Ұсынған Алан Кенигсберг, Жаңа төлем ағындары бөлімінің жетекшісі, Visa Business Solutions
Мамыр 2020
Дүние жүзіндегі ұйымдар қаржыға нақты уақыт режимінде толықтай қол жеткізу мүмкіндігін күтуде. Сондай-ақ олар қаржының кез келген елде және валютада жұмыс істейтіндей қолжетімді болуын күтеді. Олардың ұлттық шекаралардың тарихи шектеулеріне қатысты процестен өткенін қаламайды. Сонымен қатар олармен жұмыс істейтін банктер мен қаржылық институттар бұл процесті жеңіл әрі ешқандай қиындықсыз жасап беруін қалайды.
Төлемдерді өңдеу саласында клиенттер тарапынан байқалатын жылдам прогреске қарамастан, компанияаралық (B2B) халықаралық төлемдер күрделі әрі күрмеуі қиын процес болып қала беруде, олар көптеген делдалдар арқылы өтіп, жиі кешігіп жатады. Олардың діттеген орнына қанша уақытта жететінін болжап білу мүмкін емес. Дәстүрді корреспондент банк желісі негізінен екі жақты қарым-қатынас құрылымына иек артады, бұл процестер өте күрделі және сенімсіз деп есептеледі, себебі транзакция күйін мүлде көре алмайсыз.
Өте жылдам қарқынмен жаһанданып келе жатқан қазіргі бизнес ландшафтта кез келген компания әлемдік төлемдерді жылдам, тиімді және қауіпсіз жасай алуы керек.
Сонымен қатар жаңа дәлізде немесе жаңа валютада клиенттердің бизнестеріне қолдау көрсетуші ұйым әдетте көп қиындықтар туғызады. Алушы банктер төлемнің қай уақытта келетінін нақты айта алмайды, сондықтар өз клиенттеріне/жабдықтаушыларына транзакция күйі туралы ақпарат бере алмайды. Жіберілген ақшаның слмасы валюталық конвертация және түрлі комиссиялық алымдар нәтижесінде қысқаруы мүмкін.
Тұтынушы ретінде транзакцияларымызды нақты уақыт режимінде толықтай бақылап отыру мүмкіндігі бар төлемдерді пайдалануға жағдай туады. Бірақ халықаралық B2B төлемдеріне қатысты статус-кво қазіргі уақытта жарамсыз болып келе жатыр, себебі оның төлем транзакциясындағы қадамдары өте көп және транзакцияның күйін көру мүмкіндігі жоқ. Банктер мен басқа да қаржы институттары бұл жылдам масштабталатын компаниялардың өз қызметтерін немесе шешімдерін бүкіл әлем бойынша ұсына алатыны қисынды екенін түсінуі керек. Сондықтан мұны дер кезінде жүзеге асыра алатын жаңа үлгілер мен технологиялық шешімдерге деген қажеттілік барған сайын өзекті болып отыр. Қаржы институттары өз бизнес тұтынушыларына корпоративтік халықаралық B2B төлемдерін өңдеудің қауіпсіз, жылдам және болжамды әдісін беретін технологиялық платформаларды дайындай бастауы керек. Бұл императив, біз B2B халықаралық төлемдер кеңістігінде куә болып отырған өзгерістерге нақты ұмтылыстың бөлігі болып табылады.
Клиент туралы хабардар болу (KYC) және Табыс көзін жасыруға қарсы күрес (AML) ережелері де осы өзгерістерді күшейтуге көмектеседі. Ақшаның ізін жасыру арқылы жасалған нормативтік тәуекел деңгейі кейбір елдер үшін маңызды болуы мүмкін, бірақ бақылау қаттылығы мен нормативтік талаптарды сақтау деңгейі әр елде әртүрлі болады. Еуропаның көп бөлігінде AML бақылаулары көбірек орнатылған. Алайда Африканың кейбір бөліктерінде, әсіресе Солтүстік Африкада, тәуекелдер әлдеқайда жоғары, өйткені бақылау және қатаңдың деңгейі аз болуы мүмкін. Бұл AML мәселелеріне байланысты ақшаны кешігу мүмкіндігі жоғарырақ дегенді білдіреді. Кез келген жаңа әдіс банктерге ең алдымен ақшаның ізін жасыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Саланы жан-жақты қарастыратын болсақ, біз финтехтер мен қаржы институттары арасындағы серіктестіктердің көбейіп келе жатқанын байқаймыз. Бұл өте маңызды, өйткені банктер мен финтехтер ресурстарды біріктіру, идеялармен бөлісу және жаңа технологияны әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеу арқылы B2B халықаралық төлемдерге қатысты қиындықтарды еңсере алады. Біз жаңа цифрлық технология инновацияларының қолданысқа еніп жатқанын көріп отырмыз.
Мысалы, қазіргі таңда жіберуші банк пен алушы банк арасындағы транзакцияны жеңілдету арқылы халықаралық корпоративтік транзакцияларға кететін тәуекел мен уақытты азайтатын платформаларды әзірлеуге болады. Банк резвизиттері және шот нөмірлері сияқты ұйымның құпия бизнес ақпаратын төкендейтін цифрлық идентификация арқылы қауіпсіздік деңгейі артып келе жатыр. Бұл оларға желідегі транзакцияларды жеңілдету үшін қолдануға болатын бірегей идентификатор береді.
Өте жылдам қарқынмен жаһанданып келе жатқан қазіргі бизнес ландшафтта кез келген компания әлемдік төлемдерді жылдам, тиімді және қауіпсіз жасай алуы керек.
Бүгінде технология B2B төлемдері аренасын айтарлықтай бұзып жатыр және бұл барған сайын өзекті болып келеді. Жақында ғана төлемдерді халықаралық деңгейде қалай жіберу керектігі жөнінде тек ірі халықаралық ұйымдар ғана бас қатырған еді, сондықтан төлем шешімдері де осындай ірі корпорацияларға ғана бейімделген болатын. Өте жылдам қарқынмен жаһанданып келе жатқан қазіргі бизнес ландшафтта кез келген компания әлемдік төлемдерді жылдам, тиімді және қауіпсіз жасай алуы керек.
Уақыт өте келе бизнес талаптары өзгеріп отыратындықтан, төлемнің барлық аспектілерінде (кіру рұқсатынан бастап, белсендіру және реттеуге дейін) цифрлық шешімдердің тиісті эволюциясын көрейін деп отырмыз. Төлемдердің әлемдік болмысы әрі қарай дамып, таңдау мүмкіндігі, ақпарат ашықтығы және жылдамдық мәселелері шешіледі деген үміттеміз. Осылардың барлығын ескере отырып, банктер мен қаржы институттары осы жаңа және дамып келе жатқан төлем шешімдеріне көшеді деп үміттенеміз, өйткені олар бизнес клиенттерге ұсынатын қызметтерді жақсартуға тырысады.
Технологиялық мүмкіндіктер тез дамып келеді. Бүгінгі таңда қарапайым және сенімді жүзеге асырылатын барлық B2B халықаралық транзакцияларының болашақ көрінісі жай арман емес, сайып келгенде шындыққа айналатынын көрсететін дәлелдер көбейіп келеді.