтамасыз етуге және сақтауға міндеттісіз. Сіз тек өзіңізге тиесілі немесе тек өзіңіз басқаратын жарамды электрондық пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлерін ғана пайдалануыңыз керек. Visa компаниясы Visa карталарының Карта мәліметтері бойынша нақты бір растау тексерістерін орындауы мүмкін болса да, Visa компаниясы Карта мәліметтерінің немесе сіз қамтамасыз ететін өзге ақпараттың дәлдігіне, оның ішінде, Карта мәліметтерінің жаңартылған болып-болмауына жауапты болмайды.2. Транзакцияларыңыз туралы маңызды ескертпе
Бұл ереже осы бөлімнің соңына қосылған келесі тармақпен бірге сізге толықтай қолданылады:VISA САТУШЫ ҰЙЫММЕН ЖАСАЛҒАН ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА ЕМЕС, VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ҚОЛДАНУҒА НЕ ОНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУІ МҮМКІН.3. Қызмет көрсету шарттары
Бұл ереже сізге қолданылмайды.4. Жарамдылық
Бұл ереже, жоғарыдағы тиісті бөлімнің алтыншы (iv) тармақшасын ауыстыратын келесі тармақшамен сізге толықтай қолданылады:(iv) бір немесе бірнеше Жарамды Картаны қолданатын және Жарамды картаға қатысты шоты оның банкі тарапынан жабылмаған немесе кідіртілмеген карта ұстаушысы немесе уәкілетті пайдаланушысы.5. Тіркеу және қауіпсіздік
Жоғарыдағы тиісті бөлімнің сізге қолданылмайтын екінші тармағынан соңғы тармағына дейінгілерді санамағанда және жоғарыдағы тиісті бөлімнің төртінші тармағын ауыстыратын келесі тармақты қоса алғанда, бұл ереже сізге толықтай қолданылады:Тіркеуіңіздің бір бөлігі ретінде пайдаланушы атын құруыңыз қажет және кейбір нарықтарда құпиясөз орнату қажет болуы мүмкін. Осы дерек бөліктері сіз Visa Solution қызметін пайдаланған кезде сіздің аутентификацияңыз үшін қолданылады. Егер құпиясөз орнатуыңыз қажет болса, қорғанысыңыз үшін Visa Solution қызметі үшін бірегей болып табылатын құпиясөзді таңдауыңыз және пайдаланушы аты мен құпиясөзді есте сақтауыңыз, сондай-ақ, жеке компьютеріңізді, планшетіңізде, мобильді құрылғыңызда немесе Visa Solution қызметіне қатынасу үшін қолданылған өзге құрылғыда құпиясөзіңіздің жазбасын сақтамауыңыз қажет. Пайдаланушы атыңыздың және бар болған жағдайда құпиясөз(дер)іңіздің құпиялығын қорғауға өзіңіз жауаптысыз. Оған қоса, құрылғыңызда немесе браузеріңізде сақталып қалуды таңдасаңыз немесе Visa Solution қызметін пайдалануыңызды бір немесе бірнеше құрылғыда цифрлық әмиянмен байланыстырсаңыз, бұл құрылғылардың қауіпсіздігін және оларға қатынасуды қорғауға өзіңіз жауапты боласыз. Мұны орындауыңыз маңызды, өйткені Visa Азаматтық кодекске сәйкес Visa жауапты болатын жағдайларды қоспағанда, Жарамды картаңыздың рұқсатсыз пайдаланылуы нәтижесінде сізге келген залалдарға жауапты болмайды. Егер сіздің пайдаланушы атыңыз және қолданылған жағдайда құпиясөзіңіз, немесе Жарамды картаңыз Visa Solution қызметінде өзге тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылса, немесе есте сақталып қалу не Visa Solution қызметінің қолданысын цифрлық әмиянмен байланыстыру үшін таңдаған қандай да бір құрылғы(лары)ңыз жоғалып қалса не ұрланса немесе өзгеше түрде өзге тұлғалардың рұқсатсыз қатынасуына ұшыраса, немесе Visa Solution қызметін пайдалануға қатысты қауіпсіздіктің нақты немесе ықтималды бұзылуы орын алса, Visa компаниясын дереу хабарландыруға келісесіз. Visa Solution платформасында аутентификация