-
Visa Business
Visa бизнес-картасы кәсіпкерлердің қаржылық мәселелерді оңай әрі тез шешуіне көмектеседі. Онымен корпоративті және жеке шығындарды ажыратуға, компания шығындарын басқаруға, іссапарда арнаулы артықшылықтарды пайдалануға болады және басқа да мүмкіндіктер бар.
Бизнес-карталардың артықшылықтары
Карта иелеріне арналған ерекше артықшылықтар
Бизнес-карталардың иелеріне арналған ұсыныс
Біздің серіктестер бизнесіңізді ыңғайлы ете түседі. Бизнесіңіздің қай сатыда екенін қарамайды – сіз сараптамалық көмек аласыз. Бизнеске арналған төмендегі шешімдермен танысып, таңдаған қызметіңізді VisaConcierge чат-ботымен іске қосыңыз.
Чат-бот қалай қосылады?
Visa.Concierge чат-боты Visa Business және Visa Platinum Business коммерциялық карталарының иелеріне өз карталарының барлық артықшылығын бір жерден білуге мүмкіндік береді. Мессенджерлердің бірінде чат-ботты қосып, виртуалды көмекшіге қол жеткізесіздер, ол:
- Күнделікті мәселелерді тез әрі еш қиындықсыз шешу үшін, консьерж-сервиспен байланысуға
- Премиум карталардағы арнаулы ұсыныстар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнесті қолдау платформасы
Шағын және орта бизнес – біздің экономиканың негізі. Егер бизнесіңізді жаңа бастасаңыз немесе бұрыннан жүргізіп келе жатсаңыз, біз осы жерде сізге көмектеспекпіз.
Бизнесіңізді бастаңыз
Тек идея немесе жоспармен нарыққа шығу аз. Бизнес ашу басқа қадамдарға қоса, қаржы аспектілерін жоспарлауды, бизнес бастауға кететін шығынды есептеуді және төлейтін төлемдеріңіздің түрлерін түсінуді көздейді.
Бизнесіңізді басқарыңыз
Егер өз кәсібіңізді бастасаңыз немесе бастауға дайын болсаңыз, қаржыны, сатуды (тікелей сатуды және онлайн сатуды) және Интернеттегі беделіңізді қаншалықты дұрыс басқаратыныңызды түсіну керек.
Бизнесіңізді дамытыңыз
Маркетингтік әрекеттеріңізді қайта қарау, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қолайлы коммуникация стратегиясын іздеу бизнесіңіздің тиісті бағытта дамуына көмектеседі.