-
Visa-мен төлеу өтінімі – қолайсыз кезде, ыңғайлы
Visa-мен төлеу өтінімі – қолайсыз сәттерге арналған ыңғайлы қызмет
Шот ұсыну қолайсыз, төлемдерді тексеру қолайсыз, клиенттерге төлем туралы еске салу қолайсыз. Барлық осы «қолайсыздықтарға» бір ғана ыңғайлы шешім – Visa-мен төлеу өтінімі қызметі бар!
Visa-мен төлеу өтінімі – клиенттеріңізге тауар немесе қызмет үшін төлеу өтінімін оңай, тез әрі ыңғайлы жіберуге мүмкіндік беретін қызмет. Сізге ыңғайлы болуы үшін өтінім жіберудің үш нұсқасы бар:
- Толық соманы төлеу өтінімі.
- Бөліп төлеу өтінімі.
- Еркін соманы төлеу өтінімі.
Енді шот ұсыну және төлем алу әлдеқайда ыңғайлы болады! Ешқандай карта нөмірі немесе IBAN скриншоттары, төлем растамасының скриншоттарын іздеу және оларды банк қосымшасындағы үзінділермен салыстырудың қажеті жоқ – жай ғана бірнеше рет басып төлеу өтінімін жіберіңіз де, ақшаның түсуін күтіңіз.
Төлеу өтінімін жіберу жолы




- Мобильді банкингіңіздің қосымшасын ашыңыз.
- Мәзірден тиісті «Төлеу өтінімі» бөлімін табыңыз.
- Қажет соманы жазыңыз.
- Өтінім жіберілуі тиіс контактіні таңдаңыз немесе телефон нөмірлерін қолдан енгізіңіз.
- Еске салар орнатыңыз және орындалатын мерзімді қойыңыз.
Болды, сіз төлеу өтінімін жібердіңіз. Өтінімді алушыға бірнеше секундта* push-хбарлама келеді. Ең бастысы, Сізге төлем растамаларын күту және скриншоттарды жинау қажет емес. Шоттар қосымшада тексеріледі, сол жерден төлем мәртебесін көруге және қадағалап отыруға болады.
Төлем өтінімін растау жолы


- Алушы төлеу өтінімі бар push-хабарламаны ашуы керек.
- Содан соң өтінімді растайды. Дайын!


Жиі қойылатын сұрақтар және оның жауабы
-
-
Аударым комиссиясын банктер өз қалауына қарай белгілейді. Аударым құны мен шектеуі туралы толық ақпаратты шетелдік картаңызды шығарған эмитент-банктен біліңіз.
-
-
Иә, алушы қате өтінімнен оп-оңай бас тарта алады.
-
-
Төлем сұрауын тек теңгемен жіберуге болады.