-
Visa-мен төлеу өтінімі – қолайсыз кезде, ыңғайлы
Visa-мен төлеу өтінімі – қолайсыз сәттерге арналға ыңғайлы сервисіңіз
Ақша жинау қолайсыз, төлем туралы еске салу қолайсыз, төлемдерді тексеру қолайсыз. Барлық осы «қолайсыздықтарға» бір ғана ыңғайлы шешім– Visa-мен төлеу өтінімі қызметі бар!
Visa-мен төлеу өтінімі – жасалған транзакцияны бірнеше адам арасында оңай, жылдам әрі ыңғайлы бөлуге немесе нақты соманы сұрау арқылы тіпті көптеген дос арасында ақша жинауға мүмкіндік беретін қызмет.
Сондықтан енді сыйлыққа немесе кешкі асқа ақша жинау әлдеқайда ыңғайлы болады! Карта нөмірінің немесе IBAN скриншоттарын алмай, тек өзіңіздің банк қосымшаңыз арқылы төлем өтінімін жіберіңіз. Бірнеше рет басасыз – содан соң ақшаның түсуін күтуге болады.
Сервисті пайдалану жолы




- Мобильді банкингіңіздің қосымшасын ашыңыз.
- Мәзірден тиісті «Төлеу өтінімі» бөлімін табыңыз.
- Қажет соманы жазыңыз
- Өтінім жібергіңіз келетін контактілерді телефон кітапшасынан таңдаңыз немесе телефон нөмірлерін жазыңыз
- Еске саларды орнатыңыз және орындалатын мерзімді қойыңыз.
Болды, сіз төлеу өтінімін жібердіңіз. Өтінімді алушыға бірнеше секундта* push-хбарлама келеді, ал Сіз төлем мәртебесін қосымшада қадағалап отыра аласыз.


Төлем өтінімін растау жолы


- Төлем өтінімі бар push-хабарламаны ашыңыз.
- Өтінімді растаңыз. Дайын!
Жиі қойылатын сұрақтар және оның жауабы
-
-
Аударым комиссиясын банктер өз қалауына қарай белгілейді. Аударым құны мен шектеуі туралы толық ақпаратты шетелдік картаңызды шығарған эмитент-банктен біліңіз.
-
-
Иә, алушы қате өтінімнен оп-оңай бас тарта алады.
-
-
Сіз төлем өтінімін тек теңгеде жібере аласыз.