мәліметтері және/немесе Жарамды карта рұқсатсыз пайдаланылған немесе ашылған жағдайда, Visa сіздің Жарамды карталарыңызды Visa Solution қызметінен алып тастауы немесе сіздің оны пайдалануыңызды кідіртуі не тоқтатуы мүмкін. Visa компаниясы сіздің Visa Solution қызметін пайдалануыңызды кідірту немесе тоқтату туралы сізге хабарлайды және мұндай хабарламада Visa оның себептерін көрсетеді. Егер сізде құпиясөз болса, Visa оны өзгерту керек екенін сіздің есіңізге сала алады.10. Лицензияны беру
Visa сізге Visa Solution қызметін осы Шарттарға сәйкес Visa Solution жүйесінде тіркеулі болған мерзім бойы пайдалану үшін шектеулі, қайтарылмалы, эксклюзивті емес, сублицензиялауға болмайтын және өзгеше тасымалданбайтын лицензияны береді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, лицензия кез келген жағдайда осы Шарттармен жасалған келісім аяқталған кезде аяқталады. Сізге тікелей берілмеген барлық құқықтарды Visa, оның Филиалдары мен олардың лицензиарлары сақтайды.11. Пікірлер мен шағымдар
Егер сіз Visa Solution қызметін қалай жақсартуға болатыны туралы өз пікірлеріңізді немесе ұсыныстарыңызды жіберсеңіз, сіздің алдыңызда ешқандай міндеттеме көтерусіз, сіздің пікірлеріңізді немесе ұсыныстарыңызды пайдалана аламыз. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл тармақ төменде көрсетілген тұтынушы шағымдарына қатысты емес.
Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу, екі (2) күннен кешіктірместен, растайды және шағымды алғаннан кейін он төрт (14) күн ішінде сіздің шағымыңызға жазбаша түрде немесе электрондық пошта арқылы жауап беріп, шағымды шешу үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Егер Visa сіздің шағымыңызды шеше алмаса, шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Содан кейін шағым дауларды шешу жөніндегі жергілікті органдарға жіберіледі.
13. Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілік шектеуі туралы мәлімдеме
ЕГЕР КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛМАУЫ НЕ ТИІСІНШЕ ОРЫНДАЛМАУЫ VISA-НЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ САЛДАРЫ БОЛМАСА, ОСЫ КЕЛІСІМ ОРЫНДАЛМАҒАН НЕМЕСЕ ТИІСІНШЕ ОРЫНДАЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА , ОҒАН VISA ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ. БҰЛ СОНДАЙ-АҚ ТӨМЕНДЕГІЛЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ: (I) VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР СЕБЕППЕН, СОНЫҢ ІШІНДЕ КАРТА ШЫҒАРУШЫҢЫЗДЫҢ VISA SOLUTION ТРАНЗАКЦИЯСЫН АВТОРИЗАЦИЯЛАУДАН БАС ТАРТУЫ НЕМЕСЕ САТУШЫ ҰЙЫМНЫҢ ТРАНЗАКЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАМАУЫ СЕБЕБІНЕН ПАЙДАЛАНА АЛМАУЫҢЫЗ; (II) СІЗ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САТЫП АЛҒАН НЕМЕСЕ АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ТАУАРЛАР, ҚЫЗМЕТТЕР НЕМЕСЕ АҚПАРАТ, СОНЫҢ ІШІНДЕ МҰНДАЙ ТАУАРЛАРДЫ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ АҚПАРАТТЫ АЛА АЛМАУЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ҚАЙТАРА АЛМАУЫҢЫЗ; (III) САТУШЫ ҰЙЫМ МЕН СІЗДІҢ АРАҢЫЗДА ТУЫНДАЙТЫН ДАУЛАР; (IV) СІЗДІҢ КАРТА ШЫҒАРУШЫҢЫЗ НЕ ҮШІНШІ ТАРАПТАР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ БЕРІЛГЕН ҚАНДАЙ ДА БІР АҚПАРАТТАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН НАҚСЫЗДЫҚ, ТОЛЫҚСЫЗДЫҚ НЕМЕСЕ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ; (V) ДЕРЕКТЕРІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ ОНЫМЕН БІРГЕ ЖИНАЛҒАН, САҚТАЛҒАН НЕМЕСЕ ЖІБЕРІЛГЕН ӨЗГЕ АҚПАРАТҚА ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РҰҚСАТСЫЗ ҚАТЫНАСУЫ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗГЕРТІЛУІ НЕ ЖОҒАЛУЫ; (VI) ҚАТЕЛЕР, ЖҮЙЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТОҚТАУЫ, ЖЕЛІ НЕМЕСЕ ЖҮЙЕ АҚАУЛАРЫ, ФАЙЛДАРДЫҢ БҮЛІНУІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЗІЛУІ; НЕМЕСЕ (VII) VISA SOLUTION ҚЫЗМЕТІН ӨЗГЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕ ҚОЛДАНУЫҢЫЗ. ОҒАН ҚОСА, VISA КОМПАНИЯСЫ ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР СЕБЕБІНЕН ОСЫ ШАРТТАРДА ҚАМТЫЛҒАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛМАУЫНА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
ОСЫ ШАРТТАРДАҒЫ ЕШНӘРСЕ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША VISA ТАРАПТАРЫНЫҢ VISA КОМПАНИЯЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ.
14. Қолдамау; сату ұйымдарымен орын алатын даулар
Егер Азаматтық кодекске сәйкес Visa компаниясының жауапкершілігі болып табылатын жағдайлардан туындамаған болса, Visa келесілерді қолдамайды және оларға жауапты болмайды: (i) Карта шығарушылары немесе төлем желілерінің не цифрлық әмияндардың операторлары немесе төлем жасау тәжірибесін жеңілдетуге көмектесетін немесе Visa Solution қызметіне байланысты өзіңіз қолдануыңыз мүмкін болған өзге үшінші тараптар; (ii) Visa Solution қызметіне байланысты сатылып алынған тауарлар немесе қызметтер немесе жасалған транзакциялар; (iii) Visa Solution қызметіне байланысты сатылып алынған тауарларды не қызметтерді немесе жасалған транзакцияларды мойындау немесе жүзеге асыру; және (iv) Visa Solution қызметі бойынша тауарлары немесе қызметтері сатылып алынуы мүмкін болған немесе транзакция жасайтын сату ұйымдары.
15. Үшінші тараптық веб-сайттар, мазмұн және ресурстар
Visa Solution қызметі транзакция тәжірибесін жеңілдетуге көмектесетін үшінші тараптар, соның ішінде олардың веб-сайттары, домендері немесе қолданбалары арқылы қолжетімді болуы және сізге осындай үшінші тараптармен немесе үшінші тарап веб-сайттарымен, мазмұнымен және ресурстарымен, соның ішінде әлеуметтік желісімен тікелей байланыстарды орнатуға және оларға қатынасуға рұқсат етуі мүмкін. Сіз Visa компаниясының осындай үшінші тараптарды немесе олардың көзқарастарын, пікірлерін немесе мазмұндарын немесе Visa-дан басқа компаниялар немесе тұлғалар тарапынан қолжетімді етілген веб-сайттарды, домендерді, қолданбаларды, мазмұнды немесе ресурсты бақыламайтынын және міндетті түрде олармен келіспейтінін растайсыз. Азаматтық кодексі бойынша Visa жауапты болып табылатын жағдайлардан туындамаған болса, сіз Visa-ның осындай веб-сайттардың, домендердің, қолданбалардың, мазмұнның немесе ресурстардың қолжетімділігіне жауапты емес екенін растайсыз және онымен келісесіз. Азаматтық кодексі бойынша Visa жауапты болып табылатын жағдайлардан туындамаған болса, Visa-ның осы үшінші тараптардың, соның ішінде үшінші тараптардың веб-сайттары, домендері, қолданбалары, мазмұны немесе ресурстары, соның ішінде Visa Solution қызметі арқылы өңделген сатып алу процестеріне қатысты орын алған шығындар немесе залалдар себебінен сізге келуі мүмкін болған шығындардың немесе залалдардың ешбірі үшін сіздің алдыңызда жауапты емес екенін растайсыз.
16. Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы
Visa сізге кемінде отыз (30) күн бұрын хабарлау арқылы Visa Solution қызметін келесі жағдайларда уақытша немесе біржола кідірте не тоқтата алады:
i) егер Visa Польшада Visa Solution қызметін ұсынуды тоқтату туралы шешім қабылдаса; және/немесе
ii) Visa компаниясының Visa Solution қызметін қамтамасыз ете алмауына әкелетін және Visa компаниясының қолында болмаған себептерге байланысты.
Visa сізге себептерін көрсете отырып, Visa Solution қызметінің кідіртілуі немесе тоқтатылуы туралы хабарлайды.
Visa келесі себептерден осы Шарттарды немесе Visa Solution қызметін өзгерте алады:
i) осы Шарттарды немесе Visa Solution қызметін өзгерту міндеттемесіне әкелетін заңға түзету;
ii) осы Шарттардың мазмұнына тікелей әсер ететін Visa міндеттемелерін жүктейтін мемлекеттік органдар, соттар, Еуропалық Одақ соттары немесе мекемелер; бұл, алайда, 1964 жылғы 23 сәуірдегі Заңның (Азаматтық кодекс) 385-бабының 385(1) § 1 тармағына сәйкес тұтынушылар үшін әділетсіз болып табылатын ережелерді өзгертуге қатысты емес;
iii) Visa Solution қызметіне жаңа, қосымша функцияларды енгізу;
iv) Visa Solution қызметінің жұмысына техникалық жақсартулар енгізу; және/немесе
v) жеке деректерді қорғаудың жаңа әдістерін қоса, қауіпсіздік жақсартуларын енгізу.
Осы бөлімге сәйкес Шарттарға өзгеріс енгізілген жағдайда, Visa Шарттардың тиісті ережелерін өзгертуге негіз болған себептерге байланысты және ұсынылған шарттарды енгізу үшін қажетті көлемде ғана қосады, жояды немесе өзгертеді.
Visa сізге алда енгізілетін өзгерістер туралы отыз (30) күн бұрын электрондық пошта арқылы хабарлайды. Хабарландыруда өзгеріс енгізудің себебі мен негіздемелері көрсетіледі. Егер өзгерістерді қабылдамасаңыз, Visa Solution қызметін пайдалануыңызды кез келген уақытта тоқтата аласыз.
Жоғарыдағы тармақта көрсетілген өзгерістерден басқа, Visa Visa компаниясы сізге кемінде отыз (30) күн бұрын жазабаша хабарландыру жіберу арқылы сіздің тікелей келісіміңізбен Visa Solution қызметінің және/немесе осы Шарттардың кез келген аспектісін, соның ішінде Visa Solution қызметінің кез келген бөлігінің қолжетімділігін уақытша немесе біржола өзгерте және/немесе модификациялай алады. Мұндай хабарламада, Visa ұсынылған өзгерістердің көлемі мен олардың күшіне ену күні көрсетіліп, оларға келісуіңіз сұралады. Егер мұндай өзгертуге және/немесе модификацияға келіспесеңіз, Visa сіздің Visa Solution қызметін пайдалануыңызды тоқтатады.
Осы Шарттарда көрсетілген қайшы нәрселерге қарамастан, егер сіз осы Шарттардың 12-бөлімін (Пайдаланушының әрекеттері) бұзсаңыз, Visa сіздің Visa Solution қызметіне қатынасуыңызды немесе оны пайдалануыңызды кез келген уақытта тоқтата алады. Visa компаниясы сіздің Visa Solution қызметіне қатынасуыңызды немесе оны пайдалануыңызды кідірту немесе тоқтату туралы сізге хабарлайды және мұндай хабарламада Visa оның себептерін көрсетеді. Тоқтатудан кейін сіз осы Шарттар бойынша өзіңіз көтеретін барлық төлемдер мен өзге міндеттемелер үшін жауапты болып қала бересіз.
