Ұсынған Алан Кенигсберг, Жаңа төлем ағындары бөлімінің жетекшісі, Visa Business Solutions
Мамыр 2020
Халықаралық төлемдерді жақсарту үшін инновациялық шешімдер банктерге қандай серіктестік мүмкіндіктерін жасауда?
Корпорацияарылық (B2B) төлемдердегі инновациялық технологияларға келгенде, нарық қайта тұтынушылық кеңістікке бағытталады. Тұтынушылық төлем модернизациясы негізінен тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту сұранысынан пайда болды.
Көп жағдайда банктер халықаралық төлемдерге қатысты ашықтық, мүмкіндіктерді кеңейту және шығынды азайту үшін жаңа технологияларды қолдануға қызығушылық танытатын компанияларға иек артады. Дүние жүзіндегі банктер мен компаниялар тап болатын қиын жағдайларды ескере отырып, ашық, қарапайым және шығыны аз төлем шешімдерін ұсыну өте маңызды.
Глобалдық бизнес өрісін кеңейтіп келе жатқандықтан, халықаралық төлемдердің көлемі де артып келеді. Қазіргі уақытта жыл сайын әлем бойынша $120 триллион (51,8 квадриллион теңге) B2B төлемі өңделеді. Осындай өсімнің аясында банктер корреспонденттік банк қатынастарына тәуелді өте күрделі транзакциялармен жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. Бұл транзакцияларда төлемнің күйі, шығындар және олардың нақтылығын көру мүмкіндігі де шектеулі. Дәстүрлі төлемдер процесі бойынша алушы банктерге төлемнің қашан түсетінін және конвертация мен түрлі комиссиялық алымдар ұсталып қалған соң қанша сома келетінін алдын ала болжау қиынға соғады. Клиент туралы хабардар болу (KYC) және Табыс көзін жасыруға қарсы күрес (AML) ережелері де жаңа әдісті ойлап табуға түрткі болады. Аймақтық AML ережелерінің талаптарын орындау нәтижесінде транзакциялар кешігіп отындалады, онсыз да түсініксіз процесті одан әрі бұлыңғырлай түседі, ал қазіргі бизнес ортаны алдын ала болжау мүмкін емес.
Абырой болғанда, банктер мен олардың клиенттеріне қаптап келе жатқан мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ұсынатын жаңа шешімдер пайда болып жатыр.
B2B халықаралық төлемдеріндегі инновация мүмкіндігі
Бизнес глобалдық деңгейде өсіп келе жатқандықтап, халықаралық деңгейде модернизациялаудың жаңа мүмкіндіктері де шығып жатыр. Үлестірілген бухгалтерлік кітап технологиясы, жасанды интеллект және бұлт сияқты жаңа технологиялардың арқасында банктер динамикалық өзгерістерді тиімді пайдалануға өте ыңғайлы позицияда тұр. Бұл технологиялар халықаралық төлемдер жүйесіне бұрынғыдан да үлкен серпіліс бермек. B2B халықаралық төлемдердің форматын өзгерту үшін жасалған алдыңғы қатарлы шешімдердің пайда болуы банктерге өз клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
Дәстүрлі төлемдер процесі бойынша алушы банктерге төлемнің қашан түсетінін және конвертация мен түрлі комиссиялық алымдар ұсталып қалған соң қанша сома келетінін алдын ала білу қиынға соғады.
Серіктестік арқылы ашықтықты қалай дамытуға болады?
Дәстүрлі екі жақты процестің көмегімен халықаралық төлемдер жасау кезінде ақпарат ашықтығы жетіспейді, себебі жіберуші банк те, алушы банк те транзакциядағы қаражаттың қай жерде екенін біле алмайды. Транзакция бірнеше корреспонденттік банктен өтетіндіктен, төлемнің қашан келетінін немесе одан қанша комиссиялық алым алынатынын анықтау мүмкін емес.
Банктер төлемдердің қозғалысындағы ақпарат ашықтығын B2B халықаралық төлемдерін жетілдірудің кілті деп есептейтіні таңғалдырарлық жағдай емес. Осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін жаңа цифрлық технологиялық инновациялар нарыққа еніп келеді. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша* дүние жүзіндегі банктердің 82%-ы танымалдылықтың артуы төлем әдістерін шығарудың тартымды тұсы деп есептейді.
Финтех компаниялар және басқа инновациялық ойыншылар өздерінің цифрлық тәжірибесін пайдаланып, ақпараты ашық экожүйе жасауға тырысады. Нәтижесінде қаржылық институттарға осы инноваторлармен серіктестік орнатып, B2B халықаралық төлемдер жүйесіндегі мәселелерді шешуге таптырмас мүмкіндік туып отыр.
