Visa Business арқылы жаңа нрықтарды Semrush ұсынатын сенімді талдамалармен бағындырыңыз

Semrush, қолданба деректерді талдап жатқанда, маркетологтардың шығармашылыққа және эксперименттерге әрдайым уақыты болатынына кепіл береді

Semrush – маркетологтарға Интернеттегі көріну мүмкіндігін жақсарту үшін барлық арнада науқандар жасауға, басқаруға және тиімділігін өлшеуге мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық жасақтама. Semrush – бұл команданың баламасы жоқ цифрлы мүшесі – сенімді аналитик, цифрлар әлеміндегі нұсқаушы, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығу жолындағы сақтандыру торы мен компас, осы арқылы сіз бизнесіңіздің ауқымын сәтті кеңейте аласыз.

Неге Semrush платформасы таңдауға лайық

Semrush – веб-сайтыңызды немесе бәсекелестеріңіздің веб-сайтын мұқият талдауға арналған SEO-құралдар жиынтығы. Сіз кілт сөздерді зерттеп, кез келген доменнің кері сілтемелерін талдап, контент стратегиясын әзірлеп, басқа да көптеген тапсырманы орындай аласыз.

Semrush-тың артықшылықтары

  • 50-ден астам маркетинг және SEO-құралдар;
  • кез келген сайттың жан-жақты талдамасы;
  • бәсекелестердің кілт сөздері мен кері сілтемелері туралы деректерге қолжетімділік;
  • кілт сөздерді зерттеудің толыққанды құралы;
  • контент-маркетинг және әлеуметтік желілерге арналғн бірнеше құрал.

Visa бизнес-карталарының иелеріне Semrush-тан арнаулы ұсыныс

Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business, Visa Infinite Business, Visa Corporate, Visa Purchasing картасымен төлегенде, Semrush ұсынатын Pro жоспарының 14 күндік сынақ нұсқасын алыңыз.

Ұсынысты қалай пайдалануға болады?

  • Poshvine сайтына өтіңіз, «Claim Offer» түймесін басып, тексеру үшін, Visa бизнес-картаңыздың алғашқы 9 санын жазыңыз.
  • Серіктестің сайтына өту үшін, «Redeem» түймесін басыңыз да, ұсынысты пайдалану үшін тіркеліңіз.

Ұсынысты барлық Visa бизнес-картасының иесі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін пайдалана алады.

Шарттары мен ережелері:

Ұсыныс басқа акциялармен біріктірілмейді. Барлық салық пен комиссияны қатысушылар дербес төлейді. Ұйымдастырушы алдын ала хабарламай, ұсынысты өзгертуге немесе жоюға құқылы. Ұсыныс деректерін серіктес ұсынған. Visa олардың дәлдігіне кепіл бермейді. Шарттарын серіктестен тікелей анықтауыңызды өтінеміз. Серіктес осы ұсыныс шеңберінде қызметтердің жалғыз жабдықтаушысы, ал Visa оның тарапынан емес. Барлық талап пен дау серіктеспен тікелей шешіледі. Visa осы ұсынысты пайдалану салдарынан туындаған кез келген шығын немесе басқа да төлем үшін жауапты емес.

Ұсыныс бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сізге VisaConcierge чат-ботымыз көмектеседі!

VisaConcierge чат-ботына өтіп, басты мәзірде VisaConcierge түймедағын таңдаңыз да, толық ақпаратқа қол жеткізіңіз.