Кез келген уақытта, соның ішінде, егер Шарттарға енгізген өзгертулер сіздің көңіліңізден шықпаса, Visa Solution қызметін пайдалануды тоқтатуыңызға болады. Visa Solution веб-сайтының Тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы Visa Solution қызметіне тіркелуден бас тартуыңызға болады. [Егер сіз Visa Solution қызметіне Карта шығарушысы немесе қандай да бір басқа Visa серіктесі арқылы тіркелсеңіз, осы Шарттардың аясындағы сол уақыттағы Visa Solution қызметін пайдалануыңызды тоқтатасыз. Мұндай тоқтатудың болмауы Visa үшін осы Шарттарда көрсетілгендей Visa Solution қызметін пайдалануыңызды тоқтатуға негіз болып табылады. Visa сізге тоқтату және оның негіздері туралы хабарлайды.
17. A. Ескертпелер
Бұл ереже, жоғарыдағы тиісті бөлімнің бірінші тармағын ауыстыратын келесі тармақпен сізге толықтай қолданылады:
Сіз Visa Solution қызметін пайдалануыңыз бойынша Visa-ның сізге электрондық пошта арқылы ескертулер мен өзге жарияланымдарды жіберуі, Веб-сайтта жолдамалар жасауы немесе өзге электрондық хабарламаларды қамтамасыз етуі мүмкін екенімен келісесіз. Заң бойынша талап етілетін барлық ақпарат сенімді тасымалдағышта қамтамасыз етіледі.
17. E. Интерпретация
«Осының», «осында» және «осымен» сөздері осы Шарттардың қандай да бір нақты бөлігіне емес, барлық бөліктеріне қатысты қолданылады. «Соның ішінде» термині «соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей» мағынасын білдіреді. Осында пайдаланылған жекеше түр көпше түрді, көпше түр жекеше түрді қамтиды, ал қолданылған қандай да бір жыныс барлық жыныстарды білдіре береді.
17. G. Жауапкершіліктен босату
Бұл ереже сізге қолданылмайды.
17. I. Үшінші тұлғаларға тапсыру
Visa-ның алдын-ала жазбаша келісімінсіз бұл Шарттарды, заң бойынша немесе басқалай, үшінші тұлғаларға тапсыра алмайсыз. Осы Шарттар мен оның аясындағы міндеттемелер үшінші тұлғаларға тапсырылған жағдайда, Visa сізге кемінде он төрт (14) күн бұрын хабарлайды. Көрсетілген мерзім ішінде сіздің тікелей келісіміңізді алмау Visa-ның осы Шарттарды тоқтатуына әкеледі.
-
Жоғарыдағы 7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі. Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны 16-бөлімге («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») сәйкес тоқтатқанша белгісіз мерзім бойы қолжетімді болады, бұл шарттар қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісімді қайтарып алу құқықтарыңызды қамтиды.
Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa шағымды құпия түрде қарастырады. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу растайды және шағымды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде шағымды қарау үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/.
Visa Solution қызметін қандай да бір электрондық коммерция транзакциясын орындау үшін қолдануға болатын және сізбен әрекеттесетін сатушы ұйым Visa Solution қызметін қолдайтын кез келген құрылғыда пайдалануды таңдай аласыз. Бұған қоса, құрылғы, платформа және/немесе веб-браузер Кіру кілттерін қолдайтын, құрылғыңызда Кіру кілттерін қосқан және Кіру кілттері Visa тарапынан қолжетімді етілген жағдайда Кіру кілттерін пайдалану арқылы жеке құрылғыңыздағы Visa Solution транзакциясын аутентификациялауды таңдауыңызға болады.
Visa компаниясының СТН нөмірі 94-1721694.
