VisaNet. Сенім артуға болатын желі.

VisaNet — Visa компаниясының орталығындағы жаһандық желі, ол инновациялық әдістермен жылдам сандық төлемдер жасау үшін технологияларды, инфрақұрылымды және инновацияларды байланыстырады.

VisaNet — бүкіл әлем сенім артқан желі

Visa — әлемдегі ең сенімді брендтердің бірі. VisaNet — сенімді карта желісі ғана емес, ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың сандық төлемнің түрлі формада 24/7 режимінде өңдейді.

  • Қауіпсіздік

    VisaNet жасанды интеллекті және қорғаныстың бірнеше қабатын пайдаланып, төлемдердегі артып келе жатқан алаяқтыққа қатысты қауіптермен күреседі, осылайша алаяқтық деңгейін тарихи төмен деңгейде ұстап келеді.

VisaNet технологиясы + инновация

Visa адамдар, кәсіпорындар және мемлекеттер арасындағы ақша қозғалысын түрлендіру арқылы төлемдерді жеңілдететін және қорғайтын өнімдер мен қызметтерге инвестиция жасайды.

Өсу катализаторы

Біздің ыңғайлы желіміз мемлекеттердің, қаржылық институттардың, финтехтердің және инноваторлардың ерекше қажеттіліктеріне сай келетін төлем шешімдеріне бейімделе алады.

Cloud Connect

Visa Cloud Connect платформаларын модернизациялағысы келетін финтехтер мен клиенттерге бұлтқа негізделген инфрақұрылым арқылы VisaNet желісіне қауіпсіз қосылуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллектпен әлдеқайда ақылды жүйе

VisaNet +AI — үзілістер кезінде төлемдерді өңдеуге көмектесетін, төлем тәжірибелерін жылдамырақ ететін және қазынашылық операцияларды оңтайландыратын қызметтер жиынтығы.

Сандық төлемдер әлемінде көшбасшы

VisaNet сенімді әрі қауіпсіз төлемдер және жаһандық экономиканы қауіпсіз пайдалану арқылы барлық адамның барлық жерде жағдайын жасау мақсатын іске асырады.