Visa Халықаралық құпиялылық туралы ескертпесі
Күшіне ену күні: 3 маусым, 2020 жыл
Visa компаниясының басты мақсаты — төлеу және төлем қабылдаудың ең озық жолын ұсыну. Біз әлемдегі ең үлкен төлем жүйелерінің бірін пайдаланамыз. Сондықтан біз ең қауіпсіз әрі бірқалыпты төлем тәжірибесін ұсынуымыз керек. Ақпаратыңыздың құпиялылығын — сақтау біздің басты міндет. Visa компаниясында ақпараттың дұрыс өңделуін және жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Халықаралық құпиялылық бағдарламасы бар. Біздің Құпиялылық бағдарламамызда біз пайдаланатын жеке, қаржылық және басқа ақпараттың құпиялылық деңгейі көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл Visa жұмыс істейтін барлық елдер мен мемлекеттердегі құпиялылық туралы заңдардың талаптарын көрсетеді.
Visa компаниясы глобалдық төлемдер технологиясымен айналысатын компания ретінде көптеген қызмет атқарады. Visa карталарын шығарушыларға және корпоративтік клиенттерге қызмет провайдері ретінде қызмет атқарғанда, біз жеке деректерді клиенттерімізбен жасасқан келісімшарт талаптарының аясында ғана пайдаланамыз. Бұл компаниялар жеке деректеріңізді қалай қолданатыны туралы сұрақтарыңыз болса немесе өз құқықтарыңызды білгіңіз келсе, оларға тікелей хабарласуыңызға болады. Мысалы, сіз өзіңіздің қаржылық мекемеңізден немесе корпоративтік клиенттен кэш-бэк немесе тұтынушыларға берілетін ұсыныстар алатын болсаңыз, толық ақпарат алу үшін сол компанияға хабарласыңыз.
Бұл Құпиялылық туралы ескертпеде Visa Inc. және оның еншілес компаниялары сіздің жеке деректеріңізді1 қалай жинайтыны, пайдаланатыны және жариялайтыны туралы айтылады. Кейбір Visa компаниялары мен қызметтерінде пайдаланған кезде ұсынылатын түрлі құпиялылық ескертпелер бар. Сонымен қатар заң талап ететін қосымша ақпараттан тұратын қосалқы құпиялылық ескертпелеріміз бар. Толық ақпарат алу үшін және құпиялылық опцияларыңызды пайдалану үшін Құпиялылық орталығын қараңыз.
-
-
«Жеке басқа қатысты ақпарат» жеке тұлғаға қатысы бар немесе жеке тұлғаға қатысы бар болуы мүмкін ақпарат (жалғыз өзі немесе басқа ақпаратпен бірге қолданылғанда). Жеке басқа қатысты ақпарат (кейде «жеке басқа қатысты дерек» деп те аталады) түрлі құпиялық жөніндегі заңдар бойынша арнайы бір мағыналары болуы мүмкін. Біз жинайтын жеке басқа қатысты ақпарат біздің қарым-қатынасымызға және өзара әрекеттестігімізге байланысты өзгеріп отырады.
-
-
Біздің қарым-қатынасымызға және өзара әрекеттестігімізге байланысты біз жинайтын жеке басқа қатысты ақпараттың санаттары мынадай болуы мүмкін:
- Байланыс ақпараты: оған сіздің аты-жөніңіз, пайдаланушы атыңыз, пошта мекенжайыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз, мобильдік телефон нөміріңіз және әлеуметтік желідегі профиліңіздің аттары және басқа да жеке басыңызды анықтайтын ақпарат кіреді.
- Транзакция және қаржылық ақпаратқа мыналар кіреді:
- Картаңызға, оның ішінде 16 цифрлы төлем карталарының нөмірі (ол жеке шот нөмірі немесе «PAN» (кіруге арналған жеке нөмір) деп те аталады); төлем шотының анықтамасы немесе «PAR» токені деп аталатын қаржылық емес идентификатор; жарамдылық мерзімі, қызмет көрсету коды, PIN (жеке сәйкестендіру нөмірі) кодының верификациялық дерегі және CVV; және
- Транзакцияларыңыз туралы ақпарат, оның ішінде транзакция жасалған күн, уақыт, орын және сома және сатушы туралы ақпарат кіреді. Оған кейде элемент деңгейіндегі деректер, сонымен қатар шот ұсыну және жөнелту туралы ақпарат кіруі мүмкін.