-
7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі. Visa Solution қызметі сіз немесе Visa компаниясы оны тоқтатқанша белгісіз мерзім бойына қолжетімді болады және сіз немесе Visa оны 16-бөлімге («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») сәйкес кез келген уақытта тоқтата аласыз/алады, 16-бөлімде («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісіміңізді қайтарып алу құқықтарыңыз қамтылған және мұндай құқықтарыңызды кез келген уақытта және 16-бөлімде көрсетілгендей пайдалана аласыз.
13-бөлімнің (Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілік шектеуі) басына келесі сөйлем қосылады:
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ШАМАДА
16-бөлімнің («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») бірінші тармағындағы ережелерге қарамастан, егер Visa компаниясы Visa Solution қызметін өз білгенінше тоқтатуға немесе кідіртуге немесе Visa Solution қызметінің қандай да бір немесе барлық аспектілерін елеулі шамада өзгертуге немесе модификациялауға шешім қабылдаса, Visa мұндай әрекетті орындамас бұрын сізді қисынды түрде алдын ала хабарландырады.
Келесі тармақ 17-бөлімнің соңына қосылады. H. (Дауларды шешу және Реттеуші заң):
Еуропалық комиссия дауларды өзінің Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дауларды онлайн режимде шешу платформасына келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/.
Келесі тармақ осы Шарттардың соңына қосылады:
Қандай да бір Жарамды картаны Visa Solution қызметінде тіркеу немесе белсендіру және Visa Solution қызметін пайдалануды не оған қатысуды жалғастыру арқылы, сіз Шарттардың барлық ережелерін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, келесі бөлімдердегі ережелерді ашық түрде мойындайтыныңызды және оған келісетініңізді көрсетесіз: 1-бөлім (Visa Solution), 2-бөлім (Транзакцияларыңыз туралы маңызды ескертпе), 5-бөлім (Тіркеу және қауіпсіздік), 7-бөлім (Төлемдер, алымдар және салықтар), 8-бөлім (Құпиялылық), 13-бөлім (Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілік шектеуі туралы мәлімдеме), 14-бөлім (Қолдаушылықтың болмауы; Сату ұйымдарымен болатын даулар), 15-бөлім (Үшінші тараптық веб-сайттар, мазмұн және ресурстар), 16-бөлім (Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы), 17-бөлім (Жалпы шарттар), тармақтар: сәйкесінше A (Ескертпелер), G (Залалдарды өтеу) және H (Дауларды шешу және реттеуші заң).
-
Жоғарыдағы 7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі. Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны 16-бөлімге («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») сәйкес тоқтатқанша белгісіз мерзім бойы қолжетімді болады, бұл шарттар қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісімді қайтарып алу құқықтарыңызды қамтиды.
Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa сіздің шағымыңызды құпия түрде қарастырады. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу растайды және шағымды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде шағымды қарау үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Егер Visa сіздің шағымыңызды шеше алмаса, шағымыңызды Словакияның сауда инспекциясына («SOI») жіберуіңізге болады. Шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Одан кейін шағым Словакияның сауда инспекциясына («SOI») жолданады. Сондай-ақ Словакияның сауда инспекциясына («SOI») пошта арқылы немесе өзіңіз тікелей хабарласа аласыз: Slovenská obchodná inšpekcia, Odbor pre medzinárodné vzťahy a alternatívne riešenie spotrebiteľských sporov, Bajkalská 21/A, 827 99 Bratislava, электрондық пошта: [email protected]. Толығырақ ақпаратты Словакияның сауда инспекциясының («SOI») веб-сайтынан табуға болады: https://www.soi.sk/sk/alternativne-riesenie-spotrebitelskych-sporov.soi.
-
Жоғарыдағы 7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі.
Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны 16-бөлімге («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») сәйкес тоқтатқанша белгісіз мерзім бойы қолжетімді болады, бұл шарттар қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісімді қайтарып алу құқықтарыңызды қамтиды.
