Visa Cloud Connect
Visa Cloud Connect бұлтқа нег. инфрақұр. арқылы VisaNet жел. қосылуға көмектеседі. VisaNet желісінің төлемдерді қауіпсіз әрі қуатты өңдеу мүмкіндіктеріне икемді әрі жылдам түрде қол жеткізіңіз.
Бизнесіңізді үлкейтуге және жеделдетуге көмектесеміз
Біздің икемді технологиямыз нарыққа шығуға дайындалып жатқан қаржылық-технологиялық компаниясы немесе платформаңызды модернизациялағысы келетін Visa клиенті болсаңыз да, картаны өңдеу қажеттіліктерін қолдауға көмектесе алады.
Арнайы бұлттық қызметті пайдаланатын клиенттерге арналған
Visa Cloud Connect ғаламдық VisaNet желісіне қатынасуды жеңілдетеді, осылайша компанияңызды масштабтай және дамуын жылдамдата аласыз.

Жаңа процессинг қатысушылары үшін нарыққа шығу үрдісін жылдамдатады
Ерте кезеңдегі қаржылық-технологиялық компаниялар VisaNet жүйесіне оңай әрі жылдам қосылу үшін өздерінің бұлтқа негізделген технологиясын пайдалана алады, бұл көптеген нарықтарға шығуға және жаңарту енгізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы Visa клиенттері үшін модернизациялауды қолдайды
Бұлт қызметіне көшетін Visa клиенттері ептіліктерін жақсартып, жергілікті деректер орталықтарына, телекоммуникациялық инфрақұрылымға және мамандандырылған төлем жабдықтарына деген тәуелділікті жоя алады.

Халықаралық клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Жаһандық эмитенттер, процессорлар, эквайрерлер және қаржылық-технологиялық компаниялар аймақтарда бағдарламаларды тиімді түрде таратып, заманауи мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.
Wise компаниясының мысалы
Visa Cloud Connect көмегімен қырағы қаржылық-технологиялық компанияларға экспоненциалды түрде үлкеюге көмектесеміз.
«Біз әлемнің қаржылық желісіндегі шегараларды жоюға бар күшімізді салып келеміз. Карталар шетелде де дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Visa желісімен қайда болсаңыз да, ақшаңыз тоқтаусыз жұмыс істейді. Олармен осы көзқарасты құру бойынша жұмыс істеу керемет болды.»