- Қарым-қатынас туралы ақпарат: сіздің сауда жасау және төлеу параметрлеріңіз, сонымен қатар сізге жекелендірілген контент ұсынуға қажетті басқа да ақпарат кіреді, мысалы:
- Жас диапазоны және отбасылық жағдайы сияқты демографиялық ақпарат;
- Белгілі бір тауарларды сатып алуға қызығушылық таныту ықтималдығы немесе өміріңізде белгілі бір іс-шаралардың болып жатуы және басқа да көрсеткіштер; және
- Әлеуметтік желі профильдеріндегі деректер және қызығушылығыңыз туралы ақпарат.
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат: оған Visa компаниясымен өзара әрекеттестігіңіз туралы ақпарат кіреді, мысалы:
- Бонустық бағдарлама шоты туралы ақпарат сияқты промо-акцияларға немесе бағдарламаларға қатысқанда жиналатын ақпарат;
- Карта пайдалары бағдарламасы туралы ақпарат, оның ішінде квалификация дерегі және соған ұқсас жазбалар;
- Бізге (біздің клиенттерге қызмет көрсету орталығына) хабарласқан кезде жиналатын ақпарат;
- Кірушінің журналдары;
- Visa компаниясы демеушілік жасаған іс-шараларға қатысқан кезде жиналатын ақпарат, мысалы, сіздің және іс-шараларға жиналған кез келген әріптесіңіздің саяхатына қатысты ақпарат; және
- Клиент аутентификациясы үшін жиналатын деректер сияқты сіздің бізге беретін басқа ақпаратыңыз (мысалы, құпиясөздер немесе шот қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар).
- Биометриялық идентификаторлар: оған бетті тану деректері, саусақ іздері, пернелерді басу уақыты, айналдыру позициясы және әрекет деректері немесе басқа физикалық үлгілер, мысалы, Visa-мен немесе оның клиенттерімен биометриялық аутентификацияны қолдана бастаған уақытыңыз сияқты деректер кіреді.
- Бизнес клиент деректері: оған компанияңыздағы лауазымыңыз туралы ақпарат, өнімдерді немесе қызметтерді пайдалану авторизациясы және тапсырыстарды орналастыру рұқсатыңыз; клиент/жеткізуші квалификациясы туралы мәлімет және қарым-қатынасқа байланысты бізбен бөлісілетін басқа деректер кіреді.
- Болжалды және туынды ақпарат: біздің қарым-қатынасымызды және транзакциялық ақпаратты талдау арқылы болжамдар жасаймыз және дерек элементтерін аламыз. Мысалы, маркетинг, қауіпсіздік немесе алаяқтық мақсатта адамның не нәрсеге қызығатынын, атрибуттарды және/немесе ұпайларды жасаймыз.
- Онлайн және техникалық ақпарат: оған біздің веб-сайттармен, қолданбалармен немесе жарнамалармен жасаған өзара әрекеттестігіңіз туралы ақпарат, оның ішінде IP мекенжайы, құрылғы идентификаторлары, параметрлер, сипаттамалар, жарнама идентификаторы, браузерді пайдалану тарихы, веб-сервер журналдары, сервер журналының жазбалары, әрекеттер журналының жазбалары, пернелерді басу уақыты және cookie файлдары мен соған ұқсас технологияларды пайдалану арқылы жиналған басқа ақпарат кіреді.
- Аудио және визуалды ақпарат: бізбен жасайтын әрекеттестік туралы аудио, электрондық, визуалдық немесе соған ұқсас ақпарат, оның ішінде фотосуреттер, видеосуреттер, CCTV жазбалары, колл-центр жазбалары, қоңырауды бақылау жазбалары және дауыстық хаттар кіреді.
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер: оған әлеуметтік жеке код, жүргізуші куәлігінің нөмірі, төлқұжат нөмірі және басқа да мемлекет тарапынан берілген идентификаторлар кіреді. Олар талаптарға сәйкес болу үшін немесе қарым-қатынас сипатына керек болуы мүмкін.
- Геолокация туралы ақпарат: оған нақты орналасқан жеріңіз туралы ақпарат кіреді. Егер сіз ондай ақпаратты жинауға рұқсат етсеңіз, ол ақпаратты мобильдік құрылғыңыздан автоматты түрде аламыз.
- Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат: оған қызметкерлерге немесе болашақ қызметкерлерге арналған кәсіби немесе жұмысқа қатысты ақпарат, оның ішінде білімі мен жұмыс тәжірибесі сияқты үміткер және резюме деректері; қабілеттер және квалификациялар сияқты аталған қызметке лайықтылығы туралы ақпарат; кәсіби қызығушылықтары және мақсаттары; жұмыс істеуге құқық беретін құжаттама сияқты қызметкердің біліктілігі туралы жиналған ақпарат; және анықтамалар.
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер: қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігін көрсету үшін сақталатын жазбалар; маркетингілік бағдарламаларға келісетіні және келіспейтіні сияқты клиент параметрлеріне қатысты жазбалар және дерек субъектісінің құқықтарына қатысты жазбалар.
Осы санаттардағы кейбір жеке басқа қатысты ақпарат кейбір юрисдикцияларда құпия жеке ақпарат ретінде есептелуі мүмкін.
-
-
Біздің қарым-қатынасымызға және сізбен өзара әрекеттестігімізге байланысты сіз туралы жеке ақпаратты түрлі дереккөзден жинауымыз мүмкін. Ондай дереккөздер:
- Visa компаниясының төлем өнімін қолданғанда немесе Visa картаңызды басқан кездегідей солардың атынан әрекет етсеңіз, сіздің қаржылық институтыңыз, төлем картаңызды шығарушы мекеме, сатушылар, алушылар және басқа серіктестер;
- Сіз, Visa немесе бірлескен промосеріктестің карта сілтемесі ұсынатын бағдарламаларына, Visa төлеу үшін басу технологиясына тіркелгенде немесе бізге сауалнама жауаптарын берген кезде;
- Біздің платформалармен, веб-сайттармен және қолданбалармен немесе басқа автоматты технологиялармен (мысалы, колл-центрге келіп түскен қоңырауларды жазғанда және ғимараттарымызда CCTV камераларын қолданғанда) жұмыс істеген кезде сіздің компьютеріңіз немесе құрылғыларыңыз; және
- Басқа үшінші тараптар, оның ішінде дерек агрегаторлары, әлеуметтік желі компаниялары және басқа жалпыға ортақ дереккөздер. Одан бөлек, ішкі зерттеулер мен фондық режимде орындалатын скринингтерді жүргізуге көмектесетін анықтамалардан және үшінші тараптардан кәсіби және жұмысқа туралы ақпарат жиналуы мүмкін. Бизнес клиент туралы дерек сіздің жұмыс берушіңізден, сауда көрсетілімі және конференция ұйымдастырушыларынан және кәсіби қызмет көрсетуші компаниялардан алынады.
-
-
Жинау және бөлісу мақсатыЖеке басқа қатысты ақпараттың санаттарыӨңдеудің заңды негізі
(Қолданыстағы заң бойынша қажет болған жерлерде)Visa электрондық төлемдер желілерін (оның ішінде авторизациядан өту, есеп айырысу және транзакциялар және токендеу), төлем транзакцияларын қосу және аутентификация, дауды шешу, алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздік сияқты соған ұқсас мақсаттарда пайдалану- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен келісімшарт міндеттемелерін орындау үшін немесе сіз бен корпоративтік клиент арасындағы немесе сіз бен қаржы мекемесі немесе Visa төлем қызметтерін ұсынатын немесе деректер процессоры ретінде әрекет ететін кезде картаны шығарған басқа ұйым арасындағы келісімшарт міндеттемелерін орындау қажет болған жағдайда
- Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