Төменде берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып, Visa Solution қызметіне қатысты Visa компаниясына шағым жолдауға құқылысыз. Visa сіздің шағымыңызды құпия түрде қарастырады. Visa дауларды бейбіт жолмен шешуге тырысады. Visa сіздің шағымыңыздың қабылданғанын дереу растайды және шағымды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде шағымды қарау үшін қандай шара қолданылғанын нақты көрсетеді. Visa тұтынушы дауларын соттан тыс шешу провайдерлерінің ешбірін тұтынушы дауларын соттан тыс шешу туралы заңға (Zakon o izvensodnem reševanju potrošniških sporov) сәйкес тұтынушы жасайтын шағымдарды шешуге құзыретті деп танымайды. Егер Visa сіздің шағымыңызды шеше алмаса, шағымыңызды Еуропалық Одақтың кез келген ресми тілінде Еуропалық комиссия қамтамасыз ететін Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы жіберуіңізге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Содан кейін шағым дауларды шешу жөніндегі жергілікті органдарға жіберіледі.
Осымен сіз Visa компаниясының бұл Шарттарды және оның аясындағы құқықтар мен міндеттемелерді кез келген үшінші тұлғаға табыстай алатынына ашық түрде келісесіз. Мұндай табыстау сізге бұл табыстау туралы хабарланған кезде күшіне енеді.
-
Жоғарыдағы 7-бөлімге (Төлемдер, алымдар және салықтар) сәйкес, Visa Solution қызметі тегін қамтамасыз етіледі. Visa Solution қызметі сіз немесе Visa оны («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») тоқтатқанша белгісіз мерзім бойына қолжетімді болады және ол 16-бөлімге сәйкес кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін, бұл шарттар қолданыстағы заңдар бойынша сіздің келісімді қайтарып алу құқықтарыңызды қамтиды.
Испания резиденттері үшін жоғарыдағы 13-бөлімнің (Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілік шектеуі) басына келесі сөйлем қосылады:
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ШАМАДА
Жоғарыдағы 16-бөлімдегі («Visa Solution қызметі мен осы Шарттардың модификациясы; Тоқтатылуы») өзгерту және тоқтату туралы тармақтарға немесе өзгерту мен тоқтатуға қатысты кез келген басқа мәлімдемелерге қарамастан, Испания резиденттері үшін төмендегілер қолданылады:
Егер Visa компания Visa Solution қызметін және/немесе осы Шарттарды елеулі шамада өзгертетін, кідіртетін немесе тоқтататын болса, Visa сізге өз ниеті туралы қисынды түрде алдын ала хабарлайды.
Испания резиденттері үшін 17. h (Дауларды шешу және реттеуші заң) бөлімінің соңына келесілер қосылады:
Еуропалық комиссия дауларды өзінің Дауларды онлайн режимде шешу платформасы арқылы шешуге мүмкіндік береді. Дауларды онлайн режимде шешу платформасына келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/.
K. Жарамдылықтың сақталуы.
Осы Шарттардың күші жойылғанына қарамастан, бұл Шарттар күші жойылғанға дейін сіздің Visa Solution қызметін пайдалануыңызға қолданыла береді. Осы Шарттар тоқтатылғаннан кейін өз сипаты бойынша өз күшін сақтап қала беретін оның кез келген бөліктері, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, «Дауды шешу және Реттеуші заң» бөлімі осы Шарттардың қандай да бір тоқтауынан немесе Visa Solution қызметін пайдалануыңызды тоқтатқаннан кейін солайша өз күшін сақтай береді.
L. Бізге хабарласыңыз.
Егер Visa Solution туралы қандай да бір сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз болса, Веб-сайттың ЖҚС бөліміне кіріңіз. Егер ЖҚС сіздің сұрақтарыңызға немесе алаңдаушылықтарыңызға жауап бермесе, Visa U.S.A. Inc., Visa Solution, 900 Metro Center Blvd., Foster City, CA 94404-2172, АҚШ мекенжайына немесе бізге хабарласуыңызға болады.
Соңғы рет жаңартылды: 1 шілде 2024 ж.
© 2024 Visa. Барлық құқықтар сақталған.