Мұндай инновацияның тағы бір пайдасы — маңызды деректерді пайдалану рұқсатына ие болу. Қазіргі үлгіде халықаралық төлемдерге қатысты деректердің көпшілігі бенефициарға жетпей жатады. Бұл деректер болмаса, банк клиенттеріне төлемдерді келістіруі қиынға соғады. Төлемдерді барлық уақытта деректердің толық ағынымен қамтамасыз ететін кез келген шешім тікелей келістірудің ерекше маңызды мақсатын орындауы мүмкін.
Клиенттерді тыңдау маңыздылығын назардан таса қалдыруға болмайды. Әсіресе қиын уақыттарда компанияларының болашағына үлкен ықпал ететін ақылға қонымды, стратегиялық шешімдер жасау үшін клиенттерге барынша көп дерек керек болады. Егер жаңадан шығып жатқан шешімдер компанияларға қажетті маңызды деректерді ұсына алатын болса, оларды іс жүзінде енгізу қиындық тудырмауы керек.
Мүмкіндіктердің көп болуы — банктерге және олардың клиенттеріне жақсы жаңалық
B2B халықаралық төлемдеріне келер болсақ, банктер мен олардың клиенттері нарықтағы ауқымы кеңейген таңдауларды дамудың оң бағыты деп есептейді. Қазіргі уақытқа дейін төлемдердің бұл түрлері сенімді SWIFT хабар алмасу жүйесі арқылы орындалған болатын. SWIFT әлі де өз орнын босатар емес, дегенмен басқа таңдаулар да шығып жатыр.
Инновациялық жаңа шешімдердің арқасында жан-жақты қатынас құрылымы арқылы халықаралық төлемдер жасауға болады. Құрылымның бұл түрі корреспонденттік желілерге сенім артатын дәстүрлі екі жақты әдістің шектеулерін айналып өтеді. Жаңадан шығып жатқан желілер үлестірілген бухгалтерлік кітап инфрақұрылымдары сияқты келесі буын технолонияларын қолданып жатыр. Олар жеке, рұқсат етілген және қауіпсіздігі күшті желідегі қаржылық транзакцияларды жеңілдете алады.
Инновациялық технология негізінде құрылған жоғары опционалдық халықаралық төлемдерді жасау жолын демократизациялайды. Әрине, негізгі мақсат — үлкен дәне кіші бизнестердің әлеуетін арттыру және оларға көмкетесу, тіпті қиын уақыттарда бизнес жүргізу. Оны жасауға таңдау мүмкіндігі, тәуекелдерді басқару және қолжетімділік көмектеседі.
Халықаралық B2B төлемдерінің болашағы
Компания әлемдік деңгейде өрісін кеңейте берсе, инновациялық ешшімдер шығып, B2B халықаралық төлемдерінің орындалу әдісін өзгертіп жібереді. Бұл үздіксіз дами беретін шешімдер банктерге және олардың клиенттеріне маңызды артықшылықтар береді. Таңдау мүмкіндігін арттырады, ақпарат ашықтығын жақсартады, болжау мүмкіндігін жақсартады, талаптарға сәйкес жұмыс істеуге және маңызды деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Көп жақты халықаралық төлем шешімін қабылдаудың тағы бір артықшылығы — шығындарды азайту. Себебі аралық банк қатынастарын басқаруға кететін шығынды алып тастайсыз. Ностро шоттарынан әрі қарай қараудың қажеті жоқ, мысалы. Әлемдік банктер арасында бұндай шоттарды жүргізудің орташа жылдық шығыны — $1,5 миллиард (647 миллиард теңге)*; ал осы шоттардың тек біреуін жүргізу үшін АҚШ банкі жыл сайын $27 270 (11 800 теңге) жұмсайды*. Бұл — өте көп ақша.
Қатысушылар туралы ақпарат ашық жарияланатын орталықтандырылған, рұқсаты бар желі төлемнің қауіпсіз әрі тікелей жасалуына мүмкіндік береді, осылайша ностро шоттарды жүргізуге кететін шығын азаяды.
B2B халықаралық төлемдерінің болашағы қарапайым, қауіпсіз, шығыны аз және қазіргіден де ашық болады деп күтілуде. Жылдам дамып келе жатқан бұл жаһандық төлем экожүйесінде географиялық барьерлер болмайды. Банктер финтехтермен және басқа инновациялық ойыншылармен серіктестік орнатады да, цифрлық саладағы көпжылдық тәжірибесін қолданып, нарыққа жаңа технологиялар алып келеді. Олардың мақсаты клиенттік қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Модернизация халықаралық төлемдерге арналған және оған бәрінің атсалысқаны дұрыс.
* East & Partners Europe жүргізген зерттеу, маусым 2019; Visa B2B Connect: Тұтынушы пікірі — Банк нарығындағы есеп.