- Өзіміздің заңды мүдделеріміз немесе басқалардың заңды мүдделері үшін, мысалы, сізді, өзімізді немесе басқаларды қауіптерден (қауіпсіздік мәселесі немесе алаяқтық) қорғау; сапаны бақылау, талаптарға сәйкестік, шоғырландырылған есеп беру және клиенттерге қызмет көрсету сияқты компанияны басқару; бірігу немесе қосылу сияқты корпоративтік транзакцияларды басқару; және жалпы біздің бизнесті немесе клиенттермен қарым-қатынасымызды түсіну және жақсарту
Сізге өнімдер, қызметтер, бағдарламалар, ұсыныстар және Visa компаниясынан сұраған ақпаратты ұсыну, сонымен қатар клиенттің лайықты екенін анықтау және клиентке қызмет көрсету сияқты операциялар- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Клиенттерімізге қызмет көрсету. Мысалы, карта эмитентінің немесе сатушының адал клиенттеріне арналған ұсыныстарына тіркелсеңіз, біз Картаның транзакциялық деректерін өңдеп, сіздің сыйақыларыңызды есептейміз және клиенттен мақсатты ұсыныстар береміз- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Visa Checkout немесе Visa-мен төлеу үшін басу қызметін, оның ішінде шешімге тіркелу үшін, құрылғыңыздағы есептік жазбаға кіріп тұру үшін (егер осы опцияны таңдаған болсаңыз), шешімді пайдаланып көру үшін, басқа электрондық әмияндарды біріктіру үшін (егер осы опцияны таңдаған болсаңыз) және осы шешімді пайдалануыңызға қатысты бағдарламаларға қатысу үшін пайдалану- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Сауалнамаларды, адал клиенттерге арналған бағдарламаларды, лотереяларды, байқаулар мен іс-шараларды басқару- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Сіздің таңдауыңызға сүйене отырып, маркетингілік қарым-қатынас жасау, жеке ұсыныстар мен сізді қызықтыратын жарнамалар ұсыну- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізге қатысы бар жаңалықтар мен ұсыныстарды жіберу сияқты өз мүдделеріміз немесе басқалардың заңды мүдделері үшін
Сізбен және/немесе сіздің компанияңызбен іскерлік қарым-қатынасты орнату, дамыту немесе сақтап қалу- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Бізбен жұмысқа қатысты немесе келісімшартқа байланысты қарым-қатынасыңызды жеңілдету немесе реттелмелі кадрлар бөлімі мақсаттары, тәуекелдерді басқару және талаптарға сай болу сияқты позициялар үшін сізді бағалау- Байланыс ақпараты
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Биометриялық идентификаторлар
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы деректер
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Бизнесті дұрыс жүргізу үшін және экономикалық трендтерді түсіну үшін сіз және басқалар біздің өнімдерді қалай қолданатындарыңызды түсіну, аналитика жасау және үлгілеу- Транзакция және қаржылық ақпарат, Қарым-қатынас туралы ақпарат, Өзара әрекеттестік туралы ақпарат, Онлайн және техникалық ақпарат және Геолокация туралы ақпарат сияқты кейбір ақпаратты осы әрекеттер үшін қолдануға болғанымен, соңғы нәтиже Жеке басқа қатысты ақпаратты құрамайды.
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Өнімді жетілдіруге және клиенттерге консультациялық қызметтер ұсынуға мүмкіндік беретін Жеке басқа қатысты ақпарат қосылмаған, анонимді немесе біріктірілген деректер жинақтарын жасау- Транзакция және қаржылық ақпарат, Қарым-қатынас туралы ақпарат, Өзара әрекеттестік туралы ақпарат және Онлайн және техникалық ақпарат сияқты кейбір ақпаратты осы дерекқорларды жасау үшін қолдануға болғанымен, соңғы нәтиже Жеке басқа қатысты ақпаратты құрамайды.
