Бюджет табыстарыңыз бен шығындарыңызды қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бизнес иелері шоттар бойынша төлемдерді жоспарлап, сол үшін қаражаттың жеткілікті екеніне сенімді бола алады.
Бюджеттеу негіздері
Бюджеттеу
Сатылымдарыңызды / табыстарыңызды, шығындарыңыз бен түскен пайданы ай сайын қадағалап отырыңыз.
Табысыңыз: бизнесіңізге қанша ақша түседі?
Шығындарыңыз: шығындарыңызды тұрақты және ауыспалы деп бөліңіз. Тұрақты шығындар – өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты емес, уақытқа тәуелді шығындар. Мысалы, орынжайды жалға алу, сақтандыру және тағы сол сияқтылар. Өзгермелі шығындар – жалпы шамасы өндіріс көлемі мен оның сатылымына, сондай-ақ бірнеше өнім түрін өндіру мен өткізу кезіндегі олардың құрылымына тікелей байланысты болатын шығындар. Бұл шикізатқа, материалдарға, отын мен энергияға, көлік қызметтеріне және көп бөлігі еңбек ресурстарына және тағы басқаларға жұмсалатын шығындар.
Пайдаңыз: табысыңыз бен шығындарыңыз арасындағы айырмашылық.
Мониторинг: кейде бюджеттеудің ең қиыны күн сайынғы, апта сайынғы және / немесе ай сайынғы мақсаттарға сәйкес табыстар мен шығындарды қадағалап отыру болып табылады.
Бюджеттің электрондық кестесінің үлгісін practicalbusinessskills.com сайтынан жүктеп алыңыз.
Бизнесіңіздің ақша ағынын басқару бойынша кеңестер
Ақша қорын жасаңыз
Ақшаға жылдам қол жеткізу мүмкіндігі кез келген бизнес үшін негізгі болып табылады. Жинақ ақшаңыз сізді күтпеген жерден шыққан шығындарға дайынд етіп немесе өз кәсіпорыныңыздың дамуына инвестициялау мүмкіндігін беруі мүмкін.
Кредиттік желіні ашыңыз
Банкте немесе басқа қаржы мекемесінде бизнес үшін кредит желісін ашуыңыз сізге жақсы көмектесуі мүмкін. Сөйтіп, іс-әрекетіңізден түскен пайда мен оны қамтамасыз етуге қажетті шығындар арасындағы айырмашылықты азайта аласыз.
Өнім берушілермен пост-төлем туралы келісіп алыңыз
Егер басқа кәсіпорындармен сауда қызметін жүргізетін болсаңыз, жеткізіп берушілердің тауарларын немесе қызметтерін кеңейтілген мерзімде төлеу жайында келісіп алуға мүмкіндігіңіз бар. Осындай уақытша коридор сізге қаржылық тірек береді.
Мерзімінен бұрын жасалатын төлемдерге шегерім беріңіз
Клиенттеріңізге шоттарды аса тиімді шарттармен мерзімінен бұрын төлеуді ұсына аласыз, мысалы, ерте төлесе, шегерім жасауыңызға болады. Жалпы табысыңыз сәл аз болса да, сіз ақшаңызды тезірек алатын боласыз.
Төтенше жағдайларға арналған жоспар
Дұрыс жоспарлау күтпеген жағдайда бір орында тұруыңызға көмектесуі мүмкін. Дайындық жұмыс бағытын реттеп, қызметкерлеріңіздің жұмыс алгоритмін алдын ала дайындайтын форс-мажор жағдайына әрекет ету жоспарын жасаудан тұруы мүмкін.
Бухгалтерлік есепке арналған бағдарламалық жасақтама
Штатта бухгалтер болмауы мүмкін, сондықтан барлығын өз бетіңізбен түсіне білуіңіз қажет. Бухгалтерлік есепке арналған автоматтандырылған бағдарламалық жасақтама шоттар шығару, төлемдерді қадағалау, төлем туралы автоматтандырылған ескертулер мен тағы басқасын теңшеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.