Онлайн-болмысыңыз қандай болуы керек?
Бизнестің Интернетте болғаны қажеттілік екеніне қарамастан, әр бизнестің өз қажеттіліктері бар, сондықтан онлайн болмыс әртүрлі болуы мүмкін. Сайтыңыз бизнесіңіз туралы ақпаратты көрсеткенін қалайтын шығарсыз немесе сізге өз қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін қарапайымдау бірдеңе керек шығар. Сіздің интернет-дүкеніңізді жасауға немесе оны жаңартуға көмектесетін кеңестеріміз бен серіктестеріміз бар.
Сауалнамаға қатысқан тұтынушылардың
тек Интернеттен зат сатып алғанды дұрыс көреді. 1
Тұтынушылардың
сандық сипаттағы артықшылығы бар (сайт және бейілділік бағдарламалары) бизнестен зат сатып алуды қалайды. 1
1 Жоғарыда көрсетілген деректер Visa-ның сандық трансформация саласындағы зерттеулерінен келтірілген, Maru / Manchbox зерттеулері, 2018 жыл.
Бизнесіңізді Интернетте жақсы жағынан көрсету
Егер бизнесіңізді онлайнға шығаруға дайын болсаңыз, осылай жасауға көмектесетін бірнеше кеңес.
Жеңілдетіңіз: Клиенттер пайдалануға ыңғайлы сайттарда көбірек уақыт өткізеді. Клиенттердің көбі сайтқа кірген соң бірнеше минуттан кейін барып, қараған нәрселерін сатып алатынын не алмайтынын шешеді.
Сандық сөре жасаңыз: Веб-сайтыңызда тауарлар сатып алу мүмкіндігін бере отырып, дәл сіздің өніміңізді сатып алғысы келетін сатып алушыларға делдалдардан құтылу мүмкіндігін бересіз. Жақсы техникалық мердігер бизнесіңізге арналған сандық дүкенді ретке келтіруге көмектеседі.
Сайтта іздеу функциясын теңшеңіз: Клиенттер онлайн-дүкеніңізге кіргенде, нақты бір затты табамын деп үміттенеді. Мысалы, «әйелдердің көк түсті аяқ киімі». Анағұрлым релевантты тауарларды көрсету олардың тапсырыс жасау ықтималдығын айтарлықтай арттырады.
Сайт мазмұны негізгі болып табылады: адамдар сайтыңызға кіргенде нені көретінін және не істейтінін жоспарлап қойыңыз. Адамдардың көбі бірден зат сатып алғысы келмейді, сондықтан оларды тауарларыңызды немесе қызметтеріңізді сатып алуға мәжбүрлемей, сайтыңызға тағы бір рет кіріп көру керектігіне көндіріңіз.
Нұсқаулық жасаңыз: Оқу құралдары мен жобалардың үлгілері клиенттерге өнімдеріңізді немесе қызметтеріңізді пайдалануды жоспарлауға көмектеседі. Сол сәтте заттарыңыз бірден сатылып кетпесе де, клиенттерді тартып, онлайн қалуға ынталандыратын болса, олар сайтыңызға жиі кіріп тұратын болады.
Аздан бастап, жайлап дамыңыз: Негізгі ақпаратты көрсетіңіз: тауарлар, қызметтер, жұмыс уақыттары, ұсыныстар, пікірлер және байланыс ақпараты. Жазылу, брондау және мүше болу сияқты функциялар бизнесіңіздің фокусы болмаса, онда кейінірек пайда болуы мүмкін.
Сайтыңыздан тыс жерде: Әлеуметтік желілерді пайдаланыңыз, себебі әлеуетті клиенттерге сізбен өзара әрекеттесуге болатын тағы бір байланыс арнасын беру арқылы компанияңызбен байланыс орнату санын арттыруға болады. Онлайн болмыс бойынша кеңестерді қарап шығыңыз.