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Біздің күнделікті бизнес қажеттіліктерімізге қолдау көрсету, мысалы, шотты басқару, сапаны басқару, веб-сайтты басқару, бизнес қызметтің үздіксіздігі мен апаттар салдарларын жою, қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу, корпоративтік басқару, есеп беру және заң талаптарына сәйкестік, аналитика және зерттеу, келісімшарттарды басшылыққа алу және басқа келісімшарттарды басқару және сұралған өнімдер мен қызметтерді ұсыну*- Байланыс ақпараты
- Транзакция және қаржылық ақпарат
- Қарым-қатынас туралы ақпарат
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
- Бизнес клиент деректері
- Болжалды және туынды ақпарат
- Онлайн және техникалық ақпарат
- Аудио және визуалды ақпарат
- Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
- Геолокация туралы ақпарат
- Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат
- Талаптарға сәйкестік туралы ақпарат
- Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
- Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
- Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Мүмкін болса, сіздің келісіміңізбен жеке басқа қатысты ақпаратты да өңдейміз. Мысалы, сіздің келісіміңізге сенім артып, заң бойынша талап етілген жағдайда, сізге жарнамалық хабарландырулар жіберуіміз мүмкін.«Күнделікті бизнес мақсаттарға» мынадай бизнес мақсаттар және жеке ақпарат қолданылуы мүмкін соған ұқсас мақсаттар кіреді:
- Жеке тұлға сұрағандай немесе жеке басқа қатысты ақпарат жиналған контексті ескере отырып, ақылға қонымды болжағандай ақпаратты, өнімді немесе қызметті ұсыну үшін (мысалы, клиенттің аккаунтқа кіру деректері, клиентке қызмет көрсету, жекелендіру және ұнамды параметрлерді басқару, өнім жаңартуларын ұсыну, ақауларды түзету немесе қайтарып алу және дауды шешу);
- Жеке басты анықтау және аккаунт деректерін басқару, оның ішінде жеке бас верификациясы және аутентификациясы және жүйе мен технология әкімшілігі үшін;
- Жүйелердің, желілердің, қолданбалардың және деректердің қауіпсіздігін және тұтастығын қорғау, оның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелерді анықтау, талдау және шешу, сонымен қатар киберқауіпсіздік орталықтарымен, консорциумдармен және құқық қорғау органдарымен біріге жұмыс істеу үшін;
- Алаяқтықты анықтау және оның алдын алу үшін;
- Заңды және нормативтік актілердің талаптарына сай болу үшін, оның ішінде заң бойынша талап етілген жеке басқа қатысты ақпараттың немесе ақшаның ізін жасыруға қарсы бағдарламалар, қауіпсіздік және оқыс оқиғаларға жауап бағдарламалары, зияткерлік мүлікті қорғау бағдарламалары және корпоративтік этика және талаптарға сәйкестік жөніндегі колл-центрлер сияқты компания саясаттары мен процедураларына сәйкестікке қажетті жеке ақпараттың барлық қолданысы мен жарияланымы;
- Корпоративтік аудит, анализ және есеп беру;
- Келісімшарт талаптарының орындалуын қадағалау үшін және жарақаттан, ұрлықтан, құқықтық жауапкершіліктен немесе теріс пайдаланушылықтан қорғау үшін және адамдарды немесе мүлікті қорғау үшін, оның ішінде физикалық қауіпсіздік бағдарламалары;
- Деректерді деидентификациялау, деперсонализациялау немесе анонимдеу үшін немесе есептер консолидациясы, зерттеу немесе аналитика сияқты біріктірілген дерек жинақтарын жасау;
- Бизнестің үздіксіз жұмыс істеуі үшін резервтік көшірмелер жасау және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары үшін және
- Корпоративтік басқару, оның ішінде компаниялардың бірігуі, жұтылуы және сатылуын басқару үшін.
-
-
Жеке басыңызға қатысты ақпаратты мына заңды тұлғаларға жарияланады:
- Біздің еншілес компаниялар;
- Бізге қызмет көрсету мақсатында жұмыс істейтін қызмет провайдерлері;
- Төлемдер жасау үшін, алаяқтық әрекеттер мен қауіптерді басқару үшін, өнімдер мен қызметтерді ұсыну және әзірлеу үшін және Күнделікті бизнес мақсаттарымызға қолдау көрсету үшін қаржы мекемелері, сатушылар, төлем жүйелері және тиісті құпиялықты сақтауы қажет және пайдалану бойынша шектеулері бар басқа үшінші тараптар;
- Біздің онлайн жарнамалық бағдарламаларымызға cookie файлдары және соған ұқсас құралдар арқылы деректер жинап, бізге көмектесетін жарнамаға қатысты үшінші тарап серіктестері;
- Мемлекеттік агенттіктер;
- Агенттіктерді жұмысқа тарту және сілтемелеріңіз (Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат үшін); және
- Сіздің компанияңыз және оның еншілес компаниялары (Бизнес клиент деректері үшін).
Сонымен қатар заң бойынша талап етілгенде (мысалы, құқық қорғау органдары, реттеуші органдар немесе соттар талап еткенде) немесе біз бизнес активтерді сатқанда немесе тасымалдағанда, келісімшарттағы талаптардың орындалуын қадағалағанда, мүлкімізді немесе құқықтарымызды, басқа адамдардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғағанда немесе тексерулер, талаптарға сәйкестік талаптары және корпоративтік басқа тарапынан талап етілгенде жеке басқа қатысты ақпаратты жариялауымызға тура келеді.
-
-
Сіз біздің веб-сайтқа кірген кезде, біздің мобильдік қолданбаларды пайдаланған кезіңізде немесе біздің онлайн жарнамаларымызды немесе электрондық хабарламаларымызды оқыған кезіңізде, cookie файлдары, пиксел тегтері, браузердің талдау құралдары, сервер журналдары және веб-маяктары сияқты технологияларды пайдалана отырып, автоматтандырылған құралмен белгілі бір ақпаратты жинай аламыз.
Кейбір жағдайда біз жинайтын ақпарат жасырын қолданылуы мүмкін. Мысалы, біз веб-сайттарымызды оңтайландыру және веб-сайт трафигінің үлгілерін түсіну үшін барлық веб-сайттың барлық пайдаланушысы туралы жинайтын ақпаратты пайдаланамыз. Бұл ақпаратты сізді профильдеу немесе жарнамалар ұсыну үшін пайдаланбаймыз.
Ал кейде ақпаратты ашық түрде пайдаланамыз. Мысалы, біз сізді немесе сіздің құрылғыңызды аутентификациялаймыз, жекелендірілген контент ұсынамыз немесе ақпаратты талдау, алаяқтықты анықтау және қауіпсіздік үшін қолдана аламыз. Сондай-ақ біз ақпаратты интернетке жарнамалар жариялау үшін пайдаланамыз. Біздің онлайн деректерді жинау технологияларымыз бен сіздің таңдауларыңыз туралы толық ақпаратты Cookie файлдары туралы ескертпеден оқи аласыз.
Cookie файлы туралы ескертпе бөлімінде сипаттамаға сәйкес жарнама агенттіктерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Бұл компаниялар сізді, сіздің браузеріңізді және сіздің құрылғыңызды түрлі веб-сайттар мен қолданбалар арқылы бақылай алады.
Сізде орнатылған параметрлерге байланысты сіз біздің веб-сайтқа кірген кезде, біз сіздің компьютеріңізге cookie файлдарын немесе тегтер қойып қоюымыз мүмкін, осылайша сіз басқа веб-сайттарға кірсеңіз де, біз сізге қажетті жарнамаларды көрсетіп отырамыз. Бұл компаниялар деректерді өз құпиялық саясаттарына қарай қолданады.
Сіз веб-сайтқа алғаш кіргенде «Барлық cookie файлдарын қабылдаймын» түймесін басу арқылы осы cookie файлдарын қабылдаған жағдайда ғана, көптеген Visa веб-сайттары тек маркетингілік, жекелендірілген және жарнамалық cookie файлдарын орналастырады. Біздің Cookie файлы туралы ескертпе бөлімінде өзіңіз орнатқан параметрлерді қалай басқару керектігі және бұған дейін қабылданған cookie файлдарын қалай өшіру керектігі айтылады.
Веб-сайттарымыздағы әлеуметтік желі платформалары арқылы сіз бізбен және басқалармен қарым-қатынас орната аласыз. Сайттың заңды шарттарына сәйкес біз бұл платформалардан ақпарат жинай аламыз. Осы платформаларды пайдаланып жатқанда, сіздің қызығушылығыңызға сай келетін жарнамаларды көре аласыз. Бұл платформалар біздің сізге көрсететін жарнамаларымызды жекелендіруге мүмкіндік береді және біз ұсынатын жарнамаларға жауап беретін жеке тұлғалар туралы жалпы ақпарат ала аласыз.
-
-
Біздің мобильді қолданбаларды жүктеп алғанда, мобильді құрылғыңыздың нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беруіңіз мүмкін. Біз бұл ақпаратты жекелендірілген мазмұн ұсыну және аналитика жасау мақсатында пайдаланамыз. Сонымен қатар автоматты («push») хабарландыруларын ұсынуымыз мүмкін. Егер push-хабарландыруларын алуға келісім берсеңіз, сізге push-хабарландыруларын да жібереміз. Мобильді қолданбаларды пайдалану үшін орын туралы ақпарат ұсынудың немесе push-хабарландыруларын қосудың керегі жоқ.
Visa басқаратын кейбір мобильдік қолданбалар сізді қызықтыратын жарнамалар көрсету мақсатында деректерді жарнамалаушы платформалармен бөлісуі мүмкін. Сіз біздің қолданбаларды жүктеп алғанда, осындай бөлісу түріне келісім беруіңіз үшін, біз мобильдік желі операторларының параметрлеріне сенім артамыз. Алайда, мүмкіндік туындаған жағдайда, қолданбаның аккаунт профилі бөлімінде сізге бірнеше опция ұсынамыз.
Біз құрылғы идентификаторларын және құрылғыға қатысты басқа ақпаратты, оның ішінде құрылғыңыздың жарнама идентификаторын (бар болса) жинаймыз. Бұл ақпарат құрылғыңызды анықтау және сізді аутентификациялау үшін қолданылады. Сондай-ақ құрылғыға қатысты ақпаратты сізді өзіңіз пайдаланатын басқа құрылғылармен байланыстыру үшін, сонымен қатар алаяқтықтан қорғау және жарнамаларды нақты таңдау үшін қолдана аламыз. Көптеген жағдайда сіз құрылғыңыздың жарнамалау идентификаторын бастапқы күйге қайтара аласыз. Android және iOS құрылғыларының екеуінде де құрылғы идентификаторын бастапқы күйге қайтаруға болады, ол үшін «параметрлер» мәзірін ашуыңыз керек.
-
-
Қолданыстағы заң талаптарына сай ақпаратыңызды пайдалануға, түзетуге және жоюға құқығыңыз бар. Егер Visa жүйесінде онлайн есептік жазбаңыз болса, оған кіріп, ақпаратыңызды ашуға, жаңартуға және жоюға болады. Сонымен қатар біз Құпиялыққа қатысты құқықтар порталы арқылы заң талаптары аясында бізге сұраулар жібере аласыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке деректердің рұқсатсыз жарияланбауы үшін, карта иелері өздеріне қажетті ақпаратты көру үшін төлем картасы эмитентіне хабарласуы керек. Бұл эмитенттің верификация процестеріне сәйкес ақпараттың тек рұқсаты бар тұлғаларға берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, егер эмитентіңіз, сатушылар, немесе бонус беруші желілер жеке басыңызға қатысты ақпаратты қалай пайдаланатыны туралы сұрақтарыңыз болса, осы компаниялар ұсынған құпиялық ескертпелерін оқып шығыңыз және қандай да бір құпия деректерге қатысты сұрақтарыңыз болса, оларға тікелей хабарласыңыз. Visa біздің клиенттерімізге қызмет провайдері («дерек өңдеуші» деп те аталады) ретінде жұмыс істегенде, қызмет көрсету және жазбаларды сақтау және талаптарға сәйкес жұмыс істеу сияқты басқа да шараларды орындау үшін сіздің ақпаратыңызды клиенттің нұсқауы бойынша ғана пайдаланамыз. Сізге тиісті құпиялық туралы ескертпелерді ұсынатын және құпиялық құқықтарды басқаратын клиенттерімізге сенім артамыз.
Құпиялық туралы қосымша ескертпе: кейбір аймақтар мен елдердің тұрғындарында қосымша құпиялық құқықтары болады. Бұл құқықтар туралы ақпарат Халықаралық құпиялық туралы ескерпенің төменгі жағында жарияланған қосалқы құпиялық ескертпелерінде келтірілген.
-
-
Visa компаниясы Америка Құрама Штаттарда орналасқан және әлемнің түкпір-түкпірінде еншілес компаниялары мен қызмет көрсету провайдерлері бар. Visa жеке басыңызға қатысты ақпаратты бір елден екінші бір елге тасымалдауы мүмкін және ол елдердегі құпиялық немесе деректерді қорғау туралы заңдар еліңіздікімен бірдей болмауы мүмкін. Сіздің жеке басыңызға қатысты ақпаратты Америка Құрама Штаттарында орналасқан негізгі дерек орталықтарымызға, сонымен қатар Еуропадағы немесе сіздің елде орналасқан жергілікті дерек орталығына жіберуіміз мүмкін. Алайда ол ақпарат қай жерде сақталса да біз тиісті құпиялық туралы ескертпелерде айтылғандай ақпаратыңызды міндетті түрде қорғаймыз және Жеке басқа ақпаратты шетел асыру туралы қолданыстағы заң талаптарына сай тасымалдаймыз.
-
-
Жеке деректеріңіз рұқсатсыз қолданылмауы не жоғалып кетпеуі үшін біз физикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралардың барлығын қолданамыз. Мысалы, құпия ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз шифрлау және басқа құралдарды пайдаланамыз. Біз ақпаратыңызды жоғарыда аталған мақсаттарға сай және заң бойынша рұқсат етілген түрде сақтаймыз.
-
-
Бұл Құпиялық туралы ескертпеде Visa Inc. және оның еншілес компаниялары жеке деректеріңізді қалай өңдейтіні туралы айтылады. Visa картасының эмитенті және басқа клиенттер ұсынған құпиялық туралы ескертпені оқып шығып, ол компаниялардың әрқайсысы сіздің ақпаратты қалай пайдаланатынын біліп алыңыз. Сонымен қатар, сіз ұсыныстарға немесе акцияларға қатысып жатсаңыз, оларға тіркелмес бұрын, сатушы немесе бонус беретін желі ұсынған құпиялық туралы ескертпелерді оқып шығыңыз.
Visa веб-сайттары арқылы кіре алатын әлеуметтік желі платформаларының және басқа веб-сайттардың өз құпиялық саясаттары болуы мүмкін. Бұл сайттарға өзіңіз туралы ақпарат бермес бұрын, олардың құпиялық туралы ескертпелерін оқып шыққаныңыз абзал.
-
-
Visa компаниясына жұмысқа тұруға өтініш білдірсеңіз, өтінішіңізде көрсетілген жеке деректер жұмысқа қабылдау, талаптарға сәйкес болу, сондай-ақ кадрлар бөлімінің басқа да мақсаттары үшін қолданылады және сақталады. Рұқсат етілген болса, оған қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жолдарын бақылау үшін деректерді өңдеу процесі кіреді.
-
-
Visa платформалары балаларға бағытталмаған, Visa балалардан ақпаратты тек заңға сәйкес жинайды. Мысалы, заңға сәйкес Visa-мен жұмыс істей алатын 16 жастан асқан балалардан немесе егер балалардың өздерінің ересек қамқоршыларымен Visa демеу көрсететін іс-шараларға қатысуы секілді бізде тиісті келісім болса, дерек жинауымыз мүмкін. Егер біз қандай да бір баланың ақпаратын тиісінше өңдемеудеміз деп ойласаңыз, бізбен байланысыңыз.
-
-
Бұл Құпиялық туралы ескертпені арагідік жаңартып отырамыз. Өзгерістер орын алған жағдайда, желіде ескерту жариялаймыз. Егер бұл өзгерістер жеке басты анықтайтын ақпаратқа айтарлықтай әсер ететін болса, ол туралы да сізге хабарлаймыз.
-
-
Тиісті заң бойынша құпиялық құқықтарыңызды пайдаланғыңыз келсе, Құпиялық туралы құқықтар порталы арқылы бізге хабарласыңыз.
Тағы қандай да бір көмек керек болса, бізге хабарласа беруіңізге болады. Сонымен қатар қолданыстағы Visa-дағы Деректерді қорғау инсекторына қандай да бір сұрауыңыз болса, мына ақпаратты пайдаланыңыз:
- Электрондық пошта: [email protected]
Электрондық хабарлар арқылы шотыңыздың нөмірі сияқты құпия ақпаратты жібермеуіңізді сұраймыз. - Бізге хабар жіберіңіз:
Visa Халықаралық құпиялық жөніндегі кеңсе
900 Metro Center Blvd.
Foster City, CA, 94404 АҚШ
- Электрондық пошта: [email protected]
-
-
Бізбен қалай және қайда жұмыс істейтініңізге байланысты бұл Халықаралық құпиялық туралы ескертпеге мынадай қосымша ескертпелер қосылады:
- Аргентина үшін (испан)
- Австралия үшін (ағылшын)
- Бразилия үшін (португал)
- Канада үшін (ағылшын)
- Құрлықтық Қытай (қарапайым қытай)
- Колумбия үшін (испан)
- Еуропа Экономикалық Аймағы (EЭA) үшін (ағылшын)
- Жапония үшін (жапон)
- Тайвань үшін (дәстүрлі қытай)
- Түркия үшін (түрік)
- АҚШ — Калифорния құпиялық құқықтары (ағылшын)
- АҚШ — Әлеуметтік жеке код саясаты және құпия жеке деректер мәлімдемесі (ағылшын)
Біз жинайтын cookie файлдарына, тегтерге және соған ұқсас онлайн деректерге қатысты жұмыс процестері «Cookie файлдары туралы ескертпеде